Бизнесті рейдерлік басып алуға кімдер қатысады – ‘inform.kz’

» Баспасөз жарияланымдар » Бизнесті рейдерлік басып алуға кімдер қатысады - 'inform.kz'

15.05.2019, 15:39

15.09.2019
https://www.inform.kz/kz/biznesti-reyderlik-basyp-aluga-kimder-katysady_a3526549

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова бизнесті қорғау бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде түрлі себептермен бизнесін тартып алуға байланысты арам пиғылды шенеуніктердің заңсыз іс-қимылдарына кәсіпкерлер шағымдануда. Өткен жылдары рейдерлік әрекеттерге ірі және табысы жоғары кәсіпорындар тап болса, қазіргі кезде шағын және орта бизнес кәсіпорындарына да қызығушылық пайда болуда», – деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында. 
       Оның сөзіне қарағанда, «қара рейдерлік» жағдайлар көбейіп келеді, яғни заңнаманы бұза отырып, кәсіпорын жұмысына арам пиғылды шенеуніктердің араласуы орын алуда. Осы орайда бизнесті тартып алудың түрлі тәсілдері қолданылады. 

Депутат 2009 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев рейдерлікке қарсы заңды әзірлеуді тапсырғанын атап өтті. 

       «Бұл тұрғыда «Ақ жол» партиясының фракциясы Елбасының аталған тапсырамасын ескеріп, бизнесті рейдерлік басып алуға қарсы іс-қимыл  бойынша заңды даярлауға тиісті қадам жасау қажет деп санайды», – деді М. Қазбекова.