05
Маусым

Санат жоқ 05.06.2014

Ақжолдықтар рәміздер күніне арналған іс-шараға қатысты

5 маусым 2014 жыл, «Ақ жол» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі.
А.ж. 4 маусымында ОҚО облыс орталығы Шымкент қаласында «Мемлекеттік рәміздер күніне» орай «Менің Қазақстаным» атты патриоттар форумы өтті. «Ақ жол» ҚДП облыстық филиалының қызметкерлері осы іс-шараға қатып қайтты.   «Ордабасы» алаңынан бастау алған салтанатты жиын «Тәуелсіздік» саябағындағы «Мемлекеттік рәміздер» алаңында жалғасын тапты. Аталмыш шараға Астана қаласының мемлекеттік филармониясы Қазақ халық аспаптары оркестрі арнайы келіп, жиналғандарды ұлттық әуендерімен тәнті етті.

          

«Менің Қазақстаным» атты патриоттар форумына қатысушылар