30 мамыр 2022 жыл, «Ақ жол» партиясының Шығыс Қазақстан
облыстық филиалы
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Берік Дүйсембинов Өскемендегі «ДК Проект» құрылыс компаниясының ұжымымен кездесті.
Кездесу
барысында депутат «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына еңгізілетін
барлық түзетулерге егжей-тегжейлі тоқталып, елде қандай өзгерістер болатыны
туралы айтып берді.
Кездесуге қатысушылар референдумға қатысты
көптеген сұрақтар қойды, оның ішінде әкімдердің ауысуы, ҚР Президентінің
өкілеттігі, Парламент Мәжілісі мен Сенаттың жаңа құрылымы және т. б. бар.
Сонымен қатар, құрылыс
материалдарының бағасының көтерілуі мәселесі де айтылды, құрылысшылар бұл
сұрақты шешуге көмектесуді сұрады. Құрылыс саласының қызметкерлері атап
өткендей, нысандар құрылысына арналған келісімшарттар нақты бір сомаға
жасалады, ал бағалар күн сайын өсуде, бірақ бұл инфляциялық шығындар
ескерілмейді. Мердігер ұйымдар бағаның мұндай ауытқуынан зардап шегеді,
шығынға, минусқа кіріп кетеді немесе материалдарды үнемдеуге мәжбүр болады да,
бұл нәтижесінде құрылыс жұмыстарының сапасына әсер етеді.