30
Мамыр

Азат Перуашев: Қазақ халқының көпшілігі Еуропа жолын, Еуропа сапасын қалайды - 'qazaquni.kz'

30.05.2019

 https://qazaquni.kz/2019/05/30/100411.html

 

Қазақ халқының көпшілігі Еуропа жолын, Еуропа сапасын қалайды – бұл туралы президентiкке үмiткерлердiң пiкiр-сайысында Азат Перуашев мәлiмдеді.

Сөздiң дәлелдемесі ретінде ол Әлихан Бөкейханның сөзін мысалға келтiрдi: «Біз – батысшылмыз. Халықты мәдениетке баулуда, біздің назарымыз Батысқа ауған».

Бірақ, мемлекеттен батыстағы сапасын талап етсек, өзіміз де тәрбие, менталитет, саяси мадениет жағынан – Еуропа ұстанымдарына, біліміне бет бұруымыз қажет, – дедi «Ақ жолдың» көшбасшысы.

«Біздің жұрт Бостандық, Теңдік, Құрдастық саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады» деп Азат Тұрлыбекұлы Әлихан Бөкейханның сөзiн еске салды.