Оралдық жастар шет елде білім алудың мүмкіндіктері бойынша онлайн кездесу өткізді

» Аймақ - жаңалықтары » Батыс-Қазақстан облыстық » Оралдық жастар шет елде білім алудың мүмкіндіктері бойынша онлайн кездесу өткізді

05.02.2021, 10:31

5 ақпан 2020 жыл, «Aқ жол» демократиялық партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Оралдық жастар Түркияда білім алудың мүмкіндіктері мен мемлекеттік квоталарды пайдалану және тағы да басқа мәселелер бойынша Zoom платформасында онлайн кездесу өткізді.


Кездесуге Түркиядағы қазақ студенті Аян Ермекұлы мен Батыс Қазақстан облысындағы жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты. «Түркиядағы 18 жоғары оқу орнында 992 қазақ студенті білім алуда. Университеттерде оқу бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша түрік және ағылшын тілдерінде жүзеге асырылады. Жоғарғы оқу орындарында лайықты білім алу үшін қолайлы жағдайлар қарастырылған. Ғылыми кітапхана, жатахана, түрлі саланы қамтитын үйірмелер мен спорттық секциялар білім алушылар үшін тегін жұмыс істейді» – деді Аян Ермекұлы.


«Aқ жол» партиясының ұстанымдарының бірі «Алаш» идеясын насихаттау. Түркия елі де бұл идеяны күллі түркі тілдес халықтың ұстанымы ретінде есептейді. Алаш арыстарының өмір жолы мен атқарған еңбектерін және олардың шығармашылығын жақсы біледі.
«Ақ жол» демократиялық партиясы сайлауалды бағдарламасында «Қазақстанда өмір сүру және жұмыс істеу, елдегі өсу мүмкіндіктері кез келген шетелге қарағанда әлдеқайда тартымды болуы керек». Яғни, қазақ жастары шет елде білім алып, сол тәжірибесін елдің дамуымен өркендеуіне жұмсауы керек.

Кездесу барысында Оралдық жастар бір-біріне сауалдар қойып, пікір алмасты.


Партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалы алдағы уақытта мұндай кездесулерді жиі ұйымдастырып, шетелдерде білім алып жатқан қазақ жастарымен тығыз байланыс орнатпақ.