12 қазан 2023 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» «Инвестициялар орнына тариф»
бағдарламасының қаражаты біреудің қалтасына емес, шын мәнінде энергетиканы
жаңғыртуға жұмсалуы үшін бақылау енгізуді ұсынды – бұл туралы Азат Перуашев
сайлаушылардың өтінімдері бойынша Үкіметтің атқарған жұмысы туралы сөйлеген
сөзінде айтты.(https://akzhol.kz/kk/blog/azat-peruashev-kmetke-nr-otann-atelktern-ajtalamazdar
)
Инфляция мен бағаның өсуі проблемасына тоқталған партия лидері Үкімет монополистерге тарифтерді көтеруге
рұқсат беріп, бұл тауарлардың өзіндік құнына әсер ететінін атап өтті.
«Шынтуайтында сіздер энергетика олигархтарын қолдап отырсыздар» - деді ол. «Тарифтердің бөтеннің қалтасына емес, энергетиканы жаңғыртуға жұмсалуын қамтамасыз едіңіздер» - деп талап етті А.Перуашев Үкіметке қарата.
Өздеріңізге белгілі, өткен жылыту
маусымында түрлі өңірлерде коммуналдық апаттар легі орын алды. Осыған байланысты
Мемлекет басшысы «Инвестиция орнына тариф» механизмі аясында энергетикалық
нысандарды жаңартуды тапсырды. Үкіметтің бағалауы бойынша, бұл бағдарлама
аясында тұтынушылардан қосымша 400 миллиард теңгеден астам қаражат жинау
жоспарлануда.
Алайда, 2009-2015 жылдардағы ұқсас
бағдарлама тәжірибесін бойынша, халықтан және кәсіпкерлерден тарифтен тыс жырып
алынған қыруар қаржы шет елге аударылып кеткенін ескере отырып, «Ақ жол»
фракциясы биылғы жылдың 15 мамырында монополистердің жаңа миллиардтарды пайдалануының
ашықтығын қамтамасыз етуді талап еткен еді. (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/tarift-ktergennen-tsken-tabst-km-zhejd).
Ал биылғы жылдың 4 қазанындағы депутаттық сауалында «ірі энергетикалық субъектінің қажеттіліктері, сатып алу жоспарлары және ұзақ мерзімді офтейк-келісімдері туралы ашық ақпаратты қоса отырып» осы ұсыныстарды нақтылаған болатын. (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/nergetikal-mashina-zhasaud-azhettlg-tural ).
«Ақ жол» демпартиясы өзінің Саяси
бағдарламасын жүзеге асыру және сайлаушылардың мүдделерін қорғау бойынша
жұмысын жалғастыруда.