Мәжіліс депутаттары Жамбыл облысында болды

» Аймақ - жаңалықтары » Жамбыл облысы » Мәжіліс депутаттары Жамбыл облысында болды

19.02.2021, 17:54

19 ақпан 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалы

Бүгін Мәжіліс депутаттары Андрей Линник, Азат Сембинов және Орталық Кеңестің хатшысы Болат Момышев Жамбыл облысына іс-сапармен барды.

Сапар барысында партия өкілдері Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде халық қалаулылары ақ халаттылардың мәселелерін тыңдады. Сонымен қатар пандемиямен күрескен медицина қызметкерлеріне алғыстарын жеткізіп, оларды COVID-19 індеті кезіндегі жанқиярлық ерлігі мен қайырымдылық көрсеткені үшін «Жанқиярлық күресі үшін» медалімен марапаттады.