29.01.2014
29.01.2014 ж жарияланған
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі
С.Н. Ахметовке
Депутаттық сауал
Құрметті Серік Нығметұлы!
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында Үкіметке 2016-2019 жылдарға үдемелі индустриялық инновациялық дамытудың Екінші бесжылдығының жобасын әзірлеу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Президент барлық бағыттар бойынша тиісті кезеңде, оларды орындауда критерийлері болып табылатын нақты көрсеткіштерді белгілеп берді.
Мемлекет басшысы 2009 жылы 15 мамырда «Нұр Отан» партиясының съезінде индустриялық инновациялық Бағдарламасын бірінші рет жариялап, онда жаңа индустриаландырудың бірінші бесжылдығын бастауға рұқсат беріп, ол өзінің есептеуін 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастағаны белгілі.
Президенттің сол ұлттық экономика үшін тарихи баяндамасында үкіметке де нақты тапсырмалар қойылған, олардың қазіргі таңдағы орындалуы бойынша оның жұмысының тиімділігі туралы бағалау керек.
Мәселен, 2015 жылға қарай агроөнеркәсіп кешенінде, экспорттың жалпы көлеміндегі ауылшаруашылық өнімдерінің үлесін 8 пайызға дейін жеткізу тапсырылған.
Ең жақын арада (яғни 2012-2013 жылдарға) агроөнеркәсіп кешенінің жалпы қосылған құнын кем дегенде 16 пайызға арттыру, 10 мыңнан астам жұмыс орындарын құру.
2015 жылға қарай құрылыс индустриясына, құрылыс материалдар нарығының қажеттерінің 80 пайызынан астамын ішкі өндірістің есебінен қанағаттандыру міндеті қойылған.
Құрылыс кешенінің жалпы қосылған құны кемінде 76 пайызға өсірілуі тиіс болатын.
Мұнай өңдеу саласынан 2014 жылға қарай (яғни, бүгінгі күнге) отандық мұнай өңдеуші зауыттар бензин және авиакеросин сияқты жоғары сапалы мұнай өнімдерімен ішкі қажеттіліктерді толығымен қанағаттандыру талап етілген.
Отын-энергетикасы кешенінде жалпы қосылған құнды кемінде 30 пайызға көтеру мәселесі қойылған.
Президент 2015 жылға қарай металлургияда өндіріс көлемін және металлургиялық өнеркәсіп өнімдерін экспортқа шығаруды 2 есеге арттыруды тапсырған.
Металлургияда жалпы қосылған құн кемінде 107 пайызға өсуі тиіс деп жорамалданған.
Фармацевтика саласына 2014 жылға қарай дәрі-дәрмектер құралдарын ішкі тұтынудың 50 пайыздан астамын отандық өндірістің есебінен және т.б. қамтамасыз ету міндеті қойылған болатын.
Барлық инфрақұрылым салаларын дамыту туралы жоспарларды іске асыру жалпы қосылған құнның өсуін 63 пайызға қамтамасыз етуге тиіс болатын.
Сондай-ақ, жоғарыда аталған бағыттар бойынша барлық ресурстарды жұмылдыру, бұл біздің экономикамызға 7 триллион теңгеден асатын, немесе ұлттық өнімді 50 пайызға өсіруге, жылдық қосылған құнды қосымша құруға мүмкіндік береді деп жоспарланған.
Көріп отырғанымыздай, тапсырмалардың орындалу мерзімдері 2015 жылға, ал кейбір жағдайларда – басталған 2014 жылға қойылған, яғни ендігі орындалуы тиіс.
Алайда, олармен не болып жатыр, Үкімет алдына қойылған тапсырмаларды шешуге қаншалықты қолжеткізді – жалпы жұртшылыққа онша түсінікті болмай отыр.
Әрине, баспасөз күн сайын жаңа жобалардың іске қосылғаны туралы, қазақстандық экономиканың маңызды жетістіктері туралы хабарлап отыр, біз де бұған қуаныштымыз. Бірақ, ағымдағы жетістіктермен стратегиялық міндеттерді жоғалтып алмағанымыз өте маңызды.
Сонымен қатар, басқа түрдегі дабылдар да түсіп жатыр. Мәселен, фармацевтикалық өнімдерді өндірушілер қауымдастығы 2014 жылға белгіленген отандық дәрі-дәрмектің 50 %-ң орнына тек 37 %-ға жеткені туралы, яғни іс жүзінде салалық бағдарламаның, тіптіатап айтқанда уәкілетті органның - денсаулық министрлігінің кінәсінен орындалмағаны туралы хабарлайды.
