04
Шілде

Азат Перуашев Павлодар облысындағы бірқатар кәсіпорындарды аралады

4 шілде 2025 жыл, “Ақ жол” демократиялық партиясының баспасөз бөлімі

Осы күндері Мәжіліс депутаты, "Ақ жол" демпартиясы төрағасының орынбасары Ерлан Барлыбаев, партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы Олжас Нұралдинов, сонымен қатар Павлодар облыстық филиалының төрағасы Рүстем Смағұлов және оның әріптестерімен бірге Павлодар облысында жұмыс сапарымен барды. Ақсу ГРЭС-інде болып, жетінші энергоблокты жаңғырту барысымен танысып, қазіргі уақытта саладағы өзекті мәселелерді талқылады.

Атап айтқанда, мәселе жабдықты жаңарту және ауыстыру туралы. Барлық белгілі жағдайға қарамастан, Ақсу ГРЭС-і 7-ші блок үшін Украинадан турбина мен Ресейден генераторлық қондырғы алды. Осылайша, қондырғының қуаты 300-ден 325 МВт-қа дейін артады (бұрынғы 6 энергоблоктағыдай). Жетінші энергоблоктан кейін ГРЭС соңғы, сегізінші энергоблокты қайта құруды жоспарлап отыр, нәтижесінде станцияның жалпы қуаттылығы 2400-ден 2800 МВт-қа дейін артады, бұл қызмет көрсетілетін кәсіпорындардың өнеркәсіптік өндірісін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Атап өтерлігі, соңғы жылдары басқа да энергетикалық нысандарда – Екібастұзда, Риддерде және т.б. байқалған оқиғалар аясында үкімет олигархтардан нысандарды қайтарып, оларды қайта құруды бюджеттен қаржыландыруға мәжбүр болған кезде Ақсу ГРЭС-ін жаңғырту тек компания иелерінің жеке инвестициясы есебінен жүзеге асырылуда.

Станция басшылығы кадр дайындау мәселесін көтеріп отыр. ГРЭС-те ұжым белсенді түрде жасаруда, орташа жас – 41 жас. Кәсіпорындағы орташа жалақы 650 мың теңгені құрайды, бұл бірінші кезекте Ақсудың өзінен және басқа да жақын аймақтардан колледж түлектерін белсенді тартуға мүмкіндік береді.

Дегенмен, «қалыптасуы» уақытты қажет ететін жоғары білікті инженерлік-техникалық кадрлар қажет.

Сондай-ақ, Ақсу қаласына сапар барысында делегация ферроқорытпа зауытында болып, жұмыс барысымен танысып, кәсіпорын басшылығымен өндірісте жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстарын талқылады. Қазіргі уақытта алтыншы цехтағы пеш қайта құрылуда; компания энергия тиімділігі жоғары және қоршаған ортаға минималды әсер ететін герметикалық пештерге біртіндеп және толығымен көшуді жоспарлап отыр.

Бүгінгі күні кәсіпорында заманауи сүзгілеу жүйесі мен атмосфералық ауаның автоматты мониторингі ендірілді.

АФҚ металлургиялық өндіріске қажетті ферроқорытпалардың тұтас тізбегін шығарады, бірақ сыртқы нарықтағы бағаның жоғары құбылмалылығына байланысты өнім тізімінде екпін таңдауда түрлі әрекеттер жасауға мәжбүр.

Зауытта алты мыңнан астам адам жұмыс істейді, олардың кейбірімен делегация мүшелеріне сұхбаттасудың сәті түсті.

Мәселен, №6 цехтың балқытушысы — жергілікті жігіт, Ақсу қара металлургия колледжін бітірген, 20 жасынан осы кәсіпорында еңбек етіп келеді, қазір 35-те. Айына 900 мың теңге алады, жұмысына риза. Оның айтуынша, акционерлерге дивиденд төлемейтінін, бар табысын өндіріске саламын деп жұрт алдында мәлімдеген кәсіпорынның жаңа басшысы Шухрат Ибрагимовтен зауыт жастары үлкен үміт күтеді.

Ал қазіргі пештер герметикалық пештерге ауыстырылса, жұмыс жағдайы әлдеқайда ыңғайлы болады, деп есептейді металлург. «Ал біз оны көріп отырмыз», – дейді сұхбаттасушы.

Бұл ретте компания басшылығы «Елу бес плюс» бағдарламасы жүзеге асырылғаннан кейін, яғни белгілі бір жылдар бойы ыстық және қауіпті өндірісте жұмыс істеген жұмысшылардың зейнеткерлікке ертерек шығу мүмкіндігінен кейін тәжірибелі кадрлардың кетуі орын алғанын атап өтті. Сондықтан компания білікті мамандарды дайындауға, оның ішінде жоғары жалақы арқылы адамдардың қызығушылығын оятуға ерекше көңіл бөледі.

Жалпы, өндірісті қайта жарақтандыру, біліктілікті арттыру жоспарлары ауқымды. Делегация зауыт жұмысшыларына табыс тіледі.