12
Қазан

Жас журналиспен кездесу ұйымдастырылды

12 қазан 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облысының баспасөз хатшысы

«Ақ жол» партиясы Батыс Қазақстан облысы жанынан құрылған «Жастар қанаты» жас журналист Тасболат Сағыныш Закарияұлымен кездесу өтті.

Сағыныш Закарияұлы биыл қара шаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін қызыл дипломмен тәмамдады. 2013 жылы Облыстық «Жас Тілшілер» байқауында 1-орын, 2014 жылы Облыстық пәндік олимпиадада қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 2-орын жеңімпазы. 2018 жылы «Сөйле, Қазастан!» атты дəстүрлі кəсіби-шығармашылық байқауында "Ең үздік шоумен" номинациясын жеңіп алды. 2019 жылы «Журналистика» бойынша білім беру бағдарламаларының үлгілері: кəсіби стандарттардың интеграциясы" атты ІІ Халықаралық журналистер форумының аясында 72 сағат көлемінде өткізілген біліктілікті арттыру курсын тəмамдады. 2017-2018 жылы "Армандар орындалады" журналында қызмет атқарған.

Тасболат Сағыныш қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, өзінің тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар ұлт мүддесі, мемлекеттік идеология, ақпарат әлемі жөніндегі пікірлерін ортаға салды.