14
Наурыз

«Ақ жол» партиясы «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заңның қабылдануына 8 жылын арнады – egemen.kz

Биылғы жылдың 3 наурызында «Ақ жол» демпартиясы 8 жыл бойы талап етіп келген «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң күшіне енді. Бұл туралы Алматыдағы жақтастар митингісінде партия төрағасы Азат Перуашев мәлімдеді. Ол, сонымен қатар, бұл тақырыптың тарихына да тоқталып өтті.

«Ақ жол» фракциясы «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заңды әзірлеуді алғаш рет  2014 жылы ұсынған болатын. (https://akzhol.kz/ru/initiated-bills/migrated_74 )

Бұл бастамаға 2008-2011 жылдардағы экономикалық дағдарыс салдарынан көптеген кәсіпорындардың күйреуі және тоқтап қалу фактілері, сондай-ақ азаматтардың төлем қабілетсіздігі мен  коллекторлардың заңсыздығы себеп болды.

Халықаралық тәжірибені зерттеген «Ақ жол» демпартиясы борышкерлердің әлеуметтік құқықтарын қорғау бойынша ұсыныстар дайындады, ол үш негізгі шараны қамтушы еді: қарыз бойынша пайыз есептеуді тоқтату, қарыздың белгіленген сомасын өтеуге қосымша мерзім беру және қарызды өтеу үшін борышкердің жалғыз баспанасын алып қоюға тыйым салу.

Алайда Қаржы министрлігі бұл ұсыныстарға тосқауыл қойып, «мұндай тетік елімізде 2016-2017 жылдарға жоспарланған кірістерді жалпыға бірдей декларациялауды енгізу арқылы ғана мүмкін болады» деп жауап берген. «Ақ жол» демпартиясының сол ұсынысынан жыл сайын түрлі сылтаулармен бас тартылып келді.

2017 және 2019 жылдары үкіметтің тиісті жауабын күтпестен, «Ақ жол» демпартиясы «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң жобаларын әзірлеп, ұсынды, оған да мемлекеттік органдар тосқауыл қойды.

Алматыда борышкер өзін үйден шығаруға келген бес адамды атып тастаған немесе анасы балаларын көпқабатты үйден лақтырып жіберген бірқатар қайғылы оқиғалардан кейін ғана мәселенің өзектілігі мен өткірлігіне Үкіметтің көзі жетті, оның өзінде Президент Қ.Тоқаевтың 2021 жылғы желтоқсандағы тікелей тапсырмасынан кейін ғана.

2022 жылы Үкімет пен Ұлттық банк «Ақ жол» партиясының ұсыныстарын ескере отырып заң жобасын дайындады, ол бойынша парламенттегі жұмысты демпартия депутаты Дания Еспаева басқарды. 2022 жылғы 30 желтоқсанда Президент Қ.Тоқаев жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін және банкроттығын қалпына келтіру туралы заңға қол қойды.

Бұл заңның қабылдануы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың тікелей тапсырмасын орындаудың және «Ақ жол» демократиялық партиясы және үкімет пен Ұлттық банк арасындағы 8 жылға созылған даулардың нәтижесінде болды.

«Ақ жол» фракциясы талап етсе де, құжатта борышкерлердің жалғыз баспанасын алып қоюға тыйым салу мәселесі толық шешілмеген, бірақ, соның өзінде бұл заң азаматтардың қарыз ауыртпалығын жеңілдетіп, қиын өмірлік жағдайға тап болған мыңдаған азаматтарға нақты көмек көрсететін маңызды құралға айналары сөзсіз. Алғашқы күннің өзінде-ақ 2,5 мың қазақстандықтың осы заңды қолдануға өтініш білдіргені кездейсоқ емес.

Үкімет пен Ұлттық банк «Ақ жол» депутаттарының талабын елемей келген 8 жыл ішінде қанша мың қандастарымыздың барынан айырылып қалғанын болжау ғана қалды, - деді А.Перуашев митингіде.


Заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заңды мемлекеттік органдар «Ақ жол» партиясының талабынан 10 жылдан кейін әзірледі

Заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заңды мемлекеттік органдар «Ақ жол» партиясының талабынан кейін 10 жыл өткен соң әзірледі, деді Азат Перуашев Алматыда өткен Демпартия митингісінде.

2023 жылдың қаңтарында үкіметте заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы Жемқорлықпен күрес агенттігі дайындаған заң жобасын қаралды. Бұл жақсы жаңалық, бірақ «Ақ жол» партиясының депутаттары мұндай шешімдерге қол жеткізу үшін 10 жылын  сарп етті.

