Азат
Перуашев
Менің Telegram каналымда көрсетілген «Ақ жол» демпартиясының 2024 жылғы
жұмысының кейбір нәтижелерінің жиынтығы
● 1 қаңтардан бастап мобильді аударымдарға фискалдық бақылау енгізілді. «Ақ
жол» фракциясы олигархтарды бақылаудың орнына, азаматтар мен шағын
кәсіпкерлерді толық бақылау деп бұл шешімді сынға алды. (https://t.me/peruash/10686)
«Ақ жол» демпартиясының талабынан кейін Ұлттық экономика министрі Байбазаров бұл мәселені қайта қарауға уәде берді. (https://t.me/peruash/10837).
● 23 қаңтар
- Алматыдағы жер
сілкінісі.
Оқиғалар
көрсеткендей, халықты мұндай жағдайларда оқытудың формальды сипатына, сондай-ақ
Сейсмология ғылыми-зерттеу институтының материалдық жағдайына
өткен жазда айтқан сынымыз орынды болып шықты.
Төменде 2023
жылғы 5 шілдедегі посттан үзінді:
«2017 жылы «Ақ жол» фракциясы үкіметке
сейсмикалық станцияларды қаржыландыруды тоқтатқаны туралы наразылық білдіріп,
депутаттық сауал жолдағанын еске алдық. Біздің сауалымыздан кейін қаржыландыру
қайта жанданған еді. Бірақ қазірдің өзінде ұжымның жағдайы өте қиын, мысалы –
институт ғимараты 1989 жылдан бері жөндеу көрмеген,
сейсмикалық станциялардың ғимараттары баракқа ұқсас, зертханалар өткен ғасырда
қалып қойған, беделді сейсмологтардың
жалақысы орта мектептегі мұғалімдікінен төмен». (https://t.me/peruash/9417, https://t.me/peruash/9419).
● 24 қаңтар: Ескерту жүйесі «елең етпеді» - Алматыдағы жер сілкінісінен қорытынды шығару – «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалы (https://t.me/peruash/10722)
● 23-24 қаңтарда Алматыда болған жер сілкіну кезінде апатты ескерту
жүйелерінің неге істемей қалғандығын анықтау барысында, қалалық ТЖД басшылығы
«дабылды қосу үрей тудырар еді» деп жауап берді. Сол себепті, дабыл емес, қала
тұрғындарына іс-әрекет тәртібі жөнінде хабарлау керек-мыс.
Осылайша ТЖД
басшылығы қолданыстағы жүйе тек дабылдан ғана тұрып, тұрғындарға хабарлау онда
қарастырылмаған деп санайтын сияқты.
Осы орайда,
2014 жылы «Азаматтық қорғау туралы» заң қабылданып, оның 6 б. 5 т. «Назар
аударыңыздар» дабылы қосылғанда «ескерту жүйесі бір уақытта әрі көп мәрте
қайталау арқылы тұрғындарға төтенше жағдайдың туындағаны туралы және сол
жағдайдағы олардың іс-әрекет тәртібі жөнінде хабарлауы керек» деп жазылған».
Яғни, жүйе тек
дабылдан ғана тұрмауы керек, дабыл елдің назар аударуы үшін ғана қажет. Ары
қарай сөз жүзінде тұрғындарға қажетті іс-әрекет тәртібі, эвакуациялану жолдары,
жиналу орындары, медицина және өзге де көмекті алу т.б. ақпарат таратылуы
керек.
Өздеріңізге
белгілі, 25 қаңтарда Мемлекет басшысы Антикорға төтенше жағдай туралы ескерту
жүйесінің істен шығу себебін тексеруді тапсырған.
Оның тапсырмасын орындау аясында тиісті қызметтер осы жайтқа да назар аударады деп сенеміз. (https://t.me/peruash/10782)
● 2024 жылдың 31 қаңтарында «Ақ жол» фракциясы 2019 жылғы ұшақ апатына
қатысты тергеу нәтижелерін аяқтап, жариялауды тағы да талап етті.
Мемлекеттік органдардың мәліметінше, бұл мәселе әлі де «қаралуда». (https://t.me/peruash/10772)
● 1 ақпан 2024 ж. – Қолымыздан келді! «Ақ жол» фракциясының көптеген
талаптарынан кейін Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 12
ақпаннан бастап оның өңірлік департаменттеріне мәмілелерді жарамсыз деп тану
туралы талап-арыз беруге тыйым салды. (https://t.me/peruash/10780).
Осы мәселе бойынша біздің өтініштеріміздің мысалдары:
- 17 наурыз
2021 ж.
(https://akzhol.kz/ru/initiated-bills/partiya-ak-zhol-vystwpila-v-zashhitw-biznesa-i-obratilas-v-genprokwratwrw-s-prosboj-prekratit-neobosnovannye-sankcii-nalogovikov-po-priznaniyu-sdelok-nedejstvitelnymi);
- 31 мамыр 2023 ж. (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/a-zhol-demokratiial-partiias-adal-biznest-orap-sal-organdarn-sham-bojnsha-kelsmderd-zharamsz-dep-tanud-zhoiud-talap-ett);
- 3 тамыз 2023 ж. (https://t.me/peruash/9530)
- 27 қыркүйек 2023 ж.) https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/sal-organdarn-kelsmderd-zharamsz-dep-tanu-talaptarna-shekteu-kerek);
- 18 қазан 2023 ж. (https://akzhol.kz/kk/blog/a-zhol-mmlelerd-zharamsz-dep-tanua-atst-basszdt-totatud-talap-eted) және т.б.
● 5 ақпан – үкімет ауысуы.
Президент Қ.Тоқаев үкімет пен әкімдердің
реформалар қарқынының бәсеңдеткенін, бұған
жол беруге болмайтындығын атады, бұл бұрынғы кабинеттің отставкаға кетуіне
басты себеп болған сияқты.
