Еуропалық ғылыми-өнеркәсіп палатасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП фракция мүшесі Нұрлан Жазылбековті сапа дипломымен және алтын медальмен марапаттады

» Санат жоқ » Еуропалық ғылыми-өнеркәсіп палатасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП фракция мүшесі Нұрлан Жазылбековті сапа дипломымен және алтын медальмен марапаттады

05.02.2013, 00:00

2013 жылғы 05 ақпан, «Ақ жол» Қазақстаннның демокртиялық партиясының баспасөз қызметі
 
2013 жылы 5 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП фракция мүшесі Нұрлан Жазылбеков жоғары сапалы кәсіби қызметі үшін сапа дипломымен  (DIPLOM DI MERITO) және алтын медальменмарапатталды.
Еуропалық ғылыми-өнеркәсіп палатасы 1992 жылы құрылған. Палатаның негізгі мақсаты Еуропалық ғылыми-өнеркәсіп палатасына мүше компаниялардың  әлемдік нарыққа кіруін жеңілдету үшін  бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. ТМД елдеріндегі палата өкілі профессор, философия докторы Фернандо де Мело.
Еуропалық ғылыми-өнеркәсіп палатасы тұрып жатқан еліне, ұлтына және діни нанымына қарамастан үздік азаматтарды медальдармен мараппаттайды. Басты критерийлері лауреаттың жоғары кәсібилігі және оның жұмысқа және қоғамға жауапты көзқарасы болып табылады. Сондай-ақ Еуропалық ғылыми-өнеркәсіп палатасы жоғары сапалы мекемелерді арнайы дипломмен (DIPLOM DI MERITO) , сонымен қатар дипломмен қоса алтын медальмен марапаттайды. Ал бұл Еуроодақта ең қадірлі марапаттардың бірі болып табылады.