08
Наурыз

Атырау облыстық филиалы мереке қарсаңында аналар мен аруларды мейрамдарымен құттықтап, қайырымдылық көрсетті

8 наурыз 2025 жыл, Атырау облыстық филиалы

«Ақ жол» ҚДП Атырау облыстық филиалы дәстүрлі түрде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай өңіріміздегі аналар мен әйелдерді, көп балалы жанұялардың нәзік жанды иелерін мерекелерімен құттықтап келеді. Биыл да дәстүр бойынша мереке қарсаңында 20 шақты аналар мен аруларды мейрамдарымен құттықтап, қайырымдылық көрсетті.

Екі күн бойы партияның облыстық филиал өкілдері әлеуметтік әлсіз топқа жататын жалғызбасты аналар, көп балалы отбасы иелері мен мүгедектігі бар жандарды үйлеріне барып, филиал төрағасы атынан гүл шоқтары мен ақшалай сыйлықтар табыс етті.

Аталған шараға «Ақ жол» ҚДП Атырау облыстық филиалының төрағасы Е.Юсупов пен облыстық мәслихат депутаты К.Шин демеуші болды. Аналар мен арулар партия атына және демеушілерге ризашылықтарын білдірді. Бұндай комектер алдағы уақытта да жалғасын табады.