2009 жылғы Мемлекет басшысымен қойылған жалпы экспорт бойынша ауылшаруашылық өнімдерінің үлесі туралы; құрылыстық материалдардың нарығындағы отандық өндірістің үлес салмағы; металлургияда экспорт өнімдерін 2 есеге арттыру және басқалар жөніндегі көрсеткіштерге жету белгілі бір күмән туғызады.
Егер де керісінше, бәрі сәтті орындалып жатса – онда бұл туралы жұртшылыққа айтуға болады және айту керек.
Үдемелі индустриаландыру Бағдарламасын іске асыруда өте қомақты мемлекеттік қаражат бөлінетіні, сондай-ақ оларды пайдаланудың тиімділігі азаматтардың заңды қызығушылықтарын тудыратыны да белгілі. Адамдардың бағдарламаның нәтижелерін ғана емес, сондай-ақ біздің еліміздің оларға қол жеткізгені үшін төлейтін бағасын да білгені маңызды.
Мысалы, жуырда баспасөзде Қазақстандық индустрияны дамыту институтының (Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің еншілес құрылымы) деректеріне сілтеме жасаған хабарлама болды, онда ерекше серпінді дамып келе жатқан - машина жасау саласында ҮИИДБ шеңберінде бір жұмыс орнын құруға бюджеттен жарты миллион долларға дейін жұмсалған! Осындай деректер бізде заңды сұрақтар және күмәндер тудырады.
Бір жұмыс орын үшін жарты миллион доллар – бұл салық төлеушілердің көңілінен шығатын баға емес деп айтуға әбден болады. Оның үстіне мұндай баға жеке кәсіпорын иесіне де ұнамас еді, егер ол осындай ақшаны өз қалтасынан шығаратын болса.
Бұл мәселе маңызды, себебі Үкіметтің өзінде ҮИИДБ-ын іс асыруға шығындардың көлемі бойынша бірегей пікір жоқ сияқты. Өткен жылғы 30 мамырда Үкіметтің 2012 жылғы есебі бойынша сөйлеген сөзімде, мен Есеп комитетінің 2012 жылы ҮИИДБ шараларын іске асыруға 842 млрд. теңге бөлінгендігі туралы ресми деректерін келтіргенмін.
Алайда, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі индустриаландыру жобаларына «бар жоғы» 12 млрд. жіберілді деген түсіндірулермен шыққан болатын.
Сондықтан, тиімділік мәселесінен басқа, ҮИИДБ іске асыру шығындарын есептеу және жүргізу әдістемесіне де сұрақтар туындайды.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, құрметті Серік Нығметұлы, «Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары Үкіметтен:
1) ҮИИДБ 2010-2013 жылдардағы (әр жылға жеке) орындалу барысы туралы, оның ішінде Мемлекет Басшысының 2009 жылы 15 мамырдағы баяндамасында, сондай -ақ оның одан кейінгі жұрт алдында сөйлеген сөздерінде белгіленген индикаторлар бойынша ақпарат;
2) Көрсетілген жылдарда шығындарды, индустриаландыру және инфрақұрылым жобаларына бөліп, бағдарламаны орындауға жұмсалған мемлекеттік қаржылар туралы ақпарат;
3) Көрсетілген жылдарда ҮИИДБ шеңберінде қаржыландырылған, оның ішінде жобадағы қуатына шықпаған, тұрып қалған немесе жұмысын тоқтатқан жобаларды көрсетіп, индустриялық жобалардың тізімін беруді;
4) ҮИИДБ-ның нақты жобалары және салалық бағдарламаның орындалмағаны үшін Үкімет мүшелерінің және өзге лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі туралы ақпарат;
5) ҮИИДБ іске асырудың, өндірілген жалпы қосылған құнның көлемін және жаңадан құрылған жұмыс орындарының санын қоса алғанда, әлеуметтік-экономикалық пайдасы туралы ақпарат беруді сұрайды;
6) ҮИИДБ іске асыру және Мемлекет Басшысының жаңа индустриялық дамыту жөніндегі тікелей тапсырмаларын орындау барысы туралы ҚР Парламентіне жыл сайын арнайы есеп беру тәжірибеге енгізілсін.
Құрметпен,
'Ақ жол' ҚДП парламенттікфракциясының депутаттары
А.Перуашев
Е.Никитинская
А.Әбілдаев
М.Қазбекова
Н.Жазылбеков
А.Тұртаев
Т.Ерғалиев
С.Қадралиева