Министр Божко өзін «бизнесменмін» деп есептейді – «Ақ жол» фракциясы «Азаматтық қорғау туралы» заңды қатаң сынға алды

» Сөйлеген сөздер » Министр Божко өзін «бизнесменмін» деп есептейді – «Ақ жол» фракциясы «Азаматтық қорғау туралы» заңды қатаң сынға алды

19.06.2013, 00:00

 
А.Перуашевтің  «Азаматтық қорғау туралы» заң
жобасын талқылау барысында Мәжілістің
пленарлық отырысында сөйлеген сөзі
19 маусым 2013 жыл
 
Мен әріптестерімнен  қазір бізге ұсынылып жатқандардың бәрін сын елегінен өткізуді сұрғым келеді. Мысалы, министр мырза ТЖМ дабылдар бойынша күніне 220-240 рет шығады деп мәлімдеді, ал жылына барлығы15 мың.
            Бұл сандар қолдау тапты, тіпті масаттандық та.
          Егер де, жай ғана 15000-ді жылдың 365 күніне бөлсек, онда ешқандай да 240 емес, бар жоғы 40 шығулар болады, бұл бір облысқа үшке де жетпейтін шығуларды құрайды. Әр облыста    10-15 қала және аудандар бар екені белгілі, сонда күніне 3-5 ауданға 1 шығудан келеді, ал бұл болса соншалықты көп емес қой.
            Немесе басқа жағдай – мінбеден министр Божко ТЖМ-нің еншілес компаниясы «Өрт сөндіруші» АҚ-ы бизнес болып табылады дегенді айтып, «Ақ жол» партиясына кәсіпкерлердің партиясы ретінде оны сынамай, керісінше қолдауға шақырды. Тіпті осы АҚ қызметі туралы айта келе: «БІЗ тендерді жеңіп алдық», «БІЗ басқа 700 қатысушының ішінен бұл объектілерді алдық» деп екі рет атап өтті… Владимир Карповичтің қазірдің өзінде-ақ, өзін АҚ-ның тікелей басшылығына теңеп тұрғаны байқалады. Ол сонда кім: министр ме әлде бизнесмен бе?
          «Ақ жол» әрине кәсіпкерлерді, бірақ тек жеке және адал кәсіпкерлерді қолдайды. Ал біз мұнда, шенеуніктердің бизнеске қисынсыз араласатыны және олардың жеке кәсіпкерлерді ығыстырып шығаратыны туралы қарап отырмыз .
          Сондықтан да министрдің сөздеріне аса сыни көзбен қаруға тиіспіз. Солай болғандықтан мен талқыланып жатқан заң жобасына байланысты қуаныш пен  шаттықты бөлісе алмаймын.
        Бүгіннің өзінде, осы заң жобасы бойынша 1500-ден астам түзетулер түсті. Бізбен құжаттың мазмұнынан кейде оларсыз заңның мағынасы болмайтын бөлімдер мен тараулардың жоқтығы сияқты толып жатқан сәтсіздіктер табылып отыр.
            Мәселен, заң жобасы  Мәжіліске түскенде заң дайындаушылар екі негізгі функцияларды жеке екі бөлімге бөлген:
–  төтенше жағдайлардың алдын алу (2-бөлім),
– төтенше жағдайлардың салдарын жою (3-бөлім).
«Ақ жол» фракциясы оны ТЖМ төтенше жағдайлардың өзін жоюмен емес, ал тек оның салдарларын жоюмен айналыспақшы деп бірден сынға алған. Осыдан кейін, заң дайындаушылар тез арада 3-бөлімнің атауына төтенше жағдайларды жою деген сөзді қосып жазған болатын, алайда бөлімнің мазмұны бұдан өзгерген жоқ. Нәтижесінде, төтенше жағдайлардың өзін жоюды және оның салдарларын жоюды бір жерге үйіп-төгіп қоя салған.
