«Ақ жол» партиясы Үкіметті Протондардың ұшырылуын тоқтатуға және ТЖМ-нің апатты жоюдағы рөлін анықтауға шақырды

» Санат жоқ » «Ақ жол» партиясы Үкіметті Протондардың ұшырылуын тоқтатуға және ТЖМ-нің апатты жоюдағы рөлін анықтауға шақырды

12.09.2013, 00:00

  12 қыркүйек 2013 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
 «Ақ жол» партиясы Үкіметті Протондардың ұшырылуын тоқтатуға және ТЖМ-нің апатты жоюдағы рөлін анықтауға шақырды – Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің атына фракция депутаттарының қолы қойылған хат жолданды.
Үстіміздегі жылдың 2 шілдесінде, «Байқоныр» ғарыш айлағында «Протон-М» зымыраны апатқа ұшырағаны мәлім. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері бойынша құлаған кезде едәуір аумаққа 500 тоннаға дейін улы отын (гептил) төгілген, бұл қоршаған ортаға және жергілікті тұрғындардың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.
«Бұл оқиғаны төтенше жағдай деп есептеуге толық негізіміз бар. Алайда, төтенше жағдайлардың зардабы мен оны жоюды зерттеудің бүкіл жұмыстарымен үкіметтік комиссия және жергілікті әкімшіліктер айналысуда»,- делінген хатта,- «Елімізде, нақты дәл осындай мақсаттарға құрылған және қаржыландырылған Төтенше жағдайлар жөніндегі Министрлігі атты профилді ведомство бар. Бірақ, ҚР ТЖМ-нің бұл жағдай кезіндегі толықтай әрекетсіздігі толып жатқан заңды сұрақтар туындатып отыр.
 «Ақ жол» депутаттары ‘Протон-М’ зымыраны құлауына байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің әрекетсіздігі тікелей осы «Азаматтық қорғау туралы» даулы заң жобасынан туындап және «заңдастырылып» отырғанына сенімді. Онымен жұмыс істеу барысында көлемі 107 беттен тұратын мәтінге бірінші оқылым кезінде-ақ депутаттардан 1500-ден астам түзету ұсынылған; екінші оқылым алдында «Ақ жол» ҚДП фракциясы тағы да 100 түзету дайындады. «Яғни, заң жобасы мәтінінің бір бетіне орта есеппен 15 түзету енгізілген! Осындай дайындығы үшін мектепте оқушыларға «екі» бағасын қояр еді. Ал бізде, әбігерге салған жобаны «сүйреп алып шығуды» жалғастыруда»,- деп атап көрсетілген хатта.
Жобаны талқылау барысында «Ақ жол» депутаттары бұл құжатпен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жауапкершілікті салалық министрліктен жергілікті органдарға ысырып тастау қарастырылып отырғанын бірнеше рет атап айтқан болатын. ««Байқоныр» ғарыш айлағында аппараттың құлауы төңірегіндегі орын алған жағдай ТЖМ-нің жауапсыздығын және біздің қарсылығымыздың негізділігін растады. Аталған министрліктің төтенше жағдайларды және оның зардаптарын жою үшін құрылғанына қарамастан, және нақ осы мақсаттарға бұл ведомствоның бюджетіне миллиардтаған сома қарастырылса да, бұл министрлік ірі ТЖ туындаған кезде өзінің тікелей міндеттерін орындаудан сырт қалады»,- деп жазған депутаттар.
Олар сондай-ақ, шілденің 31-інде апат болған жерге барған вице-премьер Б.Сағынтаев бастаған үкіметтік комиссия құрамында ТЖМ министрінің болмағанына назар аударды. Егер осындай жағдайлардан өзінің отандастарын құтқармаса, сонда министрдің міндеті не? Және үкіметке мұндай орган неге керек? Жәй ғана бюджеттен қаражат алу және кәсіпорындардан өртке қарсы қызметі үшін коммерциялық ақы жинап отыру үшін ғана ма?» – деген сұрақ қояды «ақжолдықтар».
            Қазіргі таңда Үкіметпен және әкімдіктермен жергілікті тұрғындардың жағдайы, аумақтардың экологиялық проблемалары зерттелуде. Сонымен бірге БАҚ-ның хабарлауынша Байқоңырдан «Протон-М» зымыранының кезекті ұшуы 17 қыркүйегіне жоспарланған еді (қазір оның кейінге шегерілгені белгілі).

«Ақ жол» ҚДП депутаттарының пікірінше бұл мәселені апаттың себептері аяғына дейін зерттеліп, келтірілген зардаптардың шығындары шығарылып, азаматтарымызға тиісті көмек көрсетілгеннен және болашақта апаттың алдын алу шаралары жасалғаннан кейін ғана қарастыруға болады.

«Ақ жол» фракциясы Төтенше жағдайлар министрлігінің белгілі болып отырған дәрменсіздігі мен бастамашылдықсыздығына қатысты тиісті қызметтік тергеу жүргізілуі тиіс деп есептейді. «Ақжолдықтар» «Азаматтық қорғау туралы» заң жобасы осыған ұқсас жағдайдан ТЖМ-ін жауапкершіліктен шығарып, оны басқа мемлекеттік органдарға аударып тастайды деген өздерінің қауіпі расталып отыр деп санайды.

«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы «Азаматтық қорғау туралы» заң жобасының практикада көз жеткізілген кемшіліктерін ескере отырып, оның басты қағидаларын тұжырымдамалық тұрғыда өңдеп және қайта қарау үшін Үкіметті заң жобасын қайтарып алуға шақырды.