Атап айтқанда, 2013 жылы «Ақ жол» партиясының депутаттары Ұлттық банктен Кипрде тәркілеуге ұшыраған қазақстандық капитал туралы сұраса (https://akzhol.kz/ru/initiated-bills/imeiutsia-li-depozit-kazahstanskih-predpriiatij-bankov-nacionalnh-kompanij-i-grazhdan-rk-v-bankah-kipra-kakova-summa-nahodiashtihsia-na-nih-deneg-i-kakaia-summa-iz-nih-budet-poteriana-dlia-kazahstana-pri-80-noj-konfiskacii ), 2014 жылы үкіметтен ұлттық құқықты қорғауға бағытталған капиталдар амнистиясын Қазақстанның мүддесін қорғап, елден қаражатты бақылаусыз шығаруға кедергі келтіретін бірқатар шаралармен толықтыруды талап етті.

Атап айтқанда, оффшорлық критерийлерге жататын елдермен қосарланған салық салуды болдырмау туралы барлық келісімдерді қайта қарау.

Салық ақпаратын алмасу бойынша оффшорлық юрисдикциялармен келісімдер жасау бойынша жұмысты жандандыру. Көптеген елдердің салық органдары оффшорлық есепшоттар мен компаниялардың түпкілікті бенефициарларын білгісі келеді, Қазақстан да бұдан тыс емес. Оның үстіне бірқатар батыс елдері мұндай аймақтардағы банктердің көпшілігін шот иелері туралы ақпаратты жария етуге қол жеткізіп қойған.

2014 жылдың 16 сәуіріндегі  (https://akzhol.kz/ru/initiated-bills/migrated_361 ), 2015 жылдың 13 мамырындағы (https://www.parlam.kz/ru/mazhilis/question-details/8099 ), 2017 жылдың 17 қарашасындағы (https://akzhol.kz/ru/initiated-bills/migrated_5035) және өзге де депутаттық сауалдарында «Ақ жол» үкімет мүшелері мен ұлттық компаниялар басшыларының банк счеттарына қатысты банктік құпия ұстанымын жоюды ұсынған, себебі, оларға мемлекеттің қыруар қаржысын басқару сеніп тапсырылған.

Үкімет мен Бас прокуратураға қазақстандықтардың Швейцариядағы счетынан бастап, оған дейін «Панама досьесі» мен «Жұмақ тізімі» бойынша заңсыз шығарылған қаржы мәселесіне қатысты барлығы оннан астам сауал жолданған (2016-2017 жж). https://akzhol.kz/ru/initiated-bills/migrated_3447

2018 жылдан бастап «Ақ жол» демпартиясы халықаралық тәжірибеге сәйкес (Ұлыбритания) сыбайлас жемқорлықтың маңызды белгілерінің бірі ретінде заңнамаға «шыққан дерегі белгісіз байлық» ұғымын енгізуді ұсынды. Заңдылығы дәлелденбеген мұндай байлық мемлекет пайдасына алынуы керек.

Осындай талап «Ақ жол» демпартиясының Саяси бағдарламасында да бар

Осы жылдар бойы мемлекеттік органдар түрлі сылтаулармен «Ақ жол» партиясының мұндай бастамаларына қолдау көрсетуден бас тартып, біресе банктік құпияны, біреме кадр тапшылығын желеу қылды.

2022 жылғы 26 қарашада Президент Қ.Тоқаев үкіметке сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі дайындаған заңсыз алынған активтерді қайтару туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырды.

А.Перуашев «Ақ жол» демпартиясының бұл құжатты қолдауға дайын екенін мәлімдеп, фракция шешімнің қабылдануына ұмтылған 10 жыл ішінде елден жаңа миллиардтардың шығарылғанына өкініш білдірді.

Үкіметтің қарсылығына қарамастан “Ақ жол” партиясы шетелдік инвесторлармен жасасқан аса ірі мұнайгаз келісімшарттарының талаптарын ашу және жақсарту үшін әрекет етуді жалғастырады 

Үкіметтің қарсылығына қарамастан «Ақ жол» партиясы Қашаған, Қарашығанақ және Теңіз кен орындары бойынша шетелдік инвесторлармен жасасқан келісімшарт (ӨБК – өнімдер бөлімі туралы келісім) талаптарын ашу және жақсарту үшін әрекет етуді жалғастырады — бұл туралы Азат Перуашев Алматыдағы партия жақтастарының кездесуінде мәлімдеді.