Отандық өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлердің өкілі
ретінде «Ақ жол» демпартиясы үшін Мемлекет басшысының экономиканы
ырықтандырудың тұрақты бағыты туралы мәлімдемесі аса маңызды болды. Сонымен
қатар, Президент атап өткендей, «Бұл Қазақстанды дамудың түбегейлі жаңа
деңгейіне шығарудың бірден-бір жолы».
2024 жылғы 8
мамырда Президент Қ.Тоқаев «Экономиканы ырықтандыру туралы» тиісті Жарлыққа қол
қойды.
Естеріңізге сала кетейін, «Ақ жол» фракциясы 2023 жылдың 19 қаңтарында үкіметке экономиканы ырықтандыру бағдарламасын әзірлеу туралы осындай ұсыныс жолдаған болатын (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/a-zhol-demokratiial-partiias-konomikan-rtandrud-keshend-badarlamasn-zrlep-r-bankterd-kshtep-blud-snd), бірақ бұрынғы үкімет басшылығы бәрі онсыз да жақсы деп жауап берді. Көріп отырғанымыздай, президент басқаша ойлайды, біз де онымен толық келісеміз (https://akzhol.kz/kk/blog/ndrs-ltt-konomikan-negz).
●Олжас Бектеновтың кандидатурасын неге қолдадық: https://t.me/peruash/10795
● 7 ақпанда жаңа үкіметтің отырысында
президент Қ.Тоқаев ҚҚС көтеруге жол берілмейтінін мәлімдеді.
Бұл нәтижеде
сонымен бірге 2023 жылдың күзі бойы осы үкімет
идеясына қарсы тұрған «Ақ жол» демпартиясының
табандылығының да үлесі бар:
- https://t.me/peruash/10829 (23 қазан
2023 ж.);
- https://akzhol.kz/kk/blog/a-zhol-kmett-oslan-na-salnatn-salt-arttru-zhosparn-ata-sna-ald (13
қазан 2023 ж.);
- https://akzhol.kz/kk/blog/a-zhol-dempartiias-oslan-na-salnatn-salt-kteruge-ars-shp-os-msele-bojnsha-parlamenttk-tdau-tkzud-talap-ett (19
қазан 2023 ж.);
- https://t.me/peruash/10334 (20 қараша
2023 ж.);
- https://t.me/peruash/10829 және т.б.
● «Ақ жол»
демпартиясының талабы бойынша өңірлер бөлшек салықты төмендетті:
«Ақ жол» фракциясының бірқатар талаптарынан кейін
(Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардағы «Ақ жол» демпартиясы
депутаттарының 30-дан астам өтініші) облыстар мен қалалар шағын және орта
бизнес субъектілеріне салынатын бөлшек сауда салығын төмендетті.
-https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/shan-bizneske-dl-sal-saiasat-kerek
сәуір 2023 ж.);
- https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/a-zhol-barl-ajmatard-kmdernen-blshek-sal-mlsherlemesn-ek-pajza-dejn-tmendetud-srajd (14 маусым 2023 ж.);
- https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/a-zhol-shnsh-ret-blshek-sauda-saln-tmendetud-talap-ett
(15 қараша 2023 ж.) және
т.б.
Нәтижесінде 2024 жылдың ақпанынан бастап
өңірлер бөлшек сауда салығын төмендету бойынша тиісті шешімдер қабылдай
бастады:
- Ақтөбе, 13 ақпан
2024 (https://t.me/peruash/10833);
- Шымкент, 23 ақпан
2024 ж.
(https://t.me/peruash/10899);
- Петропавл, 27 наурыз
2024 ж.(https://t.me/peruash/11113);
- Қызылорда, 27 наурыз
2024 ж.
(https://t.me/peruash/11102)
- Көкшетау, 28 наурыз
2024 ж.
(https://t.me/peruash/11119) и т.д.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жазға қарай барлық дерлік аймақтар (Алматыдан басқа) бөлшек сауда салығын азайтты.
● 15 кәсіпкердің сот залынан босатылуы (https://t.me/peruash/11025)
«Ақ жол» демократиялық партиясы 15
кәсіпкерді түрмеден аман алып қалды.
Михаил Козачковтың телеграм-каналындағы жариялымнан (https://t.me/kozachkow/8582) және заңгерлермен кездесуден кейін «Ақ жол» фракциясы ҚР Бас Прокурорына
«Қазтеміртранс» АҚ-ның бопсалауынан зардап шеккен және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігіне бұл бопсалаушылықтар туралы хабарлаған 15
кәсіпкердің қылмыстық жауапкершілікке тартылу заңсыздығы туралы депутаттық
сауал жолдады. (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/kspkerler-azholdan-trmeden-tarud-srad).
Барлық жағдайға қарамастан, көлік прокуратурасы кәсіпкерлерді 3 жылдан 8 жылға
дейін бас бостандығынан айыруды талап етті, іс осындай айыппен түсіп, сотта қаралды;
2024 жылғы 13 наурыздағы «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалынан кейін
сот нағыз жемқорлар – «Қазтеміртранс» АҚ лауазымды тұлғаларын қылмыстық
жауапкершілікке тарту туралы үкім шығарды.
Шағын және орта бизнес өкілдері (15 адам) қылмыстық жауапкершіліктен босатылды (https://t.me/peruash/11117).
● Наурыздың 15-і күні Атырауда өткен Құрылтайда сөйлеген сөзінде Президент
Қ.Тоқаев есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға – және «курьерлер» мен есірткіні
тығушыларға жазаны саралауды тапсырды. Ол кезде Қылмыстық кодексте екі санатқа
бірдей жауапкершілік қарастырылған – 10 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан
айыру.
