А.ж. 18 мамырда өткен «Ақ жол» ҚДП Қызылорда облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясында филиалдың жаңа төрағасы сайланды

» Санат жоқ » А.ж. 18 мамырда өткен «Ақ жол» ҚДП Қызылорда облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясында филиалдың жаңа төрағасы сайланды

20.05.2013, 00:00

20 мамыр 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
Конференцияға ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаев, ОК хатшысы Әбдіразақ Сұлтанов,  партияның облыстық филиалының белсенділері, БАҚ қатысты.
Партияның облыстық филиалының жаңа төрағасы болып бірауыздан 32 жастағы кәсіпкер Өмірзақ Асанов сайланды.
Өмірзақ Асанов «Армада плюс» ЖШС директоры болып табылады, үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.
Сондай-ақ, конференция шеңберінде ҚДП депутаты Алмас Тұртаев 2012 жылы және ағымдағы жылдың басынан бастап «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының атқарып жатқан жұмыстары, заңнамалық бастамалар және пікір таластар, кейбір өзекті мәселелер бойынша партияның ұстанымдары туралы баяндады. Мәселен, А.Тұртаев, жеңіл автокөліктердің техникалық байқауын алып тастау туралы «Ақ жол» депутаттарының ұсыныстарын қолдауда 200 мыңнан астам қазақстандықтардың қолының жиналғанын хабарлады.
Конференцияда «Ақ жолдың» ардагерлері мен партияның жас жақтаушылары сөз сөйледі. Мәселен, кезінде Мәжілістің ең жас депутаты Алмас Тұртаевты қазіргі активке ұсынған, өңірдегі партия құрушылардың бірі Михаил Дүзелбаев  ҚДП облыстық филиалының және өзінің шәкіртінің жұмысына жоғары баға берді.
«Ақ жол» ҚДП Орталық Кеңесінің хатшысы Әбдіразақ Сұлтанов конференцияны қорытындылай келе партияға қолдау көрсетіп жүрген қызылордалықтарға алғысын жеткізді  және «Қазақ үні» газеті – «Ақ жол» партиясының мінбері – республиканың барлық аймақтарында өз өкілдіктерін ашады деп хабарлады және облыстық филиалдарды журналистермен тығыз ынтымақтастықта болуға шақырды.
«Қазақ үні» сияқты тәуелсіз БАҚ» – біздің қарапайым адамдармен, біздің сайлаушылармен байланысымыз болып табылады. Солар арқылы адамдар «Ақ жолдың» жұмысы туралы білулері тиіс, ал партия – өзінің жақтастарымен тығыз байланыста болуы керек» – деп атап өтті А.Сұлтанов.