Президент Қ.Тоқаевтың ӨБК шарттарын қайта қарау туралы тапсырмасын тарихи деп атауға болады
Президент
Қ.Тоқаевтың бүгінгі Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде экономикалық күн
тәртібіндегі мәселелердің барынша кең ауқымы қозғалды.
Нақты
олқылықтарды сынаумен қатар қол жеткізген нәтижелерге лайықты баға беріліп, ауқымды
ілгерілеуге серпін болған осы сөздердің жалпы позитивті ауанын ерекше атап
өткен жөн.
Мәселен,
Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібінің 6% өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік
берген Инвестициялық штабтың жұмысын атап өтті; электрондық Үкімет пен
электрондық мемлекеттік қызметтердің жетістіктерін бағалады; 2024 жылғы
рекордтық өнім және ауыл шаруашылығындағы тұрақты өсу және т.б.
●
Президент тапсырмаларының ішінде «Ақ
жол» демпартиясы үшін ең маңыздысы деп инвестициялық ахуалды жақсарту
мен шектен тыс бюрократияны жою шараларын қабылдау талабын атауға болады.
Атап
айтқанда, шетелдік және отандық инвесторлар үшін жеңілдік пен қорғау шарасының
қосымша жиынтығын ұсыну.
●
Мемлекет басшысы ірі өндірістік жобаларды іске қосуды заңсыз шығарылған
активтерді қайтарумен үндестіру қажеттігін атап өтті. Егер клептократтардан
қайтарылған миллиардтарды тек әлеуметтік жобаларға ғана емес, сонымен бірге
экономикаға инвестиция түрінде жұмсау туралы айтатын болсақ, бұл экономиканың
өндірістік қалыбын кеңейтуге және бюджет кірістерін біржақты емес, тұрақты
негізде қайта құруға мүмкіндік беретін маңызды фактор болар еді.
●
Қасым-Жомарт Кемелұлының әрбір болашағы бар орта кәсіпорынмен бірге
жұмыс жоспарын жасау туралы бастамасын өте маңызды деп санаймыз. Экономика
құрылымында, оның ішінде қолайлы салық шарттарын іздеу арқылы кәсіпорындардың
жасанды түрде бөлшектенуі салдарынан орта бизнестің үлесі күрт төмендеді. Осы
орайда, қазіргі заманғы технологияларды енгізуді де, бюджетке тиімділікті де
дәйекті түрде көрсетіп отырған орта бизнес: мәселен, Жоғарғы есеп палатасының
мәліметі бойынша, кейінгі үш жылда кәсіпкерлік субъектілері арасындағы жеке
кәсіпкерлердің үлесі 63-тен 82%-ға дейін өссе, орта бизнестің үлесі 1,3%-ға
дейін төмендеді.
Бұл
ретте орта бизнестен түсетін салық түсімдері жалпы ішкі өнім 3%-на дейін өсті,
бұл орта бизнестің жоғары тиімділігін көрсетеді.
Сондықтан
алға қойылған міндет экономика мен бюджет үшін, ал ұзақ мерзімді перспективада
– экономика құрылымын дұрыс өзгерту үшін жұмыс істейтіні сөзсіз.
●
Президент Қ.Тоқаевтың Өнімді бөлу туралы келісімдердің (ӨБК) мерзімін
ұзартқан кезде олардың шарттарын қайта қарау туралы тапсырмасын, жалпы алғанда,
тарихи деп атаған дұрыс, себебі, ол Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында
Қазақстан бұлыңғыр әрі даулы шарттармен шетелдік инвесторларды тартқан кезеңді
аяқтап отыр.
Бұл
қадам - әділеттілікті қалпына келтіру ғана емес, өз аумағындағы жер мен қазба
байлықтардың заңды иесі ретіндегі халқымыздың ұлттық мүддесін түбегейлі
ілгерілету.
«Ақ
жол» фракциясы 2022 жылғы 22 маусымда Конституция бойынша референдум өтіп, жер
мен жер қойнауы халыққа тиесілі екендігі туралы норма енгізілгеннен кейін
бірден Үкіметке ӨБК шарттарын ашу және қайта қарау қажеттігі туралы бірінші депутаттық
сауал жолдағанын еске салу қажет деп санаймын (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/a-zhol-dempartiias-kmetten-r-sheteldk-investorlarmen-mnaj-gaz-zhne-metall-resurstarn-ndru-tural-kelsmn-sharttarn-hal-aldnda-ashud-talap-ett ).
Одан
кейін де біз бұл тақырыпқа бірнеше рет оралдық, соның ішінде жемқор
шенеуніктердің заңсыз активтерін қайтару мәселесі аясында (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/el-bajl-eshkmn-ata-babasnan-alan-mras-emes ),
алайда, Үкімет, тіпті Конституциялық сот бұл ұсыныстан үнемі бас тартып келді.
Бүгін
бұл сең қозғалды.
● Үкiметке тариф саясатының жаңа стандартын
әзiрлеу жөнiндегi тапсырмалардың экономиканы ырықтандыру бағытына
қисынды түрде сәйкес келеді. Мемлекет жетімдер мен кедейлерді қолдауы керек,
бірақ жалпы қоғам нарықтық экономикада өмір сүруі қажет. Президенттің
ресурстарды, оның ішінде суды үнемдеп тұтыну мәдениетін атап өтуі кездейсоқ
емес.
