28
Маусым

Санат жоқ 28.06.2013

«Ақ жол» ҚДП: Қазақ» газетінің 100 жылдығы құрметіне қазақстандық журналистердің сегізі сыйлықақымен марапатталды

28 маусым  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Бүгін 28 маусымда қазақстандық журналистердің сегізі: Мыңжан Байжанин (Қазақ үні), Сәуле Мешітбайқызы (Қазақстан-ZAMAN), Дәурен Қуат (Abai.kz), Виктор Бурдин (Время), Айнұр Күзербаева (Евразия каналы), Қанат Тоқабаев (Алаш Айнасы), Нәзипа Мамықова (Саясат ақпарат, Шымкент), Роман Копняев (ТДК-42, Орал қаласы) «Ақ жолдың» 100 мың теңгеден журналистік сыйлықақысының иегерлері болды.
Биыл «Қазақ» газетінің Орынбор қаласында шыға бастағанына 100 жыл толғанын еске саламыз. Апталық газет қазақ қоғамының өмірінен әртүрлі тақырыптарды жариялады, әрі қазақ публистикасының тұңғыш жаршысы болды.
Осыған байланысты партия көшбасшысы Азат Перуашев журналистерге жоғары кәсібиліктері және қазіргі қазақстандық қоғамдағы ең көкейтесті тақырыптарды адал жариялағандары үшін шын жүректен алғысын білдірді.
«Сіздер қарапайым еңбектеріңізбен елімізде демократиялық дәстүрді және өркениет негіздерін дамытуда, жариялылықтың қалыптасуына айрықша үлес қосып келесіздар», - деді ол.
Осы күні «Ақ жол» ҚДП атынан еліміздегі бірқатар БАҚ-на және барлық өңірлердегі журналистерге құттықтау және алғыс хаттар жолданды.