Вице-премьер
Е.Жамаубаевқа
«Ақ жол» демпартиясына Қытайдан тез бұзылатын жемістер мен көкөністерді әкелумен айналысатын және «Бақты» кеден бекетінде кедендік ресімдеуден өтіп жатқан кәсіпкерлер жүгінуде.
Қазақстан мен Қытай арасындағы «Бақты» кеден бекетінің мәртебесі туралы келісімге сәйкес, тез бұзылатын тауарлары бар жүктерге «Жасыл дәліз» деп аталатын жеделдетілген кедендік рәсімдеу түріндегі басымдық берілген. Алайда, шын мәнінде, «Жасыл дәліз» «Қызыл тосқауылға» айналды!
Осылайша, 2017 жылдан бастап кеденшілер жүк, оның саны мен құны туралы мәліметтерді көрсететін жүк манифестін талап ете бастады. МКК деректер базасында манифест болмаған жағдайда тауарлар кедендік тексеруге жатады. Айта кету керек, жоғарыда аталған Келісімге сәйкес, бұл манифестті уақытында толтыру және тапсыру жөніндегі өз міндеттемелеріне немқұрайлы қарайтын Қытай кеденінің өкілдері жасайды.
2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасының аумағында жүктерді кедендік рәсімдеуді оңтайландыру мақсатында Электрондық декларациялау енгізілді. Шындығында, МКК ұсыныстары бойынша, Тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жүктер тек салық органдарының өздеріне белгілі іріктеу критерийлері бойынша кедендік тексеруге түсіп отырған.
2020 жылы МКК жанынан Бас диспетчерлік басқарма (БДБ) құрылған. Осы сәттен бастап «Бақты» кеден бекетінде жасалған барлық декларациялар БДБ-да құжаттық тексеруден өтеді. Сондай-ақ, Қытайдың Кеден қызметі мен Қазақстанның Салық комитеті импорттық тауарлар туралы алдын ала ақпаратты беру туралы келісімге келді. Алайда, ақпарат коммерциялық құпия болып табылады және ішкі құжаттарға жатады деген желеумен Қытай тарапы өз заңнамасына сілтеме жасай отырып, жүк туралы алдын ала ақпаратты толық көлемде бермейтін 2017 жылғы жағдай тағы қайталанып отыр.
БДБ қызметкерлері бұл мәселені көршілермен реттеудің орнына, оны шешуді кәсіпкерлерге жүктеді. Алдын ала ақпарат болмаған жағдайда, жалпы негіздегі жүктер кедендік құнға түзетулер тағайындай отырып, кедендік тексеруге жіберіліп, келісім-шарт шеңберіндегі бағаларға қарамастан, бұрын әкелінген ұқсас тауарлар бойынша өздерінің статистикалық мәліметтерін басшылыққа алады. Сұралған құжаттардың жоқтығынан кәсіпкерлер тез бұзылатын тауарлары болғандықтан, қосымша төлемге келісуге мәжбүр.
Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитетінің Ахуалдық орталығы қосымша тосқауыл ретінде әрекет етеді, ол жоғарыда айтылғандарға қоса, декларацияларды тексеріп, инспекциялық тексеру кешенінің (ИТК) соңғы түсірілімін қосымша жасайды.
Іс жүзінде, тез бұзылатын тауарларға бір декларацияны тапсыру кезінде кәсіпкер: автокөлікті кедендік тексеруден, таразыдан, ИТК рентгені шекаралық тексеруден, посттағы инспектордың, БДБ инспекторының бақылауларынан өтеді.Қандай кедендік әкімшілендіру туралы айтуға болады?
Осылайша, тез бұзылатын тауарларға арналған «жасыл дәліз» туралы айту мүмкін емес.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, құрметті Ерұлан Кенжебекұлы, «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы ұсынады:
1) Тез бұзылатын тауарларды өткізу кезінде ҚХР Кеден қызметімен кедендік әкімшілендіру мәселелерін шешу;
2) Нағыз «Жасыл дәлізбен» қамтамасыз ете отырып, тез бұзылатын тауарлары бар көлік құралдарын кедендік тексеруден өткізу тәртібін орнату.
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының депутаттары