Депутат Меруерт Қазбекова Зеренді ауданының әкімімен кездесті

» Аймақ - жаңалықтары » Ақмола облысы » Депутат Меруерт Қазбекова Зеренді ауданының әкімімен кездесті

06.05.2019, 16:37

6 мамыр, 2019 жыл, ‘Ақ жол’ партиясы Ақмола облыстық филиалы

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекованың Ақмола облысындағы кезекті жұмыс сапары Зеренді ауданында жалғасты.

Аудандағы алғашқы жұмысын аудан әкімі Берікжан Әбутәліповпен кездесуден бастаған халық қалаулысы Зеренді жеріндегі ‘Рухани жаңғыру’ мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы, сонымен қатар өңірдегі туризм әсіресе тарихи және этно туристтік саланың дамуына баса назар аударды. Аудан әкімі өз кезегінде Зеренді өлкесіндегі белгілі тарихи тұлғалар мен мәдени орындар мен ескерткіштерге көңіл аударылып жатқанын тілге тиек етті. Аталған мәселе облыстың белгілі тарихшы, жазушы және археолог ғалымдарымен дөңгелек үстел барысында талқыланатынын да атап өтті. халық қалаулысы өз кезегінде аудандағы туризмнің ақсап тұрған тұстарына жете мән беру қажеттігін еске салып, жаңадан іске кіріскен әкімге сәттілік тіледі.