10
Мамыр

«Ақ жол» партиясы 200-ден астам шымкенттік кәсіпкерді қорғап қалды: Үкімет келісімдерді «бөлшектеу» шарттарын заңмен бекітуге келісіп, салық органдарын жауапқа тартты

10 мамыр 2023 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының баспасөз қызметі 

Еске салайық, «Ақ жол» партиясына мемлекеттік кірістер органдары тарапынан заңды құқықтарын бұзу фактілері бойынша бірқатар өңірдің (Шымкент, Қызылорда және т.б.) кәсіпкерлері жүгінген болатын. Бұл өңірлерде белсенді түрде ШОБ субъектілерін ҚР ӘҚБтК-нің 266-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарта бастады. Аталмыш бап заңды тұлғалар арасындағы келісімдер бойынша 1000 АЕК-тен астам сомаға қолма-қол ақша төлемдері үшін салықты қайта өндіріп, айыппұл салуды көздейді.

Бір ғана Шымкенттің өзінде 242 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты мұндай іс қозғалған.

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңға сәйкес сомасы 1000 АЕК-тен асатын келісімдер бойынша төлемдерді ҚҚС төлеуші ​​ретінде тіркелген жеке кәсіпкерлер, не басқа жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның пайдасына аударатын заңды тұлғалар қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізе алады. 

Сол Заңға сәйкес, 1000 АЕК-тен төмен (бүгінде ол шамамен 3 миллион теңге) операцияларды қолма-қол ақшамен төлеу арқылы жүзеге асыруға болады.

Алайда, салық органдары заңнан тыс тәсілді ойлап тауып, жасалған мерзіміне қарамастан соңғы 3 жыл ішінде бір тұлғалар арасындағы келісімдердің барлығын, кәсіпкерлер салықтан жалтару үшін «жасанды түрде келісімді бөлшектеген» деп, «бір» мәміле ретінде санаған.

Кәсіпкерлердің құқықтарын жаппай бұзу және салық органдарының заңды өз еркінше түсінуі туралы көптеген шағымдар негізінде Дания Еспаева «Ақ жол» фракциясы атынан 2022 жылғы 7 желтоқсанда осы нормалардың құқықтық түсіндірілуін қамтамасыз ету талабымен Үкіметке депутаттық сауал жолдады. (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/a-zhol-tlem-trtbndeg-tsnbeushlk-kspkerlerd-tldrude). 

Сауалға теріс жауап қайтарылған соң, биылғы жылдың 18 қаңтарында «Ақ жол» фракциясы заңда «келісімдер мен төлемдерді бөлшектеу» түсінігін нақтылауды және, атап айтқанда, бір қызмет көрсетушімен жасалған біртекті мәмілелерді бір «бөлшектелген» мәміле деп санауға болатын кезеңді, мысалы жұмыс аптасы ішінде, анықтауды талап етіп, қайта сауал жолдады.

«Кез-келген өндірісте үнемі сатып алынатын материалдар бар. Құрылыста - шегелер, тігін ісінде - түймелер және т.б. және көбінесе олар бір сенімді жеткізушіден сатып алынады. Бір-үш жылдан кейін сізге қажет өнім үшін ақшаны «мұздату» - бизнес үшін шығын келтіреді, бұл көбінесе жұмыс істеуі керек несиелік қаражат болған жағдайда», - деген еді Д.Еспаева депутаттық сауалында. (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/a-zhol-dempartiias-shmkenttk-sal-zmetkerlern-bizneske-zasz-talaptar-oldand-dep-ajptad)

Мемлекеттік органдардың кезекті жауаптарымен келіспей, биылғы жылдың 6 сәуірінде «Ақ жол» фракциясы үшінші рет сауал жолдап (Асқар Садықов), материалдарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне өткізді. (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/a-zhol-kspkerlerd-salshlard-zasz-sm-krsetunen-oraud-talap-ett

Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Е.Жамаубаевтан келген жауапта ҚР ӘҚБтК-нің 266-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін анықтау кезінде адами факторды болдырмау мақсатында ҚР ҚМ МКК келісімнің бір нысанасы бойынша төлемі 1000 АЕК шегінен асатын төлемдерді сәйкестендіру үшін әдістеме әзірлеп жатқаны айтылған. 


Сондай-ақ, сомалары 1000 АЕК-тен асатын келісімдер бойынша қолма-қол ақшалай төлемдерді шектеу бөлігінде заңнама нормаларының әртүрлі түсіндірмелерін болдырмау мақсатында «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңның 25-бабының 9-тармағына және ӘҚБтК-нің 266-бабына түзетулер әзірленді. 

Әзірленген түзетулерде сипатына және нысанасына (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сәйкестігіне) қарамастан бір ай ішінде жасалған, сомасы 1000 АЕК-тен асатын бір тұлғалардың арасындағы бір ай ішінде жасалған барлық келісімдер бойынша төлемдер тек қолма-қол ақшасыз түрде жүргізілетінін қарастырылған.

Осылайша, Үкімет «Ақ жол» демпартиясының ұстанымын қабылдап, «келісімдерді бөлшектеу» түсінігі бойынша мерзімді нақты анықтау қажеттілігімен келісті (үш жылдың орнына бір ай). Бұл бизнестің мүддесін негізсіз салықтық санкциялардан қорғап, осы санкцияларға ұшыраған кәсіпкерлердің оларды жоюға ұмтылуына негіз болатыны сөзсіз.

Сонымен қатар, вице-премьер Е.Жамаубаевтың жауабында  кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғаны үшін Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 19 лауазымды тұлғасы жауапқа тартылғаны айтылған.

«Ақ жол» демпартиясы мен оның парламенттік фракциясы өзінің Саяси бағдарламасын жүзеге асыру және кәсіпкерлердің мүддесін қорғау бойынша жұмысын жалғастыруда.