Қызылордада «Қайырымдылық телемарафоны» өтті

» Аймақ - жаңалықтары » Қызылорда облысы » Қызылордада «Қайырымдылық телемарафоны» өтті

25.12.2019, 16:27

“Ақжол” партиясының Қызылорда облыстық филиалы Жаңа жыл қарсаңында Азаматтық Альянс қауымдастығының бастамасымен  және белгілі блогер, «Ақ жол» партиясының Қызылорда облыстық филиалының Кеңес мүшесі София Абдуразакова, “Қызылорда еріктілері” ҚҚ,  «Дармарка» ұйымдастырушысы Лаура Утемисовалар ұйымдастырған «Қайырымдылық Телемарафонынына» қатысып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балалары мен мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерді жаңа жыл мерекесімен құттықтап, өзге де демеушілермен бірге бөбектерге  жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті.

Жаңа жылдық шыршаның барлық қойылымдары мен ертегілер әлемін, ән-би байқауын  жүргізген НЗМ оқушылары мен «Болашақ» университетінің студенттері болды. Сондай-ақ, «Сырғалым» орталығының аниматорлары әртүрлі ертегі кейіпкерлерінің рөлін сомдап, Аяз ата мен Ақша қар бүлдіршіндерге қуанышты кеш сыйлады.

«Ақ  жол» ҚДП Қызылорда облыстық

филиалының баспасөз қызметі