        Дегенмен, ТЖ алдын алу, ТЖ жою және ТЖ салдарларын жою – бұл іс қимылдың әртүрлі формаларына, шешім қабылдаудың әртүрлі орталықтарына, әртүрлі материалды-техникалық базаға тән әртүрлі міндеттерді шешеді.
          Енді міне,  төтенше жағдайларды жою және оның салдарларын жоюды жеке екі бөлімге бөлу туралы біздің талаптарымызға, министрлік және жұмыс тобының жетекшісі А.Пепенин, бұның керегі жоқ, себебі бұл мәселе қаралып қойған, тіпті төтенше жағдайлардың салдарларын жоюмен ТЖМ емес, ал жергілікті органдар айналысады деп мәлімдейді.
          Ақылға қонбайтын нәрсе: ТЖМ басында тек қана жағдайдың салдарларымен айналысқысы келеді. Содан кейін, аяқ астынан бұл осы заңның тақырыбы емес деп сендіруге тырысады. Алайда дәл осы бөлімді бәрібір сіздер енгіздіңіздер?
            Бұдан басқа, біз ТЖМ туралы заңды емес, азаматтық қорғау туралы заңды қарап отырмыз, егер оның қандай да бір бөліміне басқа мемлекеттік  орган жауап беретін болса – бұл айқын белгіленуі тиіс. Себебі қарапайым адамдарға қауіп-қатерде мемлекеттің оларды тастап кетпеуі маңызды, ал мұны кім атқарады – әкімдік пе немесе ТЖМ-ме – өздеріңіз шешіп алыңыздар дейді. Заңда дәл осы үшін осындай бөлім (ТЖ салдарларын жоюдың тәртібі туралы) қажет.
 Бірақ ТЖМ өкілдері оны дайындаудан бас тартып, депутаттарға сіздерге керек пе – өздеріңіз жазып алыңыздар дейді. Жақсы, жазамыз.
 Десек те, азаматтық қорғаныс туралы да дәл осындай жаңа бөлім жазу керек. Бүгінгі таңда бұл, «ТЖ алдын алу» 2 бөлімндегі  тарау ғана, алайда азаматтық қорғаныс – әскери іс қимылдар жағдайындағы азаматтық қорғаудың түрі. Ол алдын алуда ғана емес, және ТЖ жою, олардың салдарларын жоюда, жалпы ережелерде де ерекшеліктері бар.
 Оған азаматтық қорғаныс күштері туралы тарау да кіруі тиіс, неге екені белгісіз ол 3-Бөлімге түсіп кеткен. Ал сонда азаматтық қорғанысты қамтамасыз етуде азаматтық қорғаныс күштері қатыспаушы ма еді?
 Заңда міндетті түрде объектілерді тәуекелдер санаттарына кіргізуді анықтайтын арнайы бөлім керек, себебі бұл азаматтардың құқығын шектейді, аумақтардың маңында өмір сүрудің тіршілік әрекетін және оның айрықша режімдерін реттейді. Мұндай нормалар ҚР Конституциясына және Үкіметтің  24.08.2011 жылғы Қаулысына сәйкес тек заң деңгейінде ғана белгіленуі мүмкін. Мұны ешқандай да басқа шешімдермен жасауға болмайды.
Алматыдағы жер сілкіністеріндегі жағымсыз тәжірибелері есепке ала отырып, хабарландыру  жүйесі туралы жаңа тарау қажет. Қазір министр депутат Қазбекованың сұрағына жауап беріп тұрып,  хабарландыру үшін «барлығы жауап береді» деп мәлімдеді. Бізді мұндай жауап қанағаттандырмайды, себебі «барлығы жауап береді» деген сөз, нақты ешкім жауап бермейді дегенді білдіреді. Дегенмен, хабарландыру жүйесіне әртүрлі құрылымдар және әртүрлі деңгейлер тартылған.
 Оның үстіне «Хабардар ету жүйесі» «Жалпы ережелер» атты 1 Бөліміндегі кішкене ғана 5-бапта орналастырылған, бұл халықты дер кезінде хабардар етудің маңыздылығы жете бағаламауды және мәселенің толық пысықталмағанын көрсетеді. Мағынасы мен маңыздылығы бойынша хабардар ету жүйесін «Төтенше жағдайларды алдын алу» атты 2-Бөлімінде жеке тарау етіп бөлу керек. Демек, бұл тарауды әлі де болса жасау қажет.
 Сонымен қатар заң жобасында даулы сәттер  жеткілікті. Барлығы бір-екі мысал: ТЖМ басшылығы «өрт тәуекелдерін бағалаудың тәуелсіз жүйесінің» бизнес үшін маңызды екеніне бізді сендірмекші. Кәсіпорындар сақтандыру ұйымдарының талаптары деп көрсетіп, оларға тексеруші инспекторларды жіберуді өздері-ақ сұрап тұрғандай.
 Алайда, Қаржыгерлер және сақтандыру компаниялар қауымдастығының ресми жауабы менің қолымда, оларға бұл жүйе керегі жоқ, олар сақтандырушының қатысуымен мұндай тәуекелдерді дербес бағалайды. Оның үстіне, олармен міндетті талаптарды енгізу  бизнеске артық қысым көрсету ретінде қарастырылады.
 Қазір Владимир Карпович бізге бизнес құрғанын, өздерінің өртке қарсы қызметін қуанышпен жеткізіп тұр және Павлодарлық мұнай өңдеуші зауытты мысалға келтірді. Әйтседе, ПМӨЗ – квази-мемлекеттік сектордың кәсіпорыны, және бұл қызметті оның басшылығы өзінің күшімен құрып, ұстап тұрған жоқ. Ал жеке кәсіпкерлер осындай талаптарға байланысты ерекше қуанышты сезінбейді, маған сеніңіздер, олар үшін бұл ауыр жүк. Сондықтан да олар туралы министр үндемеді. Бүкіл әлемде, егер кәсіпорындар өзін өрттен қорғауға  шығатын шығындары сияқты мемлекеттің шығынын өзіне алатын болса, онда мұндай  шығыстар салық салуда шегеруге жатады. Себебі, мұндай қорғауды олар салықтармен төлейді. Егер де қорғау жоқ болса – онда мұндай шығыстар салықтарға қосыла алмайды.
 Жобаның бүкіл мәтіні бойынша ТЖМ жауапкершілікті жергілікті органдарға аудара отырып, өзіне ресурстарды және тексерулерді қалдыруға тырысқаны  байқалады. Бұл үшін, тікелей жұмысты ұйымдастыру әкімдер жанындағы ТЖ жөніндегі комиссияға жүктеледі деп тіпті заңға жазып қойған. Және жұрттар жақсы болған екен деп қуанып жүр!
        Ал бұдан ешқандай жақсылық көрініп тұрған жоқ: ТЖ жөніндегі комиссия – бұл бар жоғы консультативтiк-кеңесшi органдар. Олар ешқандай да ресурстарға және басқарушылық өкілеттіктерге ие емес, осы заң жобасына глоссарийді оқыңыздар! Адамдарды құтқару қажет болып отырғанда, олар тек кеңес қана бере алады. Ал ТЖМ бұл үшін жауап та бермейді.
             Осының барлығы – заңдағы айқын көрініп тұрған олқылықтар. Анық келіспеушіліктерден басқа, оның құрылымында оларсыз заң тіпті жұмыс істемейтін 2 бөлім және 3 тарау жоқ, демек оларды басынан бастап жазу керек. Ал бұл –құжаттың 30 %-ға дейінгі бөлігі.
     Байқап қарауларыңызды сұраймын: әңгіме формальдылықтар туралы емес, біздің азаматтарымыздың, балалар мен қарттарды қоса алғанда, өмірі және қауіпсіздігі туралы болып отыр.
     Сондықтан, «Ақ жол» партиясының фракциясы екінші оқылымның барысында біздің ұстанымымызды есепке алуды талап етеді. Егер де бұлай жасалынбаса, біз заң жобасын Үкіметке қайтаруды талап етеміз.
               Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.