Осыған байланысты «Ақ жол» фракциясы мамыр айында тиісті түзетулерді әзірлеп, Мәжіліске ұсынған болатын. Талқылау өте қиын болды, бастапқыда мемлекеттік органдар мен жұмыс тобы «Ақ жол» фракциясының ұсыныстарын қабылдамады; (https://t.me/peruash/11584). Алайда, кейіннен келіспеушіліктер еңсеріліп, 2025 жылдың 2 қаңтарында президент бірінші рет заңды бұзған жастардың жазасын жеңілдетуді (5 жылдан бастап) және есірткі саудасын ұйымдастырушыларға жазаны өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қатайтатын заңға қол қойды. (https://t.me/aqorda_resmi/22244).
● «Ақ жол» демократиялық партиясы, оның депутаттары, жақтастары мен кәсіпкерлері 2024 жылдың сәуір-мамыр айларында су тасқынына қарсы күреске белсене атсалысты: қорғаныс бөгеттерін тұрғызды, зардап шеккен елді мекендерден азаматтарды эвакуациялады және орналастырды, техникамен, жүзу жабдықтарымен, қорғаныс костюмдерімен, қап контейнерлері, азық-түлік пен киім-кешектермен қажетті көмек көрсетті. (https://t.me/peruash/11226; https://t.me/peruash/11135; https://t.me/peruash/11226; https://t.me/peruash/11291; https://t.me/peruash/11326 и т.д.).
«Ақ жол» фракциясының депутаттары депутаттық сауалда (https://t.me/peruash/11326) талап еткендей, биылғы су тасқыны мен басқа да төтенше жағдайлардың зардаптарын жою аясында жалғыз баспана болып табылатын саяжай үйлері толыққанды тұрғын үй деп танылады және олардың тұрғындары тиісті өтемақыға үміт арта алады (https://t.me/peruash/11326).
2024 жылдың 3 қазанында президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақ жол» демпартиясының су тасқыны кезіндегі жұмысына берген жоғары бағасын айта кеткеніміз жөн болар (https://t.me/aqorda_resmi/20064), сол қиын қыстау кезеңде біздің кәсіпкерлер мен депутаттар зардап шеккендерге екі жүзден астам техника мен басқа да гуманитарлық көмектер жіберіп, тұрғындарды эвакуациялауға, бөгеттерді салуға және су тасқынының зардаптарын жоюға тікелей қатысты. Президенттің біздің аз-кем үлесімізге осындай баға беруі оның уақыт ағынымен қатар жүріп, әр жанның еңбегін әділетті бағалайтындығын көрсетеді https://t.me/peruash/12102).
● 6 сәуірде Мемлекет басшысы «Кәсіпкерлік мәселелері туралы» заңға қол
қойды, онда Ақорданың баспасөз қызметі басқа жаңалықтармен қатар, отандық
өңдеуші кәсіпорындарды елімізде өндірілетін шикізатпен қамтамасыз ету басымдығы
туралы норманы ерекше атап өтті.
Бұл «Ақ жол» демпартиясы фракциясы депутаттарының табанды талқылауының нәтижесі болды. (https://t.me/peruash/2061; https://akzhol.kz/kk/blog/zhl-sonda-ortnd-zhasau-detke-ajnalan). Оны іс жүзінде қолданылуы Қазақстанның табиғи ресурстарын пайдаланудағы ұлттық мүдделерді нығайтуға, экономикамыздың дамуы мен нығаюына, технологиялық қайта бөлуді енгізуге, олигархиялық топтардың кірістерінің бір бөлігін шағын және орта топтардың пайдасына қайта бөлуге әкелуі керек. (https://t.me/peruash/11209).
● 2 мамырда Премьер-Министр О.Бектенов «Ақ жол» демпартиясының азаматтардың
зейнетақы жинақтарын салықтан босату туралы талаптарымен келісті. (https://t.me/peruash/11453).
«Ақ жол» фракциясы 2023 жылдың 18 қазанында Үкіметке осындай талаппен
депутаттық сауал жолдаған болатын. (https://akzhol.kz/kk/blog/a-zhol-dempartiias-bzhz-zejneta-zhinatarnan-tsetn-investiciial-tabst-saltan-bosatud-snd).
Бұрынғы үкімет басшылығы ол кезде біздің бастамамызбен келіспеді. Дегенмен, тақырыпты сенатор әріптестеріміз
2023 жылғы 22 желтоқсандағы және 2024 жылғы 12 сәуірдегі сауалдарында
жалғастырды. Сонымен қатар, осы уақыт ішінде «Ақ жол» демпартиясының Қаржы
министрлігі, Қаржыгерлер қауымдастығы және БЖЗҚ басшылығымен зейнетақыны
салықтан босату мәселесі бойынша консультациялары жалғасты.
«Ақ жол» фракциясының пайымдауынша, ондаған жылдар бойы жалақысының қомақты
бөлігін (10%) үкімет пен БЖЗҚ-ға аудару арқылы азаматтар ол қаржыны пайдалануға
еш араласпайды. Өз кезегінде мемлекет бұл қаражатты БЖЗҚ салымшылары түріндегі
ақша иелерінен сұрамай, олармен ақылдаспай, өз қалауы бойынша әртүрлі
мақсаттарға пайдаланады. Соның ішінде шығыны көп ҚТЖ-ны қаржыландыру сияқты
екіұшты мақсаттарға да жүздеген миллиардтарды бөледі (https://vlast.kz/novosti/58673-173-mlrd-tenge-iz-enpf-napravat-na-zakup-zeleznodoroznyh-vagonov-kuantyrov.html) және т.б.
Демек, БЖЗҚ-дағы азаматтардың қаражаты бюджетке түсетін салықтар сияқты ондаған жылдар бойы мемлекетке қызмет етіп келеді. Ал олардан салық талап ету – салықтың өзінен салық талап етумен бірдей.
● «Ақ жол» фракциясының үш депутаттық сауалынан кейін (2024 жылғы 17 қаңтардағы ДС (https://t.me/peruash/10689) Алматы облысындағы «Маревен Фуд» зауытына әділетсіз ұсталған ҚҚС сомасы жартылай қайтарылды (7 млрд-тан 3,5 млрд-қа жуық).
