Жергілікті әкімдіктердің келісімімен, айналасындағы
санитарлық аймақтарды бұзғанға байланысты Оралдағы танымал "Кублей"
(Қазақстанның ұлттық ет бренді саналатын) ет өндіру комбинаты сияқты өндірістік
кәсіпорындардың жабылуын талап ету проблемасы жөнінде "Ақ жол"
демпартиясы хабарлап, Үкіметке де жүгінген, 2023 жыл бойы және 2024 жылдың
бірінші жарты жылдығында премьерлер мен бас прокурорға депутаттық сауалдар
жолдаған болатын (мысалы, 2023 жылдың 27 маусымындағы
2023 жылдың 11 қазанындағы
https://akzhol.kz/kk/blog/azat-peruashev-kmetke-nr-otann-atelktern-ajtalamazdar
2023 жылдың 13 желтоқсанындағы
https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/sheneukterd-rejderlk-reketter-totatlsn
2024 жылдың 29 сәуіріндегі
және т.б. сауалдарын көруге болады).
Енді, міне, биыл 4 мамырында ("Ақ жол"
фракциясының осы тақырып бойынша Парламенттегі соңғы сөйлегеннен кейін бір апта
өткен соң) денсаулық сақтау министрінің бұл проблеманы жоятын қаулысына қол
қойылды.
Атап айтқанда, қазіргі аумақта ертеден (бір жылдан астам)
жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорындар үшін санитарлық нормалар төмендету арқылы
қайта қаралуы мүмкін екені белгіленді. Яғни, мұндай кәсіпорындардың санитарлық
аймақтарында тұрғын үйлерді салу (шын мәнінде, әкімдіктің заңсыз шешімі арқылы)
бұл зауыттардың қызметінің тоқтауына не жабылуына еш себеп бола алмайды.
Одан бөлек, белгіленген санитарлық талапты орындап,
заманауи экологиялық технологияларды қолданған жағдайда аталмыш қаулы көрші
тұрғын үйлерсіз де, өз қалауынша өздерінің санитарлық аймақтарын қайта қарауға
мүмкіндік береді.
Осылайша, "ҚР Денсаулық сақтау министрі м.а.-ның
2022 жылдың 11 қаңтарындағы "Қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер
ету нысандары болған нысандардың санитарлық-қорғау аймақтарына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» туралы Санитарлық ережелерді бекіту жөніндегі
қаулысына өзгерістер мен түзетулерді енгізу туралы ҚР ДСМ 2024 жылдың 4
мамырындағы қаулысына түсіндірме жазбаға сәйкес, НҚА қабылдануына ертеден
қалыптасқан өндірістік нысандарға қойылар талаптарды қайта қарауға қатысты ҚР
Мәжілісінің экономикалық реформа мен өңірлік даму жөніндегі Комитетінің
ұсыныстары (Шығ. № 10-11-1548 04.12.2023 ж), ҚР Бас Прокуратурасының хаты (Шығ.
№ 2-01-23-74221 18.09.2023 ж) негіз болған.
Мәселен, бұрын Қағидалардың 9-тармағы нысан үшін
санитарлық-қорғау аймағын әзірлеудің дәйекті тәртібін реттейтін және мыналардан
тұратын: алдын ала (есептелген) санитарлық-қорғау аймағы мен белгіленген
(соңғы) санитарлық-қорғау аймағы.
Осы тармақтың жаңа редакциясында «Қолданыстағы нысандар
үшін тарихи қалыптасқан құрылысқа байланысты осы Санитариялық қағидалардың
26-тармағына сәйкес санитарлық-қорғау аймағының алдын ала (есептік) өлшемдерін
белгілемей-ақ санитарлық қорғау аймағын азайтуға жол беріледі».
26-тармақта қолданыстағы объектілердің санитарлық-қорғау
аймағына өзгерістер енгізу (ұлғайту, азайту) негіздері көрсетілген:
1) атмосфералық ауаның ластану деңгейі санитарлық-қорғау
аймағының шекарасында жыл ішіндегі бақылау материалдары бойынша рұқсат етілген
шекті концентрацияға жеткенде;
2) физикалық әсер ету деңгейі рұқсат етілген шекті деңгейге
жеткенде (шу, діріл, ЭМӨ);
…
5) нысандарды қайта құру кезінде;
6) қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған озық технологиялық шешімдерді енгізу.
(Толығырақ:
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400034340).
«Кублей» зауытын, «Долче-Фарм» фабрикасын, «Нұртау-Темір»
ЖШС, «Асфальтбетон-1» ЖШС, "KZ Recycling" зауытын және осы мәселе
«өмір мен өлім» дилеммасы болған барлық басқа отандық өндірушілерді
құттықтаймыз.
«Ақ жол» фракциясы бұл күресті депутаттар Бақытжан
Базарбек, Мұрат Әбенов және басқалармен бірге жүргізгенін айта кеткен жөн,
олардың әрқайсысына ризашылығымызды білдіреміз.