10 наурыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
Абай облысы “Ақ жол” демократиялық партиясының филиалы төрағасының
орынбасары Иманжапар Мұрат Тлегенұлы мен Абай облысынан сайланған Жарма
аудандық мәслихат депутаты Қарақанов Марат жылдық жоспарланған іс-шаралар,
сайлаушылардың ұсыныстары мен мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында алдағы атқарылатын жұмыстардың жоспары жан-жақты
талқыланып, оны жүзеге асыру жолдары нақтыланды. Әрістестер өзара
пікір алмасып, аймақтың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған ұсыныстар
мен бастамаларды талқылады. Сонымен қатар, болашақтағы жобаларға қолдау көрсету
және сайлаушылардың мүддесін қорғау мақсатында ынтымақтастықты нығайту жөнінде
өзара келісімге келді.
Бұл кездесу арқылы аудандық басқарудың тиімді жұмыс істеуі және халық
мүддесінің қорғалуына жаңа серпін берілетініне сенім артылды.