12 наурыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде “Ақ жол” демократиялық
партиясының негізгі мақсаттары мен міндеттері талқыланған жиын өтті. Кездесуге
3-4 курс студенттері қатысып, елдің саяси өміріндегі маңызды мәселелер мен
партияның ұстанымдары туралы жан-жақты мағлұмат алды.
Жастар кеңесінің мүшесі Жанерке Сәрсен партияның кәсіпкерлікті қолдау,
демократиялық құндылықтарды дамыту, ұлттық мүддені қорғау бағытындағы
бастамаларына тоқталып, жастардың саяси белсенділігі мен азаматтық ұстанымының
маңыздылығын атап өтті.
Осындай кездесулер жастардың саяси сауатын арттырып, белсенді азаматтық
ұстаным қалыптастыруға ықпал етеді.