● 2024 жылғы 4 мамырда «Ақ жол» фракциясының
бірқатар талаптары бойынша «Кублей» (Орал қ.), «Нұртау темір» және «Солнечный»
сүт зауыты (Алматы қ.), «Дольче-Фарм» және «Kz Recicling» (Алматы
облысы) және басқа да бірқатар кәсіпорындарда кезінде әкімдіктердің санитарлық
аймақтарды бұза отырып тұрғын үй құрылысына рұқсат беруіне байланысты олардың
жабылу қаупі сейілді (21 мамырдағы пост https://t.me/peruash/11519).
«Ақ жол» Демпартиясы Оралдағы «Кублей» ет комбинаты (Қазақстанның ұлттық ет
бренді болып саналады) сияқты белгілі өндірістік кәсіпорындарды жабу талаптары
бойынша проблемалар туралы Үкіметке бүкіл 2023 жыл бойы және 2024 жылдың
бірінші жартыжылдығында премьер-министрлер мен Бас прокурорға депутаттық
сауалдар жолдады. (мысалы, 2023 ж. 27 маусымындағы сауалдарымыз https://t.me/peruash/9319; 11 қазан 2023 ж. - https://akzhol.kz/kk/blog/azat-peruashev-kmetke-nr-otann-atelktern-ajtalamazdar; 13 желтоқсан 2023 ж. https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/sheneukterd-rejderlk-reketter-totatlsn; 29 сәуір 2024 ж. https://akzhol.kz/kk/blog/azat-peruashevt-2024-zhld-29-surnde-mzhlste-ndrs-zhne-rls-ministr-sharlapaevt-atsumen-zhaa-ndrstk-saiasat-bojnsha-tken-kmet-saatnda-sjlegen-sz
және т.б.).
Парламенттегі «Ақ
жол» фракциясының осы тақырыптағы соңғы сөзінен бір аптадан кейін Денсаулық
сақтау министрінің осы мәселенің түйінін шешкен бұйрығына қол
қойылды. Атап айтқанда, қазіргі аумақта тарихи (бір жылдан астам) тұрғыдан жұмыс
істеген кәсіпорындар үшін санитарлық нормаларды төмендетуге қарай қайта қарауға
болатыны анықталды. Яғни, мұндай кәсіпорындардың санитарлық аймағында тұрғын
үйлер салу (негізінен әкімдіктердің заңсыз рұқсатымен) енді бұл зауыттардың
жабылуына әкеп соқпайды.
Өнеркәсіптік кәсіпорындар аймағында тұрғын үй салуға рұқсат берген әкімдердің неге жазаланбағаны түсініксіз (26 маусымдағы пост, https://t.me/peruash/11674).
● Бірақ кейде
мемлекеттік органдардың жауаптары одан да көп сұрақтар туғызды. 2023 жылғы 4 қазандағы энергетикалық машина
жасауды құру қажеттілігі туралы сауалға Үкімет Қазақстан Республикасында
турбиналар, генераторлар және т.б. жабдықтардың өндірісі бар деп жауап берді. Іс
жүзінде бұлардың ешқайсысы Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік көлемде
өндірілмейді. Яғни, Үкіметтің жауабы жағдайға бақылаудың жоқтығын көрсетеді,
соның салдарынан жылу электр станцияларындағы апаттар жалғасуда, соның ішінде.
жабдықты жеткізудің бұзылуына байланысты. Бірақ үкімет өз өндірісін құрған жоқ,
дегенмен бизнес бұған дайын екендігін білдірді.
- 2023 жылғы 15 желтоқсандағы және 2024 жылғы 14 наурыздағы олигополияға қарсы күрес сылтауымен мүлікті заңсыз алып қою туралы, яғни, адал кәсіпкерлерден мүлікті тартып алып, олигархтарға беру туралы (Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы санаторий мысалында) депутаттық сауалға – айқын фактілерді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Конституциясының тікелей нормаларын және т.б. ескермейтін жауаптар алынды.
● 2024 жылғы 17 мамырда Президент
Қ.Тоқаев Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілді,
Конституцияны және Қазақстан тарихын білу емтихандарын енгізу туралы заңға қол
қойды.
«Ақ жол» демпартиясы мұндай талаптарды енгізуді 2011 жылы (https://online.zakon.kz/m/amp/document/31086666) және 2017 жылдары бірнеше рет ұсынған болатын (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/migrated_4087). Менің постым: https://t.me/peruash/11498
● 2024 жылғы 5 маусымда «Ақ жол» фракциясы үкіметтің жұмысын
қанағаттанарлықсыз деп танып, 2023 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есепке
қарсы дауыс берді.
Себептер: 2023 жылға арналған кірістер жоспары 140 млрд
теңгеден астам қаржыға орындалмады. Алайда, салық түсімдерінің өсімі аванстық
төлем есебінен қамтамасыз етілді, «болашақтағы өнім» десе де болады. Мұндай
тәсілге барудың өзге салдары ретінде қаржыландырудың күйреуі мен кезекті жылдың
1 тоқсанында бюджет міндеттемелерін орындамау болып табылады.
2023 жылы
қосылған құн салығын қайтару 2 есеге азайып, соңғы 9 жылдағы ең нашар
көрсеткішке ие болды. ҚҚС қайтару бойынша бюджеттің қарызы жыл қортындысы
бойынша 594 млрд тг құрады. Яғни, 2023 жылғы салық саясаты бюджеттің
жоспарланған табыстылығын қамтамасыз ете алмауымен қатар айналымдағы қаражатты
«мұздату» арқылы кәсіпорындардың мүддесіне үлкен зиян тигізді.
Қарыздарға
қызмет көрсету шығындары 3 жылда 2 есеге артқан, 2023 жылы бұл мақсатқа 4 трлн
258 млрд теңге жұмсалған, бұл өз кезегінде барлық мұнай табысының 28 пайызын
«жеп» қойған.
