01
Шілде

Азат Перуашев Швейцария Парламентінде сөз сөйледі - www.qazaquni.kz

www.qazaquni.kz (Казахстан), 24.06.2014
 
Швейцария Парламентінде шетелдік жоғары лауазымды шенеуніктердің шығу тегі күмәнді қаражаттарына кедергі жасау бойынша заң жобасы қаралуда…
Швейцария тарапының шақыруымен, « 19 маусымда Ақ жол» ҚДП төрағасы Азат Перуашев Бернде Швейцария Конфедерациясының Парламенті депутаттарының алдында «Ақ жол» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі туралы таныстырумен сөз сөйледі, сондай-ақ бірқатар кездесулер өткізді.   
Шақыру 2014 жылы мамырда Швейцария Парламентінің депутаттары Астанаға сапармен келгеннен кейін алынған болатын. Сапар барысында олар Қазақстаннан экономиканы оффшорсыздандыру және ақшаны алып кету жөніндегі ҚДП-ның бастамаларымен танысып, ҰКП-ның жанындағы сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша Кеңестің отырысына қатысып, сыбайлас жемқор шенеуніктердің заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен кәсіпкерлермен кездесті.
Сондай-ақ, Швейцария сапарына “Ақ жол” ҚДП төрағасының орынбасары Қазыбек Иса және «Kazakhstan Financial Integrity Center» қорының төрайымы Әсем Аққожа қатысты.  Таныстырылым және содан кейін болған пікірталастар барысында швейцарлық депутаттар, осындай парламенттік азшылықтағы партия, ЕАЭО шеңберінде ҚР ұлттық егемендігін қамтамасыз ету, парламентаризмді және демократияны дамыту, нарықтық реформаларды және жеке кәсіпкерлікті қолдау сияқты және т.б. мәселелер бойынша “Ақ жол” ҚДП ұстанымдарына қатты қызығушылықтарын білдірді.
Жуырда Швейцарияда Храпуновтардың тұтқынға алынған банктік шоттарының көптеген миллиондаған қаражатының шығу тегінің күмәнділігіне, сондай-ақ келешекте осындай құбылыстардың алдын алу бойынша “Ақ жол” партиясы ұсынып отырған шараларға қатысты да бірқатар сұрақтар болды.  Швейцария Парламентінің Вице-спикері, Либералды партияның көшбасшысы Криста Марквальдердің хабарлауынша, қазіргі уақытта Парламенттің Бейінді комитеті шетелдік жоғары лауазымды шенеуніктерге тиесілі шығу тегі күмәнді қаражаттардың Швейцарияда қозғалуына кедергі жасау бойынша заң жобасымен жұмыс жүргізіп жатыр. Марквальдер ханым, қазақстандық демократтарды осы заң жобасымен танысуға және оған өз ұсыныстарын жіберуге шақырды.
“Ақ жол” ҚДП үшін бизнес туралы дәстүрлі сұрақтар да болмай қалған жоқ. Мәселен, жасылдар партиясынан депутат Гери Мюллер EFTA (Еркін сауда Еуропалық Қауымдастық мүшелері – Норвегия, Швейцария, ЕО-қа кірмейтін елдер Исландия и Лихтенштейн болып табылады) және ЕАЭО арасындағы РФ және Белоруссияға қарсы халықаралық санкцияларға байланысты қалыптасқан қарым-қатынастағы ахуал туралы айтты. Оның айтуынша, Норвегияның ЕАЭО-мен ынтымақтастықты қысқартуды талап етулері Швейцарияның экономикалық мүдделеріне нұқсан келтіреді. Осыған байланысты, депутат Қазақстанға РФ және Белоруссияның әріптестері ретінде, Норвегияның алдына ЕАЭО бойынша осындай талаптарды алып тастау туралы өтініш етуді ұсынды.
Азат Перуашев бұл ұсынысқа, швейцарлық бизнестің ЕАЭО-ның құрылуымен, бұл елдермен ортақ нарығы болғандықтан РФ және Белорусия нарығына шығуды Қазақстанға инвестиция салу арқылы қамтамасыз ете алатынын айтады. Швейцария Парламентінің өкілдері 2014 жылы 12 маусымда шетелдік инвесторлар Кеңесінің Пленарлық отырысы барысында Президент Н.Назарбаевпен қол қойылған, инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстанның заңнамасына түзетулердің мазмұны туралы хабардар етілді.
Өз кезегінде, Азат Перуашев қазақстандық ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілердің бастамасы бойынша, жергілікті депутаттарды сүттілігімен және сүтінің сапасымен әлемге әйгілі швейцарлық ірі қара мал тұқымын Қазақстанға экспорттауға шектеуді алуды жеделдетуді сұрады.
Швейцария үкіметінің атынан «Ақ жол» ҚДП делегациясының құрметіне ресми түскі ас берілді.
Өз кезегінде Азат Перуашев өзінің швейцарлық әріптестерін Қазақстанға жауап сапармен келуге шақырды.
20 маусымда, Азат Перуашев Швейцариядағы белгілі басылым, алдыңғы қатарлы «Neuen Zurcher Zeitung» газетінің журналисі Андреас Рюешпен Парламенттегі кездесулердің қорытындысы бойынша сұхбат өткізді.
«Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі