Кедендік одақтағы отандық кәсіпкерлердің проблемалары, мүгедектердің құқығы, тұрғын үй мәселесі, ТЖМ-нің жұмыстан шығарылған қызметкерлері – Азат Перуашев партияның Орталық кеңсесінде азаматтарды қабылдау өткізді

» Санат жоқ » Кедендік одақтағы отандық кәсіпкерлердің проблемалары, мүгедектердің құқығы, тұрғын үй мәселесі, ТЖМ-нің жұмыстан шығарылған қызметкерлері - Азат Перуашев партияның Орталық кеңсесінде азаматтарды қабылдау өткізді

06.05.2013, 00:00

6 мамыр 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
Кедендік одақтағы отандық кәсіпкерлердің проблемалары, мүгедектердің құқығы, тұрғын үй мәселесі, ТЖМ-нің жұмыстан шығарылған қызметкерлері – өткен жұмада Азат Перуашев партияның Орталық кеңсесінде азаматтарды қабылдау өткізді.
«Ақ жолдың» көшбасшысына 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап еркін қойма режімімен жұмыс істейтін Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақмола облыстарының бірқатар компанияларының өкілдері келді. Бүгінгі таңда олар жабылып қалу қауіпі алдында қалып отыр, себебі Кеден одағы шеңберінде кеден қоймалары рәсімдері туралы Үкіметаралық келісімге сәйкес ағымдағы жылдан бастап оларға кедендік және салық жеңілдіктері қарастырылмайды.
– Біздің мәліметтеріміз бойынша 2012 жылдың 1 қаңтарынан кейін еркін қойма иелерінің Тізіліміне 12-ге жуық кәсіпорын қосылған, – дейді алматылық компанияның өкілі Ольга Склярова, – Алайда оларға осы жылдан бастап жеңілдіктер жай ғана берілмей қалмаған. Осы компаниялардың барлығына өтіп кеткен күнмен, осы жеңілдіктер қолданылған былтырғы жылды қоса алғанда, барлық кезеңдерге кедендік төлемдер, айыппұлдар және өсімдер толықтырып есептелген. Өндіріс жабылу және банкроттық қауіп алдында тұр.
Азат Перуашев бірден телефон арқылы ҚР Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мәжит Есенбаевпен хабарласты және 12 мамырдан кейін отандық өндірушілердің мүдделерін  еркін қойма режімінде қорғауда нақты мәселелерді талқылау үшін бизнес өкілдерімен кездесу өткізу туралы келісті.
Сәкен Сейфулиннің жақтас серігі «Тіршілік» газетінің бас редакторы Рахымжан Дүйсенбаевтың немересі – Валентина Тұңғышбаева  Ақмола облысындағы мектепке оның атасының атын қайтаруды сұрап келді. Жалғыз басты зейнеткердің алдында одан басқа тұрғын үй мәселесі де тұр: 1998 жылы өрт салдарынан үш бөлмелі пәтерінен айырылып қалған ол, тұрғын үйдің кезегіне 312 нөмірмен қойылған. Алайда 15 жылдың ішінде оның кезегі жылжымай қалғаны былай тұрсын, белгісіз себептермен 1854-ке дейін түскен. В.Тұңғышбаева бұдан барып тұрған әділетсіздікті және шенеуніктердің рахымсыздығын көреді.
Ләззат Төлепбергенова тұрғын үй алудағы және мүгедектігі бойынша үшінші топқа жататын, бала кезінен естімейтін мүгедектерді жұмысқа тұрғызу туралы проблемаларды айтты. Үшінші топ әлеуметтiк-тұрмыстары төмен санатқа қосылмаған, сондықтан мемлекеттен тұрғын үй алу мүлдем мүмкiн емес. Ал мүгедектерге банктерде ипотеканы ресiмдемейдi, – дейді Ләззат Төлепбергенова. Жұмыспен де проблемалар туындайды: саңырау азаматтарға жұмысқа тұру өте қиын, етікшілікке және тігіншілікке машықтанғандардың өздері де көптеген проблемалармен кездеседі – құрал-жабдық сатып алу, ғимаратқа жалға төлеу керек, олардың бұған қаржылары да жоқ.
Азат Перуашев хабарлағандай, «Ақ жол» фракциясымен тұрғын үй қатынастары туралы заңнамаларға тиісті өзгертулер енгізу туралы мәселе қаралатын болады.  Сонымен қатар, ол мүмкіндіктері шектелген кәсіпкерлердің құқығын қолдау бойынша жақын арада «дөңгелек үстел» өткізуді ұсынды.
Мәншүк Әбілова мүгедек-балаға ота жасау үшін қаржы тауып беруді өтініп келді. «Ақ жолдың» төрағасы Талдықорған «Қайнар» қорғасын аккумулятор зауытының басшысы Қуаныш Ажмағамбетовпен және «ФудМастер-Алматы» ЖШС-тің бас директоры Аида Сапарғазиноваға хабарласты. Кәсіпкерлер қажетті көмекті көрсетуге уәде берді.
Астана қаласының ТЖД қызметкері өзі тап болған жағдайды айтты. Жас маман мемлекеттік мекемедегі негізгі жұмысымен қатар жеке ұйымда жұмыс істеген. Тексерудің нәтижесінде ол сыбайлас жемқорлық жөніндегі бап бойынша жұмыстан шығарылған, бұның болашақта қызметі үшін зардабы тиері анық. Белгілі болғандай, осындай бұзушылықтар үшін астаналық ТЖД-нен 66 қызметкер жұмыстан шығарылған.
– Мен отбасымды ғана қамтып қоймай, ипотекаға жинауға, ата-анама көмектесуге тиіспін – деп ақталады келуші – менің баспанам жоқ, жұбайым жұмыссыз, кішкене балаларым бар. Сонда мен жемқормын ба? Сіздер пәтер жалдаған жемқорды қайдан көрдіңіздер? Енді мен үшін мемлекеттік мекемелердің есігі жабық. Ал мен болсам мемлекеттен ештеңе ұрлаған жоқпын, тек күн көру үшін адал табыс табуға тырыстым.  Бюджеттің ақшасын шынымен ұрлағандарды және шалқып өмір сүріп жатқандарды емес, неліктен қатардағы қызметкерлерді «сыбайлас жемқор» қылып көрсетеді және бізді жазалайды?

Азат Перуашев осы күні барлығы 20-дан астам кісі қабылдады. ҚДП жетекшісі сендіргендей, барлық келіп түскен өтініштер қаралады және олар бойынша барлық мүмкін шаралар қабылданатын болады.

«Ақ жол» партиясы қарапайым қазақстандықтардың мүдделерін қорғау және сайлауалды тұғырнамасын орындау жұмысын жалғастырады