Еске сала кетейік, шетелдік инвесторлармен жасасқан шикізат келісімшартарын жария қылуды «Ақ жол» партиясы 2022 жылғы 5 маусымда өткен,  6 бабының 3 тармағы  «Жер және жер қойнауы, су, өсімдік және жануарлар, басқа да табиғи ресурстар халықтікі» деп өзгертіліп, көбірек резонанс тудырған конституциялық реформа референдумынан кейін бірден талап еткен болатын.  

2022 жылғы 15 маусымдағы сауал бойынша “Ақ жол” партиясының депутаттары Үкіметке келесі ұсыныстарды жасады:

1. Мұнайгаз шығару орындарын пайдалану, қара және түсті металл рудасын қазу бойынша шетелдік ірі инвесторлармен жасалған келісімшарт талаптарын қоғам үшін ашық қылу. Бұндай келісімшарттарды e.gov “азаматтарға арналған үкімет” дереккөзінде жалпыға қолжетімді қылып жариялау. Аталған келісімшарттарда қоғамнан жасырын нормалар мен шарттардың болу мүмкіндігін жою.  

2. Жер қойнауын пайдалану бойынша келісімшарттағы шетелдік ірі инвесторлардың міндеттеріне Отандық бизнес және кәсіпорындармен бірлескен қосымша жобаларға қатысуы, технологияларды үйрету  арқылы қолданылатын құрылғылардағы ауыстыруға болатын түйіндер мен детальдарды өндіруден бастап  жергілікті қоғамның технологиялық, кадрлық және ғылыми-техникалық дамуына үлес қосуын кіргізу.   

3. Бұл тәсілдерді тек жаңа жобаларға емес, шартты ұзарту уақыты келіп қалған қазіргі бар келісімдерге де қолдану. 

Олан бөлек, “Ақ жол” партиясы бұл талаптар осыған дейінгі Қазақстаннан шығарылған қаржының шынайы көлемін анықтауға септігін тигізіп, оларды іздеу мен елге қайтару жолдарын табуға мүмкіндік беретінін атап өтті ( https://akzhol.kz/ru/initiated-bills/dempartiia-ak-zhol-trebuet-raskrvat-pered-obshtestvom-usloviia-kontraktov-na-dobchu-neftegazovh-resursov-rud-cvetnh-i-chernh-metallov-s-krupnmi-inostrannmi-investorami)  

Алайда, 2022 ж. 15 тамыздағы жауабында Үкімет  шетелдік инвесторлардың қарсы болуы мүмкін екенін алға тарта отырып, ӨБК шарттарын ашық көрсетуден бас тартты (http://t.me/peruash/6741). Сонда жер иесінен (халықтан) оның байлығын шетелдіктер қалай басқарып жатқанын жасыруға болатын болғаны ма? 

2022 ж. 22 қыркүйекте Орда.кз сайты  “Қашағандағы қазбаның 2%: билік Қазақстан мұнайын неге арзанға бағалады?» атты мақаласында халықаралық  WoodMackenzie  консалтингтік компаниясына сілтеме жасай отырып, еліміздің ірі кен орындарының біріндегі мұнай өндірісінен Қазақстан бар-жоғы 2% алатынын жазды  (https://orda.kz/brilliant-v-korone-kazahstana-kto-vyigryvaet-ot-prodazhi-nefti-na-kashagane/).

Сондықтан, “Ақ жол” демпартиясы Парламент арқылы  шетелдіктер еліміздің қайта жаңаланбайтын табиғи байлықтарын қандай шарттармен  пайдаланып отырғанын ашуға әрекет жасауын жалғастырады. Сондай-ақ, Қазақстан үшін тиімсіз тұстар анықталған жағдайда мемлекеттік органдар шарттардың жақсартылуын талап етуге міндетті және бұл тек қаржымен шектелмеуі керек

Тәуелсіздік алған 30 жылда Қазақстан мұнайгазын экспорттаушы бірде-бір инвестор мұнай өңдеу зауытын салған жоқ. Барлығы шикі мұнайды сыртқа шығарады, ал, елімізде әр көктем мен күз сайын жанар-жағармай тапшылығы мен бағаның көтерілуі орын алып, барлық тауарларға әсер етеді. 

Шикізат алыптары біздің экономикамыздың құрылымын өзгертуге, жер қойнаіын пайдаланушылар қолданатын техникалалардың, ауыстырылатын түйіндер мен детальдардың техникалық құжаттарын Қазақстандық өндіріс орындарына беруге ат салысуы қажет. Біз бұл сауалдарды Парламентте көтереміз және сайлаудан кейін де талап етуді жалғастырамыз”, - деп мәлімдеді “Ақ жол” партиясының басшысы митингке қатысушыларға.