Парламенттiк пікір таласты Үкiметтiң қорытындыларымен ауыстыру тәжiрибесiн доғару керек – Мәжіліс спикері «Ақ жол» ДПК фракциясының ұсынысын қолдады

» Санат жоқ » Парламенттiк пікір таласты Үкiметтiң қорытындыларымен ауыстыру тәжiрибесiн доғару керек - Мәжіліс спикері «Ақ жол» ДПК фракциясының ұсынысын қолдады

28.05.2013, 00:00

28 мамыр 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
Парламенттiк пірік таласты Үкiметтiң қорытындыларымен ауыстыру тәжiрибесiн доғару керек – бұл туралы Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллин Парламенттің палата бюросының  отырысы барысында айтты.
– Партия фракцияларының пікір талас үшін «қолайсыз» ұсыныстарын талқылаудың орнына үкіметтің теріс қорытындысын алуға жіберетін тәжірибе қалыптасқан, осыған комитет төрағаларының және жұмыс топтарының жетекшілерінің назарын аударамын, – деді Н. Нығматуллин, – бұл дұрыс тәжірибе емес. Регламентті негiзге алу керек, онда Үкiметтiң қорытындысы тек бюджетті қысқартуды немесе көбейтудi көздейтiн түзетулерді енгізу кезінде ғана керек деп көрсетілген. Ал басқа барлық түзетулер, үкiметтiң терiс ұстанымына сiлтеме жасап талқылаудан бас тартпай, дәлелдi пiкiрсайыс негiзінде жұмыс топтарында талқылануы тиіс.
Мәжiлiс спикерi оған бұл мәселе бойынша «Ақ жол» ҚДП жетекшiсi Азат Перуашевтан хат келіп түскенін хабарлады.  Бұрын хабарланғандай, а.ж. 4 мамырында «Ақ жол» ҚДП фракциясы отырысында  Азат Перуашев,  «Ақ жол» партиясының ұсыныстары, тiптi мұндай қорытындылар талап етілмегеннің өзінде, Үкiметтің терiс қорытындылармен қабылданбайды деп мәлімдеген болатын.
– Бiздiң депутаттардың түзетулері, тiптi мұндай қорытынды талап етілмейтін жағдайдың өзінде, жұмыс топтарының жетекшілерімен Үкiметке қорытындыға жіберіледі,- деп хабарлаған сонда демократтар көшбасшысы, – мәселен, ҚР Конституциясының 61-бабының 6-тармағына сәйкес,  ҚР Үкiметiнiң оң қорытындысы тек мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығысты көбейтудi көздейтiн заңдарға қатысты талап етіледі.
Ол сонда, «… осындай жағдайлар, сірә заң дайындаушылардың біздің ұсыныстарға тіпті қарсы-дәйектері қалмағандығынан болып жатады. Үкіметтің теріс қорытындысы жұмыс топтарына үкіметтің ұстанымына сілтеме жасай отырып, оларды қабылдамауға мүмкіндік береді» – деп пікірін айтқан. Мәселен, дәл осындай жағдайлармен  «Ақ жол» ҚДП-ның экономикалық қылмыстарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту бойынша; салық заңнамасы бойынша заң жобаларына ұсыныстары қабылданбаған болатын. Сәуір айында, тағы да тап осылай,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі қайшылықтарды алу туралы заң жобасын қарастыру барысында «ақжолдықтардың» 36 түзетулерінен 29-ы қабылданбай қалған болатын.
Азат Перуашев  бұл үрдiстi заң шығару бастамашылдығына депутаттардың конституциялық құқықтарын үкiмет тарапынан әкiмшiлiк ету арқылы шектейтiн «парламенттiк өзiне-өзі цензура енгізу» деп атады.
Өз кезегінде, Мәжіліс бюросының отырысында Нұрлан Нығматуллин комитеттер және жұмыс топтарының басшылығына  Палата регламентін сақтауды және партия фракцияларының арасындағы пайда болатын дауларды парламенттік пікір талас шеңберінде шешуді тапсырды.
– Біз, бұл мәселенiң осылай қойылғаны үшін спикерге дән ризамыз және бұл шешiм Парламентте нақты көп партиялылықты қамтамасыз ету үшiн өте маңызды деп санаймыз, – деді бұған байланысты «Ақ жол» көшбасшысы.