жаңалықтар

18
Мамыр

Азат Перуашев: Бізге өркениетті және адами нарықтық экономика керек

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев Zakon.kz тілшісіне берген сұхбатында өткен жылдың маңызды оқиғаларына тоқталып, парламентте пен партиядағы өзгерістер туралы айтты.

 Азат Тұрлыбекұлы, өзіңіз және «Ақ жол» партиясы үшін өткен жыл қандай ерекшелігімен есте қалды?

– 2021 жылы саяси тәжірибеде және саяси жүйеде бірқатар өзгерістер болды, бұл демократиялық партия ретіндегі бізге маңызды екені сөзсіз.

Біріншіден, бұл қаңтардағы парламент сайлауының қорытындысы. Бұған дейін билікке альтернативті партиялар сайлаулардағыдай бірқалыпты жеті пайыз бен жеті мандатқа, яғни, жеткіліктілік шегін дәл толтырып ғана өтетін. 

2021-жылғы сайлау анағұрлым либералды, ашық жағдайда өтті және нәтижелері де сәйкесіншеболды. «Ақ жол» партиясы атынан 12, ал бұрынғы коммунистерден 10 депутат өтті, бұл Парламенттегі баламалы партиялардың өкілдігін бір жарым есеге арттырды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында берген тапсырмасы аясында партиялардың Парламент пен жергілікті мәслихаттар депутаттығына кіру межесін жетіден бес пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылданды. Бұл шешім көппартиялық жүйе мен сайлаушылармүддесінің ескерілуіне жұмыс істейтіні сөзсіз.

Президенттің жастар мен әйелдерге бөлінетін квотаны тізімдер жасау кезінде ғана емес, мандаттарды бөлу кезінде де қолдану керектігі, сондай-ақ, осы квотаға мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қосу туралы тапсырмасын атап өткен жөн.

– Бұл сіздің партия депутаттарының гендерлік құрамына әсер ете ме?

– Жалпы, мен квоталауды жақтамаймын, «Ақ жол» Демократиялық партиясында әйелдер үлесі ешқандай квотасыз да жеткілікті деңгейде болған. Мәселен, 2012 және 2016 жылдардағы парламент сайлауының қорытындысы бойынша, ешқандай квота мәселесі болмаған кезде, біздің фракцияда, тізімде емес, жалпы мандат алғанәйелдердің үлесі тұрақты 40 пайызды құраған.

Өткен жылы бұл көрсеткіш сәл төмендеді, бірақ бұл біздің депутаттарды біліктілік пен кәсібилікке қарай таңдап жатқанымызды және гендерлік құрамның бір бағытта ауытқып тұруы мүмкін екенін ғана көрсетеді. Енді бұл норманың жастар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да бағытталғанын ескерсек, мұндай шешім заң шығару жұмыстарында азаматтардың осы топтарының мүдделерін ескеруге көмектеседі. «Ақ жол» партиясының бұрынғы тәжірибесін ескерсек, бұл талаптарды орындау қиынға соқпайды.

– Жалпы, Қазақстан үшін 2021 жыл қалай өтті?

– Қиын, бірақ қызу жұмысқа толы жыл болды. Көршілері және дамыған елдермен салыстырғанда коронавируспен күрестеайтарлықтай жақсы нәтижелер бар. Қазақстанда инфекцияның өсу қарқыны күрт төмендеді. Бұл ретте мамандар өлім-жітім көрсеткішінің өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда артқанына назар аударуда. Бұл өте алаңдатарлық салыстыру, себебі, 2020-жыл өте қиын жыл болды, дәрігерлер әлі COVID-19 дерітмен күресуге қажетті дұрыс емдеу протоколын таппаған кез еді. Көрсеткіштің өсуі дәрігерлердің созылмалы ауруларды қараусыз қалдырғанын немесе коронавирус статистикасының дұрыс еместігін білдіруі мүмкін. Еуропа мен Ресейдегі коронавирустың жаңа штаммының таралуы қарқынымен бірге аталмыш мәселені де ескере отырып, біз ауру жұқтырудың ресми көрсеткіштеріне қарап босаңсымауымыз керек. Барлығы әп-сәтте өзгеруі мүмкін, сондықтан эпидемиологиялық сергектік жоғары деңгейде сақталуы керек.

Екінші жағынан, дәл осы ауру жұқтыру көрсеткіштерінің күрт төмендеуі шағын және орта бизнестің қайта қалпына келуіне, ондаған мың адамға жұмыс пен кірісті қайтаруға және әлеуметтік шығындардың қысымын жеңілдетуге мүмкіндік берді. Үкімет экономиканың қалпына келгенін және экономикалық өсімнің бар екеніхабарлады. Егер біз осы үрдісті сақтай алсақ, 2021 жылды коронакризиспен күрестегі бетбұрыс деп айтуға болады.

– «2021 жылдың басты оқиғасы» деп нені айтар едіңіз? 

– Ауыл, ауылдық округ және аудандық маңызы бар қала әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу секі маңызды мемлекеттік реформаны айтар едім.

Саяси мазмұны жағынан бұл кішігірім, бірақ жүйелі революция болып табылады. Еліміздеатқарушы орган басшыларын халық ешқашан тікелей сайлаған емес. Дәл 2021 жылы бұл тосқауыл алынып тасталды, менің ойымша, БАҚ пен қоғам дұрыс көңіл бөлмей, бұл қадамның маңыздылығын толық бағалай алмаған сияқты.

Сайлау процесі негізінен тыныш өтті, менің ойымша, бұл аумақтық сайлау комиссияларының олардағы бәсекелестік деңгейін жасанды шектеуімен байланысты. Осылайша, «Ақ жол» ҚДП ұсынған кандидаттардың жартысынан көбі (138-нің 81-і) мемлекеттік қызмет өтілі жоқ деген желеумен сайлауға жіберілмеді, дегенмен сол жылдың мамыр-маусым айларында заң қабылданған кезде заң жобасын әзірлеуші Ұлттық экономика министрлігі атынан депутаттарға бұл талапты алып тастайтындығын айтып сендірген болатын.

Сонымен бірге, сайлау қорытындысы бойынша өзге партиялардың мемлекеттік қызмет өтілі жоқ бірнеше кандидаты әкім болғаны белгілі болды. Бірақ дәл осы тосқауыл біздің кандидаттарымызға қатысты ғана қолданылды, нәтижесінде «Ақ жол» ҚДП кандидаттарының жартысы да емес, тек 40%-ға жуығы сайлауға қатысуға рұқсат алды. Кәсіпкерлердің көпшілігі өз ісін көтеріп, ешқашан шенеунік болып жұмыс істемегесін бұл шектеу бізге айтарлықтай кедергі жасады.

Сонда жылдар бойы жерлестерін жұмыспен, өніммен, инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп, ұжымдар мен қаржылық ресурстарды басқаруда тәжірибесі бар кәсіпкер адам өз ауылының немесе қаласының әкімі болуға лайық емес пе? Біз мұндай көзқараспен келісе алмаймыз. Бірақ,бұл мәселе бойынша Орталық сайлау комиссиясына бірнеше рет жазған өтініштерім іс жүзінде жауапсыз қалды.

Соған қарамастан, біз бұдан трагедия жасамаймыз, өйткені үлкен істің әрқашанда шығыны болады. Осындай олқылықтарды анықтап, жою арқылы біз заңнаманы 2024 жылға белгіленген аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы сияқты күрделі науқандарға жақсырақ бейімдей аламыз деп сенеміз. Кедергілерге қарамастан «Ақ жол» ҚДП-ның 13 кандидаты ауыл әкімі болып сайланғанын да айта кету керек. Сондықтан бұл сайлау біз үшін де нәтижелі болды.

Мәжіліске «Сайлау және саяси партиялар туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы кезекті заң жобасы келіп түсті, оған «Ақ жол» фракциясы 60-қа жуық ұсыныс әзірледі, оның ішінде әкімдікке кандидаттардың мемлекеттік қызмет өтілі туралы талапты заңнамалық тұрғыдан алып тастау секілді бірқатар мәселелер бар.

Яғни, бүгінде партияның жұмысы Парламент пен ауылдық әкімдіктерге негізделген бе?

– Олай емес. Бүгінде «Ақ жол» демократиялық партиясының жұмысы мемлекеттік басқарудың бүкіл вертикалында жүйелі сипатқа ие. Расында, қаңтарда өткен сайлауда жергілікті мәслихат депутаттығына үміткерлеріміз де толағай табыстарға қол жеткізді. Егер 2012-2016 жылдары 50-ге жуық жергілікті мәслихат мандаттарыналған болсақ, соңғы сайлауда олардың саны облыстық, қалалық және аудандық мәслихатдепутаттарының саны 220-дан асты. Өткен жылда біз барлық облыстық мәслихаттарда, сондай-ақ қалалық, аудандық деңгейде «Ақ жол» депутаттық фракцияларын құрып, тіркедік.

Партияның депутаттық фракциясының апта сайынғы отырыстарына партия филиалдары, жергілікті мәслихаттардың барлық депутаттары және ауыл әкімдері – барлығы 300-ге жуық адам онлайн режимінде қатысады. Олардың әрқайсысы проблемаларын көтеріп, Мәжілістегі фракция депутаттары арқылы орталық органдар мен Үкімет алдына сол мәселесін қоюға мүмкіндігі бар. Және көптеген әріптестеріміз бұл мүмкіндікті сәтті пайдалануда.

Осы орайда, саладағы әріптестермен тілдесе отырып, мемлекеттік басқарудың кемшілігінің бірі осы уақытқа дейін функцияларды шектен тыс орталықтандыру, жергілікті өзін-өзі басқарудың аймақтық мәселелерді шешуде атқара алатын және атқаруға тиіс маңызды рөлін жете бағаламау болып табылаатынын түсінесің. Орталықта және аймақтарда шенеуніктер кейде «артық» ақшаға африкалық ағаш жиһаздарын немесе қымбат көліктерді сатып алса, елді мекендерде кейде қарапайым заттар жетіспейді.Бірақ дәл сол жерге адамдар өз мәселелерімен келеді ғой, қоғамның билікке деген көзқарасы сол жерде қалыптасады. Ауыл әкімдерін тікелей сайлау билікті сайлаушыларға, қоғамға жақындатуға жасалған қадам. Өйткені, бұл сайлау бір реттік шешім емес: бұған дейін, бір жыл бұрын Президент Тоқаев бастама көтеріп, Парламент бюджет заңнамасына, әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін шектеуге, жергілікті билік органдарының ұстанымдарын нығайтуға қатысты өзгерістерді жүзеге асырған болатын. Демек, бұл «бір реттік» іс-шарадан алыс, бірақ ойластырылған және дайындалған шара.

«Ақ жол» партиясында біз бұл тәсілдерді жоғары бағалап, жыл басынан бері мәслихат депутаттары үшін жергілікті бюджеттің рәсімдері туралы, сайлаушылардың мәселелерін шешуде облыстық және қалалық/аудандық мәслихат депутаттарының мүмкіндіктері туралы семинарлар өткіздік. Бірқатар облыстардағы фракциямыздың бастамасымен енгізілген түзетулердің арқасында Демократиялық партияның депутаттары облыстық және қалалық мәслихаттардың тұрақты комиссияларын басқарды. Сондықтан жұмыс биліктің барлық «қабаттарында» жүргізілуде.

 Бір сөзбен айтқанда, 2021 жыл саяси жағынан табысты болғаны ғой…

– Саяси 2021 жыл айтарлықтай жұмысқа толы болды, бірақ саяси жүйені одан әрі демократияландыру үшін тұрақты тұғырнама жасады. Бұл біз демократиялық партия ретінде одан әрі алға жылжытуға дайын сөзсіз оң өзгерістер.

Бірақ өмір бір саясатпен шектелмейді. Классиктер айтқандай, «саясат экономиканың шоғырланған көрінісі ғана». Сондықтан «Ақ жол» Демократиялық партиясы үшін экономика мәселесі қашанда бірінші орында.

– Осы ретте «Ақ жолдың» басшысы ретінде Парламентте өткен бір жылда экономика саласында қандай нәтижеге қол жеткіздіңіз?

– Өткен жылы Мәжіліс әлеуметтік-экономикалық саланың бірқатар маңызды заңдарын қабылдады, олардың қаралуына және қайта қаралуына (кейде 60-70 пайызға) біздің фракция да белсенді қатысты. Солардың ішінде өнеркәсіптік саясат туралы, жер қойнауын пайдаланушыларының сатып алуы туралы, бәсекелестік туралы, квазимемлекеттік кәсіпорындарды сатып алу туралы, биржалық сауда туралы, кәсіпкерлік саласындағы реттеудің жаңа тәсілдері туралы, банктердің кепіл саясаты туралы заңдарды, салықтар бойынша және т.б.атай аламын. Дәл осы заң блогына «Ақ жол» фракциясы парламенттік жұмыста басты назарын аударды.

Осы заң жобалары бойынша ҚДП депутаттары бірнеше ондаған, тіпті, жүздеген түзетулер енгізді, олардың көпшілігі қабылданды. Біздің ұсыныстарымыз дәстүрлі түрде ұлттық мүдделерді қорғауға, отандық кәсіпорындардың өнімдерін ілгерілетуге бағытталған; экономиканы әртараптандыруды және технологиялық дамытуды ынталандыру; реттеуші органдармен, банктермен және ірі шетелдік жер қойнауын пайдаланушылар мен мемлекеттік сектордың серіктестерімен теңгерімді іскерлік қатынастарды құруға негізделген. Нақты жетістіктердің ішінде оффтейк келісім-шарттарын жүзеге асыру және оларды несиелер бойынша қамтамасыз ету ретінде пайдалану жөніндегі бастамаларымыздың заңдарда қабылдануын атай аламын; өндірушілердің локализацияны және өнім желісін кеңейту міндеттемесі туралы; шетелдік инвесторлардың қызметінде офсеттік саясаттың принциптерін қолдану (жергілікті кәсіпорындардың технологиялық дамуына жәрдемдесу) туралы және т.б. Біздің фракция кейде ШОБ субъектілеріне жай ғана алым жүктеп алатын «бақылау топтары» деп аталатын топтардың қызметін құқықтық реттеуге қол жеткізді. Енді оларға кәсіпкерлердің заңды құқықтарын бұзуға тыйым салынып, бақылау процедурасының өзі нақты әрі ашық болады. Біз жоғарыда айтқан пандемиялық жағдай аясында бұл реттеулер әлі де өзекті. Сонымен қатар, 2021 жылдың соңғы күндерінде АРРФМ мен Ұлттық банк «Ақ жол» депутаттарының микрокредиттер бойынша қарыз алушыларға борыштық жүктемені шектеу және т.б. бойынша түзетулерін қолдады. 

Ұсыныстарымыздың бәрі өтпейді, кейде фракция атынан енгізілген түзетулердің 70%-ға жуығынаүкімет тарапынан тосқауыл қойылады немесе парламенттік көпшілік қолдамайды. Дегенмен, ең іргелі түзетулер жиі қорғалады. Бұл қалыпты жұмыс процесі.

Атап айтқанда, бизнеске қарыздық жүктемені азайту үшін мемлекеттік органдармен және банктермен талқылау үшін қосымша сұрақтар белгіленді; Сондай-ақ, бірінші тоқсанда «Ақ жол» ҚДП жеке тұлғалардың банкроттығы туралы (біріншісін Үкімет осыдан алты жыл бұрын тоқтатқан) екінші заң жобасы бойынша жұмысты аяқтауды жоспарлап отырмыз, бұл психологиясысыр берген адамдарды балаларын терезеден тастап, өзгелерді атуға мәжбүрлейтін үмітсіздіктен қорғау үшін қажет.

Біздің экономикамызды одан әрі дамыту үшін қаржы институттары мен өндірушілердің, несие берушілер мен қарыз алушылардың мүдделерінің теңгерімі қажет. Бізге несиелер бойынша пайыздың барабар балансы және нақты кірістер, халықтың және ШОБ-тың нақты төлем қабілеттілігі қажет. Қазақстандағы капитал мен монополиялардың алғашқы жинақталу мен«жабайы капитализм» кезеңін аяқтайтын уақыт жетті. Мүмкін, бұл кезең кез-келген нарықта орын алатын шығар. Бірақ ары қарай мемлекетке бизнес пен адал бәсекеге негізделген өркениетті, адами нарықтық экномика қажет. 

Бұл жерде біздің көзқарастарымыз Президент Тоқаев ұстанған бағытпен, тура мағынасында болмаса да, бір бағытта үндесетініне қуанамын. Оның 2021 жылы алға қойып, жүзеге асырған бастамалары теңгерімді экономика мен әділетті қоғам құру мақсатын айқын көздейді. Айтпақшы, Қазақстан халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтауында Қасым-Жомарт Кемелұлы (осындай форматта алғаш рет) реформалардыжүзеге асыруды қамтамасыз ететін заңдар қабылдаудағы Парламенттің жұмысын ерекше атап өтті.