Екінші себеп –
шығынды бағдарламаларға деген қайтарымсыз шығыстардың өсуі мен шынайы секторды
қаржыландырудың тұрақты қысқаруы, бұл табысты қалпына келтіруді тежейді. Соңғы 10 жылда шығыстардың жалпы көлеміндегі
шынайы сектордың үлесі 16% дейін бір жарым есеге төмендесе, даму бюджеттерінің
үлесі 10%-ға дейін екі есеге құлдыраған.
- Шағын және
орта бизнестің саны 10 пайызға өсіп, 2 миллион субъектіден асқаны жеке
кәсіпкерлер үлесінің 63 пайыздан 82 пайызға дейін күрт өсуімен байланысты, өз
кезегінде Жоғарғы аудиторлық палата бағалауы бойынша бұл бизнестің жасанды
бөлшектену үрдістерін жоққа шығармайды.
Орта кәсіпкерліктің үлесі үш жыл ішінде 1,3 пайызға дейін
төмендеді. Бұл бұйрықтың өзектілігі
айқын.
https://akzhol.kz/kk/blog/a-zhol-dempartiias-kmett-2023-zhlda-zhmsn-anaattanarlsz-dep-tanp-biudzhett-atarlu-tural-esepke-ars-daus-berd
● Жаңа Салық кодексінің жобасын талқылау барысында «Ақ жол»
фракциясы үнемі банктерден алынатын табыс салығын (КТС) 30-35%-ға дейін көтеру
қажеттігін алға тартады:
-26 маусым
https://t.me/peruash/11677:
- 17 қыркүйек,
Мәжілістегі Салық кодексінің таныстырылымында сөйлеген сөз https://t.me/peruash/12049; https://t.me/peruash/12050
Тиісті түзетулер Мәжілістің жұмыс тобына жіберілді, талқылау 2025 жылы жалғасады.
● Президенттің 2024 жылдың 2 қыркүйегіндегі
Жолдауында банктерге әділетті салық салу мәселесі
де қамтылды.
Мәселен, Қасым-Жомарт Тоқаев банк секторы тарапынан мемлекет бюджетіне
әділетті үлес қосылуы мен осы орайдағы сараланған салық салудың қажеттілігін
тағы да атап өтті. Бұл тәсілді сөзсіз
құптаймыз әрі бұған дейін ҚНРДА басшылығы бұған қарсы шыққанын еске сала кету
керек. Соған байланысты, биыл 26 маусымда біз агенттіктің мемлекет
басымдықтарына қарсы түрде банктердің мүддесін қорғап отырғандығы туралы нәтиже
шығарған едік (https://t.me/peruash/11697).
Президент бұл пікірталасқа нүкте қойды.
Одан бөлек, банктерден экономиканы несиелендіруді арттыруды талап етіп, соған
байланысты Үкімет пен Ұлттық банкке тиісті шара кешенін әзірлеуді
тапсырды. Сонымен қатар, Салық кодексіне
орала отырып, Қ. Тоқаев тағы бір мәрте оны қолданыста түсінікті қылу
керектігіне назар аударды. Биыл 1 шілдеде вице-премьер мен Ұлттық экономика
министрі Н. Байбазаров қатысқан Ұлттық Кеңес Пленумында «Ақ жол» демпартиясы
бұл құжатқа қатысты өз сынын айтқан болатын (толығырақ мына жерден көруге
болады: https://t.me/peruash/11705).
Одан бөлек, Қасым-Жомарт Кемелұлы салық саясатындағы ең түйткілді мәселені
дәл атап, «бұл құжат салықтық әкімшілендіру ісінің салық төлеушілерге деген
сенімге негізделген мүлде жаңа жүйесін қалыптастыруға тиіс» екендігін айтты.
Бүгінде, шын мәнінде, салық органдары барлық айналымды адал көрсетіп,
қажетті төлемдерді төлейтін заңды бизнес «қорқытып-үркітуде». Дәл осындай
кәсіпкерлерге мәмілелерді жарамсыз деп тану тәжірибесінің кең етек алуының
нәтижесінде іс жүзінде қайта салық салу қолданылады. Ал мұндай айла-шарғылардың
бастамашыларын, нақты алаяқтарды ешкім іздемейді.
Құжаттың күрделігін, оны жан-жақты зерделеу қажеттігін, сондай-ақ бизнес
қауымдастығының белсенді түрде білдірген алаңдаушылығын ескере отырып,
Қ.Тоқаевоны қабылдауды келесі жылға қалдырған сияқты. Бұл экономика мен
мемлекет мүддесі үшін дұрыс шешімді іздеуге мүмкіндік беретін өте маңызды
шегерілім. Қарау:
https://akzhol.kz/kk/blog/azat-peruashevt-memleket-basshsn-2024-zhl-2-rkjekteg-zholdauna-pkr
2024 ж. 2 қырүйегіндегі пост https://t.me/peruash/11969
● А.Садықовтың ротациясы, 29 тамыз
https://t.me/peruash/11945
А.Садықовтың
партиядан шығарылғаны жөнінде журналистердің толассыз сұрақтарына түсініктеме
бердім. Партиямыздың атына А.Садықовқа қатысты бірқатар шағымдар түсті, онда айтылған
жәйттар пленумда қаралып, тиісті шешім шығарылды. Шағымдардың дені оның теріс
іс-әрекеттеріне, атап айтқанда, өкілеттігін асыра пайдалану мен этикалық
нормаларды бұзуына байланысты болды.
Пленум нақты
фактілерге сүйене отырып А. Садықовты партиядан шығару туралы шешім қабылдады.
Соның ішінде, бұл жағдайлардың (бірнешеу) одан да қауіпті салдары болмас үшін.
