«Ақ жол»: Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісім шарт одан әрі белсенді түрде жетілдірілуге бейімделмеген

» Санат жоқ » «Ақ жол»: Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісім шарт одан әрі белсенді түрде жетілдірілуге бейімделмеген

21.11.2013, 00:00

21қараша  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақжолдың» депутаттары Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шарт одан әрі белсенді түрде жетілдірілуге бейімделмеген – деп есептейді. 2014 жылы Парламентте бекіту  жоспарланып отырған ЕЭК-нің кодификацияланған шарты тым үлкен болып кеткен: 850 парақтан тұрады, оған 114 бап және 35 қосымша кіреді. Онда 234 (!) халықаралық шарттардың және өзге де құжаттардың ережелерімен санасу жорамалданып отыр, яғни шартпен мәселелердің теңдессіз кең көлемін қамту көзделіп отыр.
Мұндай тәжірибе үш елдің әрқайсысының да ұлттық заңнамасында, басқа интеграциялық бірлестіктердің құрылтайшы шарттарында да, мысалы Еуропалық Одақта жоқ.
«Қазірдің өзінде кәсіпкерлерге осындай аса үлкен заң жобасымен жұмыс істеу қолайсыздық тудырып отыр, оны қабылдағаннан кейін бұдан да қолайсыз болатын анық. Тіпті болмашы өзгерістерді Одақтың барлық елдерінің парламентімен бекітуге тура келеді. Одақтың құқықтық базасы серпінділігін мүлдем жоғалтатын болады, оны іс жүзінде өзгертуге, жетілдіруге және т.б. мүмкін болмайды», – деп атап көрсетті Т.Ерғалиев Экономикалық интеграция істері жөніндегі министр Жанар Айтжанованың қатысуымен өткен парламенттік сағат барысында.
Сондай-ақ, оның сөзінде КО-қа кіру кезінде қол жеткен уағдаластықтардың бәрі бірден Шарт жобасында сақталмағандығы атап көрсетілді. Мысалы, Шарттың жобасымен «еркін қойма» режімін сақтау қарастырылмаған, ал бұл КО-тың қолданыстағы Келісімімен осы режімнің әрекеті 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін ескерілгеніне қарамастан орын алып отыр. Кедендік және салық жеңілдіктерін қарастырып отырған бұл режімді 2017 жылдан емес, ал 2015 жылдан бастап жою, өңдеудің және оқшаулаудың қажетті деңгейіне әлі шықпаған бірқатар болашағы бар жобалардың жабылуына әкеліп соғады.
Сонымен қатар, Шарттың жобасымен Өнеркәсіптік субсидияларды берудің бірыңғай қағидалары туралы Келісімнің күші жойылмақ, бұл көптеген өнеркәсіп кәсіпорындарын аса қомақты қаржылық жоғалтуларға әкеледі, себебі осы Келісім «еркін қойма» аймағымен және арнайы экономикалық аймақтар аумағынан қазақстандық тауарларды шығару кезінде 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін кедендік баждан және салықтан босатуды қарастырған болатын. (ДСҰ-мен бұл мәселе бойынша режімді 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін сақтау туралы уағдаластыққа қол жеткізген болатын).
            «Шын мәнінде, интеграцияның  базалық экономикалық шарттары қайта қаралуы мүмкін», – деді депутат. – Бұл Атамекен және Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы сарапшыларының Шарт жобасын талдаудан бірнеше күн бұрын ғана  байқаған айсбергтің текбас жағы.
            ҚДП депутаттарының пікірінше, басқа тәсіл ұтымды болып табылады – базалық дүниелерді (Одақтың институттары, құрылымы, қызметі) ратификациялай отырып халықаралық шартпен бекіту керек. Қалғандарын, әсіресе – салалық мәселелер  үлкен серпінді және ерекшелікке ие, сондықтан күші жағынан төменірек заңды құжаттар (мысалы, Еуроодақта – бұл Еуроодақ дерективалары) дұрыс келеді. Және, бұл құжаттарды салалар бойынша жеке әзірлеу қажет, өйткені мамандарды олардың нақты салалық мәселелеріне жұмылдыруға мүмкіндік және келіссөздер үшін жеткілікті уақыттың болуы қажет.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және қазақстандық бизнестің мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастыра береді.