Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті

» Аймақ - жаңалықтары » Түркістан облысы » Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті

10.11.2020, 16:10

10 қараша 2020 жыл, “Ақ жол” партиясының Түркістан облыстық филиалы

Бүгін “Ақ жол” партиясының Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті.

Жиынға партия белсенділері, орта және шағын бизнес кәсіпкерлері, жастар, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.

Конференцияда 2020 жылдың 20 қарашасында өтетін  “Ақ жол” партиясының XVI кезектен тыс құрылтайына 10 делегат сайланды.

Сонымен қатар, Түркістан облыстық филиалының 2020 жылдың 31 қаңтарда өткен кезектен тыс конференциясында сайланған кеңес мүшелерінің құрамына өзгеріс енгізілді.

Басқосуда сайлауға дайындық бір ай бұрын басталғаны туралы  айтылды. Сондай-ақ Түркістан облыстық мәслихатына депутат болғысы келетіндерге талаптар қайта түсіндірілді.