04
Қантар

«Ақ жол»-2025: шешімін тапқан мәселелер мен жұмыс барысындағы істер

2026 жылдың алғашқы жұмыс аптасы басталар алдында өткен 2025 жылдың белгілі бір қорытындыларын шығаруды жөн санадық. Өткен жылы «Ақ жол» Демократиялық партиясы қандай мәселелермен айналысты, қандай проблемаларды көтерді, қандай нәтижелерге қол жеткізді.

«Ақ жол» Демпартиясы – мыңдаған адамдарды біріктірген, олардың ұмтылыстары мен еңбегі, жеңістері мен сәтