25
Маусым

Санат жоқ 25.06.2014

Жаңа бизнесмендерді іздеп қана қоймай, өз ісімен айналысқандардың әрқайсысын сақтау да керек – «Ақ жол» тұрғын үйге жатпайтын үй жайлардың кәсіпкер-үлескерлерінің бұзылған құқығын қорғауға шықты

25 маусым 2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Жаңа бизнесмендерді іздеп қана қоймай, өз ісімен айналысқандардың әрқайсысын сақтау да керек – бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында «Ақ жол» фракциясы тұрғын үйге жатпайтын үй жайлардың кәсіпкер-үлескерлерінің бұзылған құқығын қорғауға шықты.
«Мемлекет ипотекаға үй алған азаматтарды қорғап, жылжымайтын мүлікті алғандардың ішінен дағдарыстан зардап шеккен, сатып алынған объектілердің тұрғын үйге жатпайтын  үй жайларда шаштараз, кафе, стоматологиялық кабинеттер, дәріханалар сияқты бизнес ашуға ниеттенген кәсіпкерлердің де қатары көп болғанын назарға алмады, - деп көрсетілген сауалда. Бұл азаматтар бизнесті бастауға бел буып және мемлекеттің қолдауына сеніп, сондай-ақ банктен несие алып, кейде өзінің жалғыз баспанасын кепілдікке қойып жылжымайтын мүлік сатып алды».
Алайда, дағдарысқа қарсы бағдарламаның құрылыс саласын қолдау шарттарымен олардың мүдделері еленбеді, тұрғын үйге жатпайтын үй жайлар тартып алынды және «Жаңа құрылыс» ЖШС-і сияқты әкімдіктің жанындағы мекемелерге берілді. Сонымен қатар, сотта алынатын алаңдардың нақты иелерінің бар екені де ескерілмеді.
Жылжымайтын мүліктің қалалық қызметке берілгеніне қарамастан, олардың одан тартып алынған мүлік үшін банкке несие төлеуді жалғастырып жатқаны туралы мысаладар көптеп кездеседі, себебі кепілдікке оның жалғыз баспанасы қойылған.
 Сауалда атап көрсетілгендей, «Кампус», «Жасқанат», «Независимость», «Байқоңыр», «Европейский», «Алтын Ғасыр», «Гранд Астана» тұрғын-үй кешендерінен тұрғын үйге жатпайтын үй жайларды сатып алған 25 үлескер тек «Ақ жол» партиясына жүгініп келді және қабылдауда болды.  Бұл азаматтар көрсетілген  үй жайларда шағын бизнестің келесі кәсіпорындарын ашуды жоспарлаған: 2 дәріхана және стоматологиялық кабинет; 3 перде тігетін салон; 2 кафе; авиа және темір жол билеттерін сату бойынша агенттік; 2 шаштараз және сұлулық салоны; 4 дүкен; шет тілдерін үйрету бойынша мектеп; 4 мектепке дейінгі мекеме; 2 заңгерлік қызметтерді көрсету бюросы; 1 аспазхана және т.б. Бұл объектілерде барлығы 234 жұмыс орнын құру жоспарланған болатын.
Бүгінде, үлескерлердің айтуынша, осы объектілердің көбі үшінші тұлғаларға әр түрлі қызметтер үшін жалға берілген, ал оларды пайдаланудан табыс тапқан қалалық қызмет және «Жаңа құрылыс» ЖШС-і болды (әйтседе, ЖШС-тің міндеті табыс табу емес, азаматтарға аяқталмаған құрылыстың мәселесін шешуге көмектесу болатын).
Бұл үшін «жазалаудың» құқықтық негізі болған Үкіметтің «Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының кейбір мәселелері туралы» «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы қарашадағы N 1962 Қаулысымен енгізілген өзгертулер, оған сәйкес, республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер есебінен аяқталған объектілердің бірінші қабаттарындағы тұрғын үйге жатпайтын үй жайлар коммуналдық меншікке берумен  мектепке дейінгі мини-орталықтарға қайта жабдықталуы тиіс болған.  Сонымен бірге, бола алмай қалған кәсіпкерлер өздерінен тартып алынған жылжымайтын мүлік үшін банктерге төлем төлеуін жалғастыруда.
«Іс жүзінде, олармен жүзеге аспай қалған жобалары сияқты, жазықсыздан жазықсыз осындай іссіз қалған және бола алмай қалған кәсіпкерлердің саны бұдан да көп. Мұнда кем дегенде жүздеген құрдымға кеткен кәсіпкерлік бастамалар және мыңдаған жұмыс орындары туралы әңгіме болып отырғанына», - «Ақжолда» сенімді. Жаңа бизнесмендерді іздеп қана қоймай, олардың кесірінен пайда болмаған форс-мажорлық жағдайлардан өтуіне көмектесіп, өз ісімен айналысқандардың әрқайсысын сақтау да керек.
«Егер де, жеке істерін бастауға тәуекел еткен біздің азаматтар, қолдаудың орнына салған қаржыларынан айырылатын болса, сонымен қатар банктердің алдында қарыз болып қалса – онда біз басқа кәсіпкерлерді қайдан аламыз?», - деп сұрайды «ақжолдықтар». Соттың осы мәселелер бойынша шығарған шешімдерімен дауласпай, олар Мемлекет басшысының азаматтарды мейлінше көп мөлшерде кәсіпкерлікке тарту туралы тапсырмасына Үкіметтің назарын тағы да аударады.
            Мемлекет басшысының кәсіпкерліктің кең көлемді жаңа толқынын құру, мемлекеттік және коммуналдық меншікті жекешелендіру бойынша саяси күш-жігерін, осы мақсатта бөлінген ауқымды қаражатты ескере отырып, «Ақ жол» партиясының депутаттық фракциясы, 2008-2009 жылдардағы әлемдік қаржы дағдарысының нәтижесінде өздерінің бизнес-жобаларынан да айырылып қалған тұрғын үйге жатпайтын үй жайларға үлескерлердің ішіндегі кәсіпкерлерге жәрдем көрсету үшін Премьер-министр К.Мәсімовтың атына сауал жолдайды. Депутаттардың пікірінше оларға (жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде) айрықша тәртіппен басқаруына өздерінің ғимараттарын беру, мүмкін жолдардың бірі болар еді дейді.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және қазақстандық кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша жұмыстарын жалғастыра береді.