9 наурыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясынан сайланған Тараз қалалық мәслихатының депутаты,
кәсіпкер Руслан Мырқалықов шаһардағы «Айырылмас» сауда кешініндегі сатушы
қыз-келіншектері және сауда орталығының тұтынушыларын 8 наурыз – Халықаралық
әйелдер күні мерекесімен құттықтады.
Руслан Мырсапарұлы бастаған сауда кешінінің ер азаматтары мереке иелеріне
раушан гүлін сыйлап, ізгі тілектерін жеткізді.
Ізетке толы тосын сый сауда кешеніне келуші қыз-келіншектерге риясыз қуаныш
сыйлады. Аналар мен арулар, кішкентай бүлдіршін қыздар көктем мерекесінде
арнайы көңіл бөліп, құрмет көрсеткен кәсіпкерге ризашылықтарын білдіріп, жомарт
жанмен бірге суретке түсіп жатты.
Мерекелік құттықтаулар іс-шарасы түстен кейін де жалғасын тауып, депутат өз
сайлау округіне қарасты ауданда тұратын аналардың шаңырағына арнайы барып, гүл
шоқтарып тапсырып, сый-сияпат жасады.