13
Маусым

Санат жоқ 13.06.2013

Азат Перуашев: Кәсіпорындардың Кәсіпкерлердің ұлттық палатасына міндетті мүшелігі Қазақстанның ұлттық экономикалық мүдделерінің бәсекеге қабілеттілігінің қосымша факторы болып табылады

13 маусым  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Кәсіпорындардың Кәсіпкерлердің ұлттық палатасына міндетті мүшелігі  Қазақстанның ұлттық экономикалық мүдделерінің бәсекеге қабілеттілігінің қосымша факторы болып табылады – «Ақ жол» фракциясының депутаттары «Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы туралы» заң жобасын қолдайды. Бұл туралы өткен аптада  Азат Перуашев Мәжілістің пленарлық отырысында заң жобасын талқылау барысында мәлімдеді.
Бұл заң жобасын оның жеке мазмұнына ғана емес, сонымен бірге бүкіл экономикалық дамудың беталысының контексіне де қарау керек деп атап өтті ол және үкіметтің жуырдағы есебін еске салды: «Барлық көрсеткіштер өнеркәсіп өндірісінің құлдырауын, нақты салаларды қысқартуды және ішкі нарықтың импортқа бағыныштылығының өсуі туралы көрсетіп тұр. Жұмыс істеп жатқан заңды тұлғалар 17 %-ға, жеке кәсіпкерлер 10,5 %-ға, квазимемлекеттік сектордың жыл сайынғы өсуі - 10 %-ға қысқарған. Бұл жеке кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде қысымның астында екенінің айғағы болып табылады.
А.Перуашев кешенді амалдар туралы айтқанда, заң жобасын ҮИИДМБ-мен де тығыз байланыста қарау керектігіне әріптестерінің назарын  аударды. «Экономиканы әртараптандыру, өндіруші салаларды дамыту, жаңа секторлардың және өндірістердің пайда болуы бағдарламаның міндеттері болып табылады. Бүкіл әлемдегі жаңашыл жобалардың және инновациялық шешімдердің қозғаушысы шағын және орта бизнес болды және болып қалады да, және дәл осы палаталар міндетті мүшелігімен оған қажетті қолдауды және қорғауды көрсетуге қабілетті», - деп қорытындылады ол.
Демократтардың көшбасшысы Палатаға міндетті мүшелікті енгізу кезінде кәсіпкерлердің құқығын бұзушылық туралы айтылған айыптауларға қатысты да өз пікірін білдірді. «Олар орынсыз, себебі бұл жерде азаматтардың саяси бостандығы туралы емес, бизнесті бірлестірудің қағидалары туралы айтылып отыр. Ал бұл қағидалар демократияның отаны – Европа елдерінде туған. Еуропалық бизнестің 80 %-ы міндетті мүшелік жағдайында жұмыс істейді, себебі іскерлік ахуалды жақсартудың тікелей нәтижесі бизнесті шоғырландыру болып табылады». Еуропалық демократияның және адам құқығының жетекші органы - ЕҚЫҰ-ның штаб-пәтері еліндегі кәсіпкерлердің міндетті мүшелігімен Венада орналасқан, бұл міндетті мүшелік ЕҚЫҰ-ында, сондай-ақ бұл міндетті мүшелік Германияда, Италияда, Түркияда және т.б. елдерде ешкімге де сұрақтар туғызбайды.
 
Сондай-ақ Азат Перуашевтің сөзінде Палатаға шағын бизнесті тарту мәселесі жөніндегі түбегейлі ұстаным білдірілді. «Міндетті мүшелікті белгілеу – шағын және орта бизнесті нақты қолдау. Халықаралық тәжірибедегі осындай палаталардың бүкіл мағынасы осы. Ірі бизнес онсыз да өзін қорғай алады, - деді ол. – Әйтсе де, осындай палаталарда ірі және орта бизнестің мүшелік жараналарының есебінен шағын кәсіпкерлерді қорғау қаматамасыз етіледі».
Азат Перуашев заң жобасының қазақстандық бизнесті шоғырландыруда тарихи рөл атқарып және Кедендік одақта, ДСҰ шеңберінде және тұтастай алғанда ұлттық экономикалық мүдделерді іске асыруда және біздің бәсекеге қабілеттілігіміздің қосымша  факторы болуы мүмкін екеніне сенімді. «Қазір осы заңның қабылдану барысын Белоруссия мен Ресейдің ықыласпен бақылап отыруы кездейсоқтық емес. Егер заң қабылданған жағдайда, бұл бизнес-қауымдастықтар өз елдерінде осындай қадамға бастамашылық жасауға ниетте екені туралы ақпараттар бар», - деп толықтырды депутат.
Фракцияның бірқатар ескертулері мен ұсыныстары жеке блокпен айтылған болатын, олардың ішінде: Кәсіпкерлердің ұлттық палатасын басқаруға үкіметтің қатысуы;  үкіметтің өкілдерінің палата съезінің шешіміне вето салу құқықтары бойынша. Палата басшылығында үш өкілдің орнына біреуімен қанағаттануға да болады деп есептейді «Ақ жол» фракциясының депутаттары; өтпелі кезеңді (одан кейін үкімет Кәсіпкерлердің ұлттық палатасынан шығады) 5-тен 2 жылға дейін қысқартуды; үкіметке вето құқығын бермеуді немесе өтпелі кезеңде ғана палатаға берілген тек қана мемлекеттік функциялармен шектеуді ұсынады.
«Ақжолдықтардың» пікірінше бұдан да маңыздысы, Палатаның және оның органдарының қызметінің айқындығы мен тарнспаренттілігі; оның қоғамға ашықтығы және отандық бизнеске есеп беру міндеттілігі болып табылады. Бұл үшін заңға оның қызметіне, палата басшылығына төрешілдік вирусынан «иммунитет» қалыптастыратын бір тетік енгізіп қою ұсынылады, ондай қауіп сөзсіз бар.
«Ақ жол» парламенттік фракциясы отандық бизнесті қолдау және кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастыра береді.