Мәжіліс депутаты Нұрлан Жазылбеков Алматы облысы бойынша жұмыс сапарын жалғастыруда

» Санат жоқ » Мәжіліс депутаты Нұрлан Жазылбеков Алматы облысы бойынша жұмыс сапарын жалғастыруда

10.04.2013, 00:00

10 сәуір 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
10 сәуірде Мәжіліс депутаты Н. Жазылбеков «Ақ жол» ҚДП-ның
 Алматы облыстық филиалының кеңсесінде филиал төрағасы Б.Суанбековпен бірге азаматтарға қоғамдық қабылдау өткізді.

Азаматтарды қабылдау кезінде, Талдықорған қаласының және жақын орналасқан аудандардың тұрғындары білім алу, жұмысқа тұру, мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үймен қамтамасыз ету, ипотекалық-борышкерлерді пәтерінен күштеп шығару және екінші деңгейдегі банктермен төменгі баға бойынша бір тұрғын үйді іске асыру, Қырғызстаннан әкелінген автокөлік құралдарын пайдалануға қатысты мәселелер бойынша депутатқа өтінішпен келді.

Депутат Жазылбеков сайлаушылардан келіп түскен барлық сұрақтарға түсініктеме берді, тұрғындардың кейбір өтініштері бойынша одан әрі қаралуы және уәкілетті органдарға жіберілуі үшін арыздар жазбаша түрде қабылданды.

Кейінірек, Көксу ауылшаруашылық колледжі МҚК-ның оқытушыларымен және студенттерімен, сонымен бірге Ескелді ауданы Жастар ауылының тұрғындарымен кездесу болды. Кездесуге Ескелді ауданының әкімінің орынбасары К.А.Әлібаев, Жастар ауылының әкімі Т.А. Мұсапіров, колледж директоры М.А.Қарасаев қатысты.

Кездесу барысында орта арнаулы білім алу, «Дипломмен ауылға» республикалық жобасын іске асыру, зейнетақы заңнамасына өзгертулер, баламалы энергия көздерін дамыту туралы мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, осы күні депутат Нұрлан Жазылбеков «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Алматы облыстық филиалына барды. «Кәсіпкерлікті қолдаудың мобильді орталығы» жаңа жобасымен, сондай-ақ облыстың аудандары бөлінісіндегі субсидиялау мақұлданған жобалармен танысты. Алматы облысында 2012 жылдың 1 қаңтарына ЕДБ-дің несие портфелінің жалпы мөлшері 91,2 млрд. теңгені құрады. Бұл сомадан шағын кәсіпкерлік несиесіне 15,7 млрд. теңге тиеселі, бұл жалпы портфельдің 17 % құрайды.

Одан кейін, Мәжіліс депутаты «Даму» қоры филиалының жетекшісі Р.Талтүсовпен және Талдықорған қаласы маслихатының хатшысы М.Бопасовпен бірге «Алматинские краски» ЖШС-нің, «Зере» ЖШС жеке клиникасының және «Автобусный парк» ЖШС-нің қызметімен танысты. «Бизнестің жол картасы 2020» атты мемлекеттік бағдарламаға қатысудың арқасында осы кәсіпорындарда қосымша жұмыс орындары құрылған, өндірістің қайта құруын сәтті өткізген.