●
Қ.Тоқаев талаптарының маңызды шегі – цифрлық құралдар мен жасанды
интеллектті кеңінен қолдану. Мұндай міндеттер құрылыс, логистика, ұлттық
компаниялар, мемлекеттік басқару және т.б. салалар бойынша қойылды. Мемлекет
басшысы оқиғаларды болжап отырғандай көрінуі мүмкін, бірақ оның рөлі де сонда –
Қазақстанды жалпы өркениеттік үдерістерге тарту, мемлекеттік аппарат пен
бизнесті озық үлгілер мен технологияларға бағыттау.
●
Екінші АЭС салу және атом энергетикасын дамытудың ұзақ мерзімді жоспарын
әзірлеу туралы ұсынысқа келетін болсақ, АЭС референдумына дайындық кезеңінде
отандық өнеркәсіпшілермен энергия тапшылығы мәселелерін талқылау мен көптеген
кездесу бұл саланы жеке нысан ретінде емес, тұтас сала ретінде дамыту
қажеттілігін көрсеткенін растаймын. Аталмыш тапсырма бірінші АЭС құрылысын
басып озғанымен, бұл уақыт пен технологияның талабы.
●
Президент Қ.Тоқаевтың салық және бюджет саласындағы жағдайға, сондай-ақ
мемлекеттік органдар өздерінің бюджеттік ережелері мен ковенанттарын (атап
айтқанда, Ұлттық қордан қаржы алу және
сыртқы қарыздарды тарту) жүйелі түрде бұзатын бюджеттік тәртіптің
төмендігі туралы алаңдаушылығын толық қолдаймыз, "Ақ жол"
фракциясы бюджетті қарау кезінде бұған үнемі назар аударады (мысалы: https://akzhol.kz/kk/blog/a-zhol-frakciias-2025-2027-zhldara-arnalan-biudzhet-zhobasn-oldamad ;
https://akzhol.kz/kk/blog/a-zhol-frakciias-kmett-esebn-ata-sna-alp-on-abldanuna-ars-daus-berd және
т.б.).
Дәл
осы бұзушылықтар біздің үкіметтің есептерімен және жобаларына келіспеуімізге
жиі себеп болады.
Бұл
саланы тәртіпке келтіріп, Президент талап етіп отырған бюджеттік тәртіпті қатаң
сақтау мемлекет қаржысын ұтымды жұмсап, бюджет тапшылығын еңсеруге алып келуі
тиіс.
●
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының инфляцияны тежеудің ескірген әдісін, Үкімет
пен Ұлттық банктің экономикалық саясатын тығыз үйлестіру қажеттігіне
қатысты пікіріне де келісеміз. «Ақ жол» фракциясы осындай ықпалдастық туралы
депутаттық сауалды тура бір апта бұрын жолдаған (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/a-zhol-ltt-bankt-bazal-mlsherlemesn-tmendetud-talap-ett ).
●
Кәсіпкерлікті қолдау шараларының ішінде Қасым-Жомарт Кемелұлы экономиканың
драйверлерінің бірі ретіндегі шынайы секторды несиелендірудің маңыздылығын атап
өтті. Бұл ретте ол мәселенің негізгі кедергісі – кепілзаттың жетіспеушілігін
де атап өтті.
Мемлекет
басшысының банктердің, корпорациялардың, орталық және жергілікті билік
органдарының жыл сайынғы жарналары есебінен несиелерді кепілдендіру құралдарын
кеңейту, сондай-ақ, кепілдік қорын құру жөніндегі бастамасы өте қызық. Ауыл
шаруашылығында несиелік серіктестіктердің тәжірибесі бар, оның кейбірі онша
табысты емес. Екінші жағынан, жергілікті әкімдіктердің қатысуымен «Даму» қоры
арқылы несиеге кепілдік беру, керісінше, жақсы нәтиже көрсетті.
Мемлекет
басшысы жанды жері мен оны шешу жолдарын көрсетті. Оны мұқият пысықтау қажет,
егер сәтті болса, экономикаға инвестициялаудағы тағы бір жүйелі кедергі кемиді;
● Сондай-ақ, Үкіметтің ҚҚС-ты 20%-ға дейін
көтеру және ҚҚС қолдану шегін жылына 78-ден 15 млн.теңгеге дейін төмендету
туралы ұсынысын да елемей өтуге болмайды. Отандық өнеркәсіпшілер мен
өндірушілердің мүддесін қорғайтын «Ақ жол» фракциясы бұл ұсыныспен
дауласатыны сөзсіз.
Президент
Қ.Тоқаев «Ұлттық қордан трансферттерді қысқарту және оның жинақтау функциясын
күшейту» бойынша басым міндеттерді белгілей отырып, салық реформасы қажеттігін
қолдады. Сондай-ақ, 2024 жылдың 7 ақпанында өткен Үкіметтің отырысында ол
«Қазақстанда басқаша мәнге ие болған ҚҚС-тың өзін реформалау қажет» деп айтқан
еді.
Сондықтан,
ҚҚС бойынша пікірталас салық реформасының барлық негізгі мәселелерін талқылауға
бастау беруі керек деп ойлаймын.