4 қыркүйек https://t.me/peruash/11994
● А.Садықовтың орнына партияның Ұлттық кеңесінің пленумы Мәжіліс депутаты ретінде атыраулық кәсіпкер, партия төрағасының орынбасары, бұрын бірнеше рет Атырау қалалық мәслихаты мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған С.Ерубаевты сайлады (24 қыркүйектегі пост https://t.me/peruash/12082 ).
● 2024 жылғы 3 қыркүйекте «Ақ жол»
Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан
халқына жолдауында жариялаған атом электр стансасын салу жөніндегі референдумға
қатысты көзқарасты талқылады.
3 сағатқа созылған ашық және қызу пікірталас барысында ҚР Энергетика министрі А.Сәтқалиев ҰК мүшелерінің сұрақтарына жауап берді, әріптестеріміздің ескертулері мен ұсыныстарын тыңдады. Нәтижесінде жиынға қатысушылар АЭС құрылысын қолдап, референдумға дайындық жөніндегі бірыңғай штабқа қосылуды ұйғарып, оның жұмысына атсалысты. 3 қыркүйектегі пост https://t.me/peruash/11979
●Қазанның 3-де маслихат депутаттары форумында Президент Қасым-Жомарт
Тоқаев жергілікті маслихат депутаттарының өкілеттігін кеңейті, олардың бюджетті
қарастыру мен бақылауы, Салық және Бюджет кодекстерінің жобаларын талқылауға
қатысулары бойынша бірқатар маңызды мәлімдеме жасады https://t.me/peruash/12102.
«Ақ жол» демпартиясы бұл бағытты жергілікті деңгейде саяси жүйені
демократияландыру мен конституциялық реформаның маңызды бөлігі ретінде
қарастырады.
Салық кодексі аясында 2023 жылдың сәуір айынан бастап және Мәжілістің
кешегі пленарлық отырысында «Ақ жол» демпартиясының Парламенттегі және
мәслихаттардағы депутаттары шағын және орта бизнес үшін бөлшек сауда салығын
төмендету туралы 30-дан астам депутаттық сауал жолдады.
(https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/a-zhol-blshek-saln-keles-zhl-da-2a-dejn-tmendetu-kerek
), және тб.
Президент Қ.Тоқаевтың конституциялық реформасы мен «Күшті Президент –
ықпалды Парламент – есеп беретін үкімет» қағидаты аясында «Ақ жол» фракциясы
биыл 3 сәуірде бюджет қаражатын пайдалануды қоса алғанда мәслихаттар мен
жергiлiктi әкiмдiктер өкiлеттiгiнiң теңгерiмiн талап етіп депутаттық сауал
жолдады (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/mslihat-deputattard-rl-kshejtlu-tis).
Бұл сауалға қанағаттанарлықсыз жауап алған соң фракция 2024 жылғы 26
маусымда мемлекеттік органдардың мәслихаттардың өкілеттіктерін күшейтуге
құлықсыздығын сынға алып, өз тарапынан мұндай бастамалардың жалғасын табатынын
мәлімдеді. (https://t.me/peruash/11675) .
Бұл тақырып 2024 жылдың 27 қазанында Шымкентте өткен жыл сайынғы
форумымызда «Ақ жол» Демпартиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихаттардың
200-ден астам депутаты тарапынан талқыланып, қолдау тапты. (https://t.me/peruash/12200).
2024 жылғы 18 желтоқсанда Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау
мақсатында «Ақ жол» фракциясы мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту және
олардың депутаттарының мәртебесін күшейту бойынша нақты ұсыныстармен кезекті
депутаттық сауал жолдады (https://t.me/peruash/12439).
Шенеуніктердің қарсылығына қарамастан бұл жұмысты жалғастырамыз.
● 2024 жылдың 30 қазанында «Ақ жол» фракциясы 2025-2027 жылдарға арналған
бюджет жобасын қолдамай (https://akzhol.kz/kk/blog/a-zhol-frakciias-2025-2027-zhldara-arnalan-biudzhet-zhobasn-oldamad)
үкіметтің экономикалық саясатын қатаң сынға алды. Себептер:
-Ұлттық қор
қаржысының таусылуы;
- Үкіметтің
2023 жылы қабылданған Ұлттық қордан 2025 жылдан бастап нысаналы трансферттерден
толық бас тарту туралы міндеттемесін орындамауы. Енді 2025 жылға олар кенеттен
Ұлттық қордан 3,3 триллион шығын шығаруды жоспарлады.
- Бюджеттік
дағдарысқа қарамастан – дағдарысқа қарсы бағдарламаның болмауы;
- Үкіметтің ірі
мұнай-газ жобалары (Қашаған, Қарашығанақ, ТШО) бойынша Өнімді бөлу туралы
келісімдерді (ӨБК) ашудан және қайта қараудан бас тартуы;
-Квазимемлекеттік
сектор мен ұлттық компаниялардың бюджетке табысының 10-12 пайызын ғана жіберіп,
90 пайызын қоғам мен парламенттің бақылауынан тыс жұмсайтын паразиттік сипаты;
- 2025 жылы
бюджет есебінен 6,1 трлн теңге төленуі тиіс жалпы мемлекеттік қарыздың өсуі.
- Экономиканың
нақты секторын (яғни өндіріс пен құрылысты) қаржыландыруды 30%-ға, яғни, 3,1
триллион теңгеден 1,8 трлн теңгеге дейін қысқаруы.
- Мемлекеттік
қолдау алатын ШОБ субъектілерінің санын 6 есеге қысқарту – 2024 жылғы 7 мыңнан
2025 жылы 1100-ге дейін және т.б.
Мұндай саясат байлар мен кедейлер арасындағы әлеуметтік алшақтықты одан әрі ұлғайтуға әкеледі деп есептейміз.
Белгілі болғандай, 2024 жылдың 21 желтоқсанында қоғамдағы кең ауқымды сыннан кейін президент үкіметтің экономикалық саясатына жетекшілік еткен вице-премьер Н.Байбазаровты қызметінен босатты.
