ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаев аймақтарға сапары аясында Қызылорда облысы Арал ауданында жергілікті тұрғындарымен кездесті

» Санат жоқ » ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаев аймақтарға сапары аясында Қызылорда облысы Арал ауданында жергілікті тұрғындарымен кездесті

20.07.2013, 00:00

 
А.ж 16 шілдесінде Арал ауданы, Қамыстыбас ауылындағы кездесуде екі мыңнан аса халық  мекендейтін ауылдың хал жағдайы мен жасалып жатқан жұмыстардың жүйесін баяндап берген ауыл әкімінің есебінен кейін сөз алған Алмас Тұртаев, тұрғындарға Парламент мәжілісінің 5-ші шақырылымының екінші сессиясының қорытындыларын, қабылданған заң жобаларының халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге қаншалықты маңызды екеніне кеңінен тоқталып толық ақпарат берді. Сонымен қатар «Мемлекеттік өзін-өзі басқару» туралы заңына енгізіліп жатырған өзгерістердің мақсатын айқындап, алдағы болатын ауыл әкімдерін сайлауда халықтың барынша белсенді болуы керек екендігіне аса мән берді.
Ауыл тұрғындары басқа да көптеген мәселелермен қатар емдік қасиеті бар, туристік аймақтардың қатарына қосылуға дәмелі Қамбаш көлінің тазалығына алаңдаушылық білдірді.
Осы  және өзге де түйінді мәселелердің жай-күйін тыңдаған депутат: аталған мәселелердің өз шешімін табатынына күш жұмсайтынына сендірді. «Халыққа қызмет ету, сіздердің мұқтаждарыңызды билікке жеткізіп нәтижесіне қол жеткізу біздің парызымыз. Айтылған ұсыныс пікірлер назардан тыс қалмайды», – деп халықты белсенділікке, бірлікке шақырды. Кездесу соңында ауыл ақсақалы батасын беріп ризашылығын білдірді.
Алмас Тұртаев «Мың естігеннен бір көрген артық» деген мақалды негізге алып, халықтың алаңдаушылығын тудырып отырған көлдің жай-күйін өз көзімен көріп танысты.
Сондай-ақ, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты  Алмас Тұртаев аудан орталығында болып, аудан жұртшылығымен қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың ішінде Аманжол Жолмағанбетов ақсақал аудан жанынан үлкен газ құбыры өтіп жатыр, зейнетақымыз 26 мың теңге, ал тамыздықтың бағасы 25 мың теңге. Осы газ құбырын ауданға тартып, халықтың әлеуметтік жағдайы ескеріліп, әр үйге жеткізудің бір жүйелі тиімді механизмі жасалса деген ұсынысын айтты.
Әрі қарай Антызбаев Шөмен бұрын 50 % коэфицент берілетін еді, қазір тоқтап тұрғанын айтты. Қабылдауда Арал теңізін қалпына келтіруге бағытталған Саратов жобасының екінші кезеңінің мәселелері де көтерілді. Қоғамдық қабылдаудың соңында 3 жылдан бері жалақысын ала алмай, қанша мекеменің табанын тоздырған Аманова Луиза өз шағымымен келіп, мәселе шешімін тапты. Депутат аталған басқа ұсыныстар мен көтерілген мәселелер тиісті жерлерге жеткізілетініне және оларды да қолдан келгенше шешуге тырысатынын айтты.
ҚР Парламент мәжілісінің депутаты  Алмас Тұртаев 18 шілде күні Қызылорда қаласында «Бастау» бизнес орталығында «Торғай-Петролеум» АҚ – ның ұйымдастыруымен еліміздегі бірнеше мұнай-газ өндіретін компаниялардың қатысумен өткен ашық есік күніне қатысты. Аталмыш шараға мұнай-газ компанияларынан басқа жергілікті және аймақтық кәсіпкерлер, Кәсіпкерлік  және өнеркәсіп басқармасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының, БАҚ өкілдері қатысты. Шараның мақсаты мұнай-газ компанияларындағы сатып алулардағы жергілікті үлесті қамтуды дамыту.