Үміткер Дания Еспаеваның штабы 16 мамыр күні Атырау қаласындағы «РауанНалко» кәсіпорнында үгіт кездесуін өткізеді

» Президенттік сайлау 2019 » Үміткер Дания Еспаеваның штабы 16 мамыр күні Атырау қаласындағы «РауанНалко» кәсіпорнында үгіт кездесуін өткізеді

15.05.2019, 15:16

Пресс-анонс

Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Дания Еспаеваның штабы 16 мамыр күні Атырау қаласындағы «РауанНалко» кәсіпорнында үгіт кездесуін өткізеді.

«РауанНалко» ЖШС – мұнай-газ өндірісіне арналған химиялық реагенттерді өндіруші, әлемнің 160 елін қамтитын халықаралық «Налко Чемпион» (NalcoChampion) компаниясымен бірлескен отандық кәсіпорын.

Іс-шараға Дания Еспаеваның штаб мүшелері, оның сенім білдірген адамдары, «Ақ жол» партиясының аймақтық белсенділері, БАҚ өкілдері қатысады.

Кәсіпорынның ұжымымен кездесудің мекенжайы: Атырау қ., Северная өндіріс аймағы, 14. Басталу уақыты: 11:30.

Байланыс үшін: 8701 577 6771 Айсұлу