● 2024 жылдың
1 қарашасында сұхбат беріп, онда бизнесті қолдауға қатысты тұжырымдамалық
көзқарастарымды түсіндіруге тырыстым. Негізінде мен бұл сайттан гөрі белгілі,
беделді басылымдарға үнемі түрлі сұхбат беріп тұрамын. Бірақ бұл жерде
кәсіпкерлерге қатысты мемлекеттің салық және реттеу саясатының өзара
тәуелділігі туралы негізгі көзқарасты жеткізу мүмкін болды.
«Қаржының бөлінуін бақыламай, экономиканың шенеуніктерге бағынышты қалмау.
Бизнеске субсидиялар түрінде қайтарып беруге тура келетін дүниелерді әу баста
тартып алмауға болады. Оны бизнес дұрыс деп санаған жерге онсыз да жұмсайды.
Мен бұндай тәсілді әділетті әрі экономикалық тұрғыда нәтижелі деп ойлаймын. Бұл
нәтижелі кәсіпорындар үшін ұтымды, олайда әлсіз әрі төмен табыстыларды
банкроттыққа ұшыратады».
«Ақ жол» салалық салық ставкаларына көшуді 12 жылдан астам, парламентте
болған барлық жылдар бойы ұсынып келеді. Яғни, кәсіпкерден түскен табыстың
барлығын алып, кейін қайта бөліспей, бірден басымдыққа ие болғандарға көбірек
қалдыру. Бірақ бұл тәсіл нарықтық қатынастар мен адал бәсекелестік аясында
болуы үшін нақты кәсіпорындарды емес, экономиканың қажетті салаларын қолдау
керек. Салалардың ішінде «табиғи сұрыптау» жүру керек».
«ҚҚС-ты сату салығымен ауыстыру идеясының мезгіл-мезгіл пайда болуы
кездейсоқ емес және өткен жылы шағын бизнес үшін бөлшек сауда салығы енгізілді.
Бірақ саралау сала бойынша емес (яғни тауар түрлері), бизнес көлемі бойынша
болды. Нәтижесінде, жеңілдік
тұтынушылардың әлеуметтік топтары үшін емес, жеке бизнес топтары үшін пайда
болады, бұл кәсіпкерлерді олардың бизнесін бөлшеуктеуге және халықтың кедей
немесе ауқатты топтары үшін жұмыс істейтініне қарамастан, толық салық салудан
аулақ болуға итермелейді. Мұндай саралау міндеті толығымен бұлыңғыр және бұл,
менің ойымша, түбегейлі олқылық».
«Ал біздің салық органдары әлі жасағысы келмейтін жалпы салалық ҚҚС
ставкасы болған жағдайда оның мөлшері саладағы шығындардың азаюына немесе
өсуіне тікелей әсер етеді. Бұл нақты секторлардың дамуын ынталандырады немесе
тежейді. Бұл жағдайда «таңдаулыларға» субсидия
бөлудің қажеті болмайды - жай ғана саладағы барлық кәсіпорындардың қолында
мемлекет қалдыру қажет деп санаған сома қалады. Және басқалардың есебінен емес,
өздері тапқан. Бұл тәсіл табиғи іріктеуді жоққа шығармайды, бірақ күшті
бәсекелестікке көмектеседі. Ал олардың өздері шенеуніктердің ықыласына азырақ
тәуелді болар еді».
«Қазақстанда шенеуніктер ҚҚС қайтару немесе субсидиялау үшін "алым" талап еткен жаңалықтарды үнемі оқып жатамыз. Бұл мәселе ақша ағындарын қолмен қайта бөлуге негізделген ағымдағы жүйенің тікелей салдары болып табылады» Сұхбаттың толық нұсқасы: https://akzhol.kz/kk/blog/biznes-sheneunkterd-ajrmna-bansht-bolmau-kerek-zorknewskz
● 15 қарашада ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумында Президент
Қ.Тоқаев Қазақстанның жаңғыруы мен реформалары жалғасатынын, нақты жоспарлар
мен бастамалар 2025 жылы кезекті Құрылтайда және жыл сайынғы Жолдауда
жарияланатынын айтты. (https://t.me/peruash/12301).
Бұл мәлімдемені өте маңызды деп санаймын және елімізге өте қажет өзгерістерді тереңдетіп, жүзеге асыруға үлкен үміт артамын.
● 2024 жылғы 19 қарашада «Ақ жол» фракциясының сауалы бойынша бірқатар
өңірлерді тексеру барысында Бас прокуратура лауазымды тұлғалардың тендерде
«қажетті» жеңімпазды таңдап алу мақсатында мемлекеттік сатып алудың жабық
әдісін («ДСП» грифі бойынша) өткізгендерін анықтаған (https://t.me/peruash/12326).
«Ақ жол» фракциясының тиісті депутаттық сауалы 2024 жылғы 16 қазанда Бас
прокуратураға жолданды (https://t.me/peruash/12153).
Кінәлі шенеуніктер жауапқа тартылуда.
● 2024 жылдың 20 қарашасында «Ақ жол» фракциясы Жамбыл облысындағы «Жеміс
жидек» ЖШС-ін рейдерлік шабуылдан қорғады (https://t.me/peruash/12327).
«Ақ жол» фракциясы 18 қыркүйекте (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/a-zhol-zhms-step-tran-biznest-zhabua-km-mddel)
және 6 қарашада (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/adal-kspkerlerd-ajta-bluden-orau-kerek)
ҚР Бас Прокуроры Б.Асыловқа шенеуніктердің «Жеміс-Жидек» ЖШС-не жасаған
шабуылына қатысты депутаттық сауал жолдады.
Нәтижесінде Бас Прокурор мен сот органдары табысты ауыл шаруашылығы өнімін өндірушіге қатысты әділеттілікті қалпына келтірді (https://t.me/peruash/12329).
● 2024 жылғы 4 желтоқсанда «Ақ жол» фракциясы Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодекс жобасына қарсы дауыс берді, себебі жұмыс тобы мен қалған барлық
фракциялар «Ақ жол» депутаттарының азаматтар мен кәсіпкерлерге салынатын түрлі
айыппұлдарды 3-5 есеге азайту туралы ұсыныстарын қолдаудан бас тартты.
«Сіздер әлдебір Штрафстан құрып жатырсыздар, ал, мемлекетке теңгерімді нарықты экономика қажет» - менің сауалымның цитатасы мемге айналды (https://t.me/peruash/12366).
● 2024 жылғы 12 желтоқсандағы пост - жергілікті мәслихаттар депутаттарын қайта сайлау қорытындылары бойынша «Ақ жол» демократиялық партиясы депутаттарының қатары бұрынғы 203 әріптестен басқа жеті жаңа әріптеспен толықты (https://t.me/peruash/12401)
●2024 жылғы 26 желтоқсанда «Ақ жол» демпартиясының орталық ғимаратында жыл
сайынғы республикалық жыр мүшәйрасының қорытындысы шығарылып, марапаттау рәсімі
өтті. Жыр бәйгесінің бастамашысы және ұйытқысы осы жылдар бойы партия
төрағасының орынбасары болды. партия, Мәжіліс депутаты, ақын Қазыбек Иса.
Биылғы жылы мүшәйра Алтын Орданың атасы әйгілі Жошы Ханға арналды (https://t.me/peruash/12476).
Кейбір шолақ белсенділердің «Қазақстанның мемлекеттілігі болмаған» немесе елімізге тәуелсіздік пен ұланғайыр жерді «сыйлыққа» берген деген секілді негізсіз айыптаулар айтылған тұста, бұл мүшәйраның әдеби маңызынан бөлек, үлкен идеологиялық, тіпті, мемлекеттік маңызы жоғары. Мұндай бос сөздерге нақты жауап: қазақтардың мемлекеттілігі 1991 немесе 1917 жылдардан басталған жоқ. Оның мыңжылдық негізі өз бастауын сонау Түрік қағанаттарынан, Алтын Ордадан, Қазақ хандығы мен Алаш Республикасынан алады, бүгінгі Қазақстан Республикасы солардың заңды мұрагері.
● 2024 жылдың соңында, 25
желтоқсанда жан түршігерлік трагедия болды – Ақтауда әзірбайжан ұшағы апатқа
ұшырап, оның себептері халықаралық қатынастарды жоғары деңгейде шиеленістірді.
Қазақстанның апатқа ұшыраған әзірбайжандық ұшақтың "қара жәшігін"
ТМД Халықаралық авиациялық комитетіне (ХАК) емес, Бразилияның авиациялық
шиеленістерді зерттеу және алдын алу Орталығына жөнелтуі (Centro de
Investigação e Prevenção de Acidentes Aeronáuticos, CENIPA) - маңызды әрі принципті
оқиға.
Осындай жағдайларда мемлекет басшылары деңгейіндегі ашық даулардың
қарқындылығын ескере отырып, тергеудің негізгі факторларын бразилиялық тарапқа
беру туралы шешімді Қазақстан басшысының жеке өзі қабылдағанына күмәнім жоқ.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ең қиын жағдайларда дұрыс және теңдестірілген
тәсіл таба білетін жоғары деңгейдегі дипломат ретіндегі беделін тағы да
растады.
«Қара жәшіктерді» CENIPA-ның қолына беру халықаралық авиация құқығының
нормаларына сәйкес келеді (еске сала кетейін, апатқа ұшыраған Embraer ұшағы
Бразилияда жасалған), сонымен қатар:
⁃ Тергеудің негізгі элементтерін
тергеуді бейтарап аймаққа ауыстырады (әлбетте, апаттың себебі өндірушінің
техникалық ақаулары емес, Әзірбайжан президенті айтқандай «сыртқы әсер»);
⁃ Ресейлік мамандар басты рөл
атқаратын ХАК тергеу нәтижелеріне сенім/сенімсіздік мәселесін күн тәртібінен
алып тастайды;
⁃ "Қара жәшіктерді"
зерттеу нәтижелеріне барлық тараптардың және жалпы халықаралық қауымдастықтың
сенімін арттырады;
⁃ Осылайша, Әзірбайжан мен Ресей
басшылығы арасындағы қызу пікірталасты төмендетеді;
⁃ Тергеу нәтижелері бойынша тиісті
шаралар қабылданса, соның ішінде кінәлілер жауапқа тартылса, бұл ресейлік тарап
пен осы трагедиядан зардап шеккен көршілері арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа
келтіруге жағдай жасайды.
⁃ Бұл тағы да Қазақстанның және оның лидерінің халықаралық құқықты құрметтейтін және осындай күрделі және шиеленісті қақтығыстарда ашықтық қағидаттарын ұстанатын Тәуелсіз ел ретіндегі беделін арттырады (https://t.me/peruash/12499).
Көріп отырғанымыздай, 2024 жылы аз жұмыс жасалмады, «Ақ жол» демократиялық
партиясының, әсіресе, өңірлердегі жұмысының бұдан да көп нәтижелері бұл шолудан
тыс қалды.
Өкінішке орай, біздің көптеген іргелі бастамаларымыз («Ақ жол» Демпартиясының
Саяси бағдарламасы деп оқыңыз: https://akzhol.kz/kk/program) шенеуніктер
тарапынан қабылданбағандықтан немесе депутаттық фракциямыздың Парламенттегі
өкілдерінің аздығынан, сондай-ақ биліктің өз партияларына деген сақталып
отырған монополиясы салдарынан жүзеге
аспай қалуда. Бірақ, уақыт өтеді, заман өзгереді.
Тек сабырлылық пен табандылық таныту керек.
Түбегейлі өзгерістер орын алмай қоймайды.