22
Ақпан

Маңғыстау облысында «XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық байқауының жүлдегерінің марапаты табысталды

22 ақпан 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалы

         «Ақ жол» демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы, Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты Жаңбырбай Матаев, «Ақ жол-жастар» жастар қанатының жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты Гүлмайса Шаңбаева, аудандық мәслихат депутаты Азамат Изтурғанов Маңғыстау ауданына арнайы іс-сапармен барды.

         Сапар барысында  Маңғыстау ауданы, Шетпе кентіндегі №7 мектеп – лицейінің ұжымымен кездесті.

         Кездесуде ХХІ ғасырдағы «Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық байқауында «Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы: ұлы ақынның шығармашылығын танытудағы Алаш қайраткерлерінің еңбегі» номинациясы бойынша үздік атанып, II орын иегері Гүлжанат Оразбековаға арнайы жүлдесі табыс етілді.