«Жастар қанаты» кәсіпкермен онлайн кездесу өткізді

» Аймақ - жаңалықтары » Батыс-Қазақстан облыстық » «Жастар қанаты» кәсіпкермен онлайн кездесу өткізді

01.10.2020, 16:01

1 қыркүйек 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Онлайн кездесу Батыс өңірінің киім дизайнері, жас кәсіпкер Әсемгүл Өтепбергенқызымен ұйымдастырылды. Шараға қатысқан студенттер сұрақтарын тікелей сала маманына қою мүкіндігіне ие болды. «Қашанда тігіншілік сұранысқа ие мамандық болған. Әсіресе бүгінгі күні бәріміз сәнді әрі талғаммен киінгіміз келеді. Тігіншілікке ынтаңыз болса, онда біздің қатарымызға қош келдіңіз дейміз. Алайда бұл мамандық үлкен жауаптылық пен төзімділікті талап етеді. Тігіншілік – қол мен қиялдың еңбегі, сондай-ақ сән тұрақсыз болғандықтан тігіншілерге әр қашан өзгерістерге дайын болу керек», – деп D&A» киім дүкенінің директоры Әсемгүл Жамбулова жастарды құлшындырып, ары қарай өзінің маңсап жолынан сыр шертті.

«D&A»  брендімен құрылған топтама өзектілігімен, заманауилығымен және қайталанбас стилімен ерекшеленеді. Жылына екі рет олар еліміздің «Kazakhstan Fashion Week» сән апталығына қатысады. «D&A» киім дүкенінің бүгінде еліміздің тігіншілік әлемінде өз орнын еншілеген. Өткен жылы «Қазақстанның үздік жас дизайнері» өңірлік байқауының жеңімпазы атанған. Кәсіпкер студенттерге практикадан өту үшін барынша теориялық әрі тәжірибелік дайындықпен келуді сұрады.

Кездесу барысында  студенттердің барлық сұрақтарына жауап беруге тырысты. кездесуде киім дүкені қалай жұмыс істейді,тігін машиналары бірден қанша операция орындай алады, өндірістік практика үшін ақша төлене ме, практиканттарға қойылатын талап пен жұмыс тәртібі қандай? деген сынды сұрақтарға жауап алынды.

Кездесуді қорытындылай келе, қатысушылар экскурсияға тұрақты түрде баруға келісті. Дүкен иесі студенттерді барынша практикалық жұмыстарға жұмылдырып, ары қарай жұмыс орнын беру жолдарын қарастыратынын айтты. Ал түлектерге мамандарымен етене байланыс орнату ұсынылды.