шығарады. Нарықтың өзі корпоративтік сипатта, ал оның негізгі тұтынушылары – ұлттық компаниялар.
Asma Industry сәуір айынан бастап сериялық өндірісті жолға қойғанымен, әділетсіз бәсекелестікке тап болды: CT-KZ сертификаты бар, бірақ отандық өндірісі күмәнді кейбір компаниялар жұмыс істеп жатқаны анықталды.
Зауыт осындай құрылымдардың «отандық өндіруші» мәртебесін нақтылау үшін «Ақ жол» демпартиясына жүгінді (https://akzhol.kz/kk/blog/a-zhol-dempartiiasn-traas-azat-peruashev-zhms-saparmen-zhetsu-oblsna-keld ). Сол өтінішке сәйкес біз уәкілетті мемлекеттік органдарға аталған CT-KZ сертификаттарының қазақстандық қамту талаптарына сәйкестігін тексеруді сұрап, ресми сауал жолдадық.
Биыл көктемде тауардың шыққан елін айқындау туралы заңға енгізілген түзетулер де кездейсоқ емес. Атап айтқанда, ҰКП жүйесіндегі жиі бұрмалаушылықтарға байланысты CT-KZ сертификаты алынып тасталып, енді Өнеркәсіп министрлігі жүргізетін Отандық өндірушілердің тізіліміне көшу қарастырылды.
Asma Industry жағдайы – осы шешімнің дұрыстығын көрсететін айқын мысал.
Бүгін кәсіпорын жетекшісі Серікбай Әжмағамбетовтің айтуынша, біздің араласқаннан кейін жағдай оңала бастады. Ұлттық компаниялар хабарласып, зауыт алғашқы шағын тендерлерді жеңіп алды.
Біз отандық өндіріс пен жаңа технологияларды игеруге бағытталған инвестициялар мемлекет пен квазимемлекеттік сектор тарапынан жан-жақты қолдау табуы қажет деп санаймыз. Бұл – «Ақ жол» демпартиясының басты міндеттерінің бірі.
Осындай және басқа да ұқсас мәселелерді тұрақты бақылауда ұстаймыз.