Біз бұл сөздерді бүкіл Парламентке берілген баға ретінде де, жоғарыда айтқанымдай үлкен жұмыс атқарған «Ақ жол» демократиялық партиясыпарламенттік фракциясының жұмысының өзектілігін растау ретінде де қабылдаймыз. Көбінесе бұл мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Парламенттік оппозиция туралы» заңның және оған енгізілген тетіктердің арқасында мүмкін болды, ол бүгінде мемлекеттік органдар мен оппоненттерді парламенттік азшылықтың ұстанымымен санасуға, парламенттік оппозициямен келіссөздер жүргізуге міндеттейді. 

 Макроэкономикалық жағдайды ескерсек, бұл қаншалықты шындыққа жанасады?

– Сіздің күдігіңіз маған түсінікті. Бүгінгі таңда кез-келген шешімдерге міндетті түрде біз бір елболып бетпе-бет келетін факторлар мен шектеулер кеп қосылады. Атап айтқанда – сыртқы қарыз алудың тежеусіз өсуі. «Ақ жол» партиясы бұл тақырыпты 10 жылдан бері көтеріп келеді, еститініміз сылтау ғана. Оның үстіне, бізге қарсы кейбір шабуылдар, мемлекеттік және корпоративтік қарызды бөлуді «түсінбеу» туралы айыптаулар басталады.

Шындығында, мемлекеттік қарыз да, корпоративтік қарыз да Конституция бойынша мемлекеттің меншігі болып табылатын біздің ұлттық экономикамызбен, табиғи байлықтарымызбен қамтамасыз етіледі, яғни, барша халыққа тиесілі. Сыртқы қарыздың сипатын жете бағаламау және елемеу мемлекеттік қарыздың барлық рұқсат етілген шекті мөлшерлерінен асып кетуіне алып келді.

Ағымдағы қажеттіліктер үшін Ұлттық қордан қаражат алу мәселесі де өзекті. Бірақ бұл біздің ақша емес, болашақ ұрпақтың еншісі.

Иә, соңғы екі жылдағы шығындардың артуы пандемияның экономика мен бизнеске тигізген соққысы салдарына болды. Дегенмен, мемлекеттік шығыстар неғұрлым ашық және тиімді болуы керек. М.Тэтчер айтқандай: «Мемлекеттік» ақша жоқ, салық төлеушілердің ақшасы бар», яғни халық пен кәсіпкерлердің ақшасы.

Біздің ойымызша, бұл тиімсіздік пен ашықтықболмауының басты себебі сыбайлас жемқорлықтың кең етек алуында. Соңғы жылдары заңсыз жолмен алынған кірістерді иемденуге қарсы күресте халықаралық тәжірибені пайдалануды қоса алғанда, бірқатар шаралар қабылданды. Соған қарамастан, жемқорлық – кесілген бастың орнына жаңасы өсетін гидра секілді. Адамдардың байлар мен кедейлерге әлеуметтік жіктелуі күрт өскен жағдайда сыбайлас жемқорлық мәселесі мемлекетке опасыздық деген мағынаға ие болады. Парламентте сөз сөйлей отырып, мен ондай шенеуніктердің «қолдарын кесу керек» деген сарында пікір білдірдім.

Сыбайлас жемқорлық жағдайлары тек мемлекет қаржысын ұрлаудан ғана емес, бизнестібопсалаудан да көрінетінін есте ұстаған жөн. Сөйтіп, нарықтық экономика мен жеке кәсіпкерліктің дамуына кедергілер туғызады. Ол әділ және ашық экономикаға көшу жолындағы басты кедергіге айналуда.

Халықтың шектен тыс жоғары несиелік жүктеме мәселесі, экономиканы несиелеуден жеке тұлғаларды несиелендіруге екпіннің ауысуысекілді проблемалар да осы қатарда. 2021 жылы несиелердің 58%-ға жуығы тұтынушылық несиелерге берілді. Бұл несиелер бүгінде отандық өндірісті емес, шетелдік тауарлардың импортын, құнсыздануды және импорттық инфляциялық үрдістерді қаржыландыратынын көрсетеді.

Сондықтан бәріміздің де жұмыс істейтін және алаңдайтын мәселелеріміз бар. «Ақ жол» демократиялық партиясы қоғамның сенімін ақтап, мәселелерді шешуде де, даму мақсаттарына қол жеткізуде де өз үлесін қосуға ұмтылады. Өйткені, өмір жалғасуда, тек қателіктерді түзеп қанақоймай, алға ұмтылу керек, бәрімізге жаңа 2022 жылда соны тілеймін.