«Ақ жол»: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мемлекеттік қолдаудың есебінен несилердің арзандау мүмкіндігін азаматтардан жасырып отыр және мемлекеттік қаражатты жеке мақсаттарға пайдалануда

» Санат жоқ » «Ақ жол»: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мемлекеттік қолдаудың есебінен несилердің арзандау мүмкіндігін азаматтардан жасырып отыр және мемлекеттік қаражатты жеке мақсаттарға пайдалануда

19.06.2013, 00:00

19 маусым  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі азаматтардан мемлекеттік қолдаудың есебінен несилердің арзандау мүмкіндігін жасырып отыр және мемлекеттік қаражатты жеке мақсаттарға пайдалануда – фракция депутаттары оны қаржыландыруға мемлекеттің одан әрі қатысуын мақсатқа сай емес деп есептейді. Бүгінгі Мәжілістің пленарлық отырысының барысында Нұрлан Жазылбеков Премьер-Министр Серік Ахметовтің және Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың атына депутаттық сауалын жариялады.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өзінің тікелей міндеттерінен жалтаруының және олардың алдына қойған әлеуметтік міндеттерге нұқсан келтіре отырып, тұрғын үй несиесінің құнын жасанды түрде көтеруінің себептері туралы мәселені фракцияның қайта қойы отырғанын еске саламыз. Алдыңғы 14 ақпандағы біздің сауалымызға жауап берген Банк басқармасының төрағасы Н.С.Наурызбаева әртүрлі «объективті» себептерге сілтемелер жасаған.
Әңгіме 2012 жылы Банке несилер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін азайтуға  «Қол жетімді тұрғын үй -2020» бағдарламасы шеңберінде  республикалық бюджеттен  қаржы бөлінгені туралы болып отыр.  2013 жылдың 16 мамырындағы мәліметтер бойынша осы қаржының 8 %-ға жуығы  Банкпен игерілген болатын.
«Ақ жол» партиясына келіп түскен ақпарат бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басшылығы арзан тұрғын үй несиесін алу мүмкіндіктері туралы азаматтарды әдейі ақпараттандырмай отыр. Мәселен, 2012 жылғы 4 наурыздағы Басқарма төрағасы Н.С.Наурызбаеваның қолы қойылған, бүкіл банк филиалдарына төмендетілген мөлшерлемелермен несие алу мүмкіндіктері туралы ақпаратты азаматтардан  жасырып қалуды тікелей тапсырған  ресми хаттың көшірмесі фракцияның қолына түсті!
«Банк басшылығымен жасырып қалған қаражат одан да жоғары пайыздар үшін және азаматтардың да, сол сияқты мемлекеттің есебінен де заңсыз пайда табуға  пайдаланады деп бірмағыналы тұжырым жасауға болады, – деп есептейді «Ақ жолда». – Іс жүзінде, Банк мемлекеттің өз азаматтарын қолдау үшін бөлген қаражатын коммерциялық мақсаттарға пайдаланады».
Сауалда көрсетілгендей, көптеген қазақстандықтар «Қол жетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы шеңберінде  несиелер бойынша төмендетілген мөлшерлемелер туралы тіпті білмейді. Мұның орнына, банк басшылығы мыңдаған қазақстандық отабасыларының қол жетімді тұрғын үйге деген үміттерін үзіп, мемлекетпен бөлінген ақшаны басқа қаржы құралдарына ораналастырады және үстеме пайда тауып отыр.
Сауалда Банктің топ-менеджментінің өте қомақты дивидендтер алағаны туралы мәліметтер келтіріледі: 2012 жылдың қорытындысы бойынша төрағаның орынбасарлары әр қайсысы бір жолғы сыйлықақы ретінде 10 миллион теңгеден астам алды. Банктің басшы қызметкерлері өздерінің қызмет бабын пайдаланып, этикалық нормаларды және мемлекетпен көрсетілген сенімге қарамастан, қатардағы азаматтарға арналған жеңілдіктермен бірнеше пәтерден сатып алған. Мысалы, Алматы қаласының әкімдігімен бөлінген бірінші объект,  айтулы Әль-Фараби даңғылындағы «Әйгерім» Тұрғын үй кешенін банк қызметкерлерінің өздері «талап әкеткен» болатын, сонымен бірге тізімді Банктің бірінші басшылары және олардың туыстары (Н.С.Наурызбаеваның өзі, оның екі орынбасары, банктің ішкі аудит директоры, Бөлегеновтердің үш, Артықбаевтардың екі отбасы және одан әрі жалғаса береді)  бастап тұр. Сондай-ақ, Алматы қаласының Тұрғын үй департаменті жүргізіп ортырған азаматтардың ресми кезегі мүлдем еленбеген.
Депутаттар мемлекеттің есебінен Банктің  ақталмаған шығындарына да аса назар аударды. Мәселен, автоматтандырылған CRM-жүйелерін сатып алу үшін 91 млн. теңгеден де көп жұмсалған. Солай болғанның өзінде, жүйелер үнемі тоқтап қала береді, бұны 1 846 жеке тұлғалар бойынша 2 782 карточканың жасалғаны туралы деректер растап тұр. Салымшы мемлекеттiң сыйлықақысын тек бір есеп шот бойынша ғана ала алады. Мемлекет несие алушыларға көмек ретінде қаржы бөледі, оны басқалар тіпті білмейді де, ал мұнда бір клиент 7 ретке дейін сыйлықақы алып отырған.
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының депутаттары тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қазіргі түрінде оның мақсатына сәйкес келмейді және Парламент депутаттарын және қоғамдық өкілдерді тарта отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу жүргізу қажет деп есептейді.