16
Мамыр

«Ақ жол» ҚДП-да Қазақстанның Кеден одағына кіруіне байланысты Қазақ-Түрік университеті қызметіндегі құқықтық қайшылықтар талқыланды

16 мамыр 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
 Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің (ХҚТУ)  басшылығы Түрік Республикасының  атынан ЖОО-на сыйлыққа берілген құрал-жабдықтарды және тауарларды тасуда тап болған проблемаларымен «Ақ жол» парламенттік фракциясына өтінішпен келді.
2012 жылы қаңтарда бекітілген Қазақстан және Түрік үкіметтері арасындағы Келісімге сәйкес,  университет кедендік төлемдерден және көрсетілген тауарларды тасу кезінде қосымша құн салығынан босатылған. Алайда, іс жүзінде Келісім жұмыс істемейді, 2009 жылғы 27 қарашадағы Кедендік одақтың  Комиссиясының шешіміне байланысты КО қатысушы-мемлекеттердің халықаралық келісім шарттарымен белгіленген кедендік баждарды төлеу бойынша жеңілдіктер 2010 жылы 1 қаңтарға дейінгі қол қойылған құжаттарға таралады.
Жағдайдың қарама-қайшылығы мынада, Түркия қазақстандық ЖОО-на тегін тарту жасаған заттары үшін Қазақстан түрік тарапын кедендік төлемдерді төлеуге мәжбүрлеп отыр.
Университеттің уәкілетті мемлекеттік органдарға осы жағдайды шешіп беру жөніндегі сауалдары оң нәтиже бермеген, содан кейін ХҚТУ «Ақ жол» фракциясына жүгініп отыр.
Осы мәселе жөніндегі шешімді пысықтау үшін ҚДП алаңында «Ақ жолдың» жетекшісі Азат Перуашевтің, ХКТУ-нің бірінші вице-прзиденті Салих Айнуралдың, ҚР Түркия елшісінің бірінші орынбасары Емре Манавтың, ҚР экономикалық интеграция iстерi жөніндегі министрдің кеңесшісі Жаслан Азеновтың, экономика және бюджеттiк жоспарлау, сыртқы істер, білім және ғылым министрлiктерінің, Кедендік бақылау комитетінің өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының кездесуі болды.
«Ақ жол» ҚДП-ның пікірі бойынша, пайда болған проблеманы ҚР уәкілетті органының университетке жеңілдіктер беруі туралы Еуразиялық экономикалық комиссиясына өтінішпен шығуы арқылы шешу қажет. Бұл жағдайдан шығудың тағы бір жолы Кедендік одақтың  Комиссиясының көрсетілген шешімінің халықаралық шарттарға сәйкессіздігіне дауласу болуы мүмкін.
- Қандай жағдай болса да, үкіметтік деңгейде тиісті құжаттарды қабылдау керек, - дейді ҚДП көшбасшысы Азат Перуашев.
Мемлекеттік органдардың ақпараттары бойынша, қазіргі таңда осындай келiсiмдерді бiрiзділікке салу туралы Кедендік одаққа қатысушы-елдердің арасында келіссөздер жүріп жатыр. - Осы шарттарды  бекiтуді 2015 жылға дейiн бiтiру жоспарлануда.
- Түркия  осы ЖОО-ның жұмыс істеу кезеңінде біздің еліміздің жұмыс күші мол өңірін сапалы бiлiммен қамтамасыз етiп, Оңтүстiк Қазақстан облысының жастарын оқытуға 200 миллионнан артық доллар инвестициялады. 2015 жылға дейiн қазақстандық ЖОО-ның түрік демеушiлерi, бiздiң елімізді инвестициялаудан бөлек кедендік төлемдерді де, ҚҚС-ты қоса алғанда төлеуге тиiстi болып шығады. Бұл тек қана экономикалық емес, адамгершілік, әдеп жағынан алғанда қаншалықты дұрыс болады? – деді министрліктердің өкілдеріне Азат Перуашев.
- Қалыптасқан жағдай бойынша жинақталған шешiм табу қажет. Бүгін Экономика министерлiгiнiң өкiлдерi хабарлағандай, осындай мәселелерге тек осы ЖОО ғана емес, сондай-ақ әскери ведомство және басқалары да тап болып отыр, - деді ҚДП төрағасы. – «Ақ жол» фракциясы өз тарапынан Үкiметке тиiстi ұсыныстармен шығуға дайын екенін білдірді.