20
Сәуір

Санат жоқ 20.04.2019

Алматыда «Ақ жол» партиясының конференциясы өтті

20 сәуір 2019 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

20 сәуір күні Алматыда Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалының конференциясы өтті. Бұл шараға парламент депуттары, партияның Алматы қалалық филиал мүшелері мен жетекшілері, шаһар ардагерлері мен жастары қатысты.

           

Конференция барысында қатысушылар партияның 24-сәуірде өтетін XV съезіне аймақтың атынан қатысатын делегаттар тізімін анықтады.  

«Бүгінгі кездесуіміздің маңыздылығы алда болатын мерзімнен тыс өтеін  президент сайлауымен байланысты болып отырғаны бәрімізге мәлім. Маусымның 9 күні өтетін сайлауға белсенді түрде қатысып, ат салысамыз. Өздеріңіз білесіз, президент сайлауы – демократиялық, құқықтық мемлекеттің және азаматтық қоғамы дамыған елдің негізгі белгісі болып келеді. Осы шараға орай «Ақ жол» демократиялық партиясы барлық деңгейде жүйелі түрде жұмыс істеп келе жатыр және одан әрі өз жұмысын жалғастыра береді. Осы арқылы біз партиямыздың стратегиялық мақсаттарын іске асыруға дайынбыз»,- деді «Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалының жетекшісі Нұрлан Жазылбеков.

             

«Ак жол» партиясының Алматы қалалық филиалының конференциясына қала жастары қатысып, ат салысты. Осы орайда жастар кеңесінің жетекшісі Руслан Алмабеков президенттік сайлауға қатысып, бағын сынайтын үміткер жастар мәселесін назардан тыс қалдырмаса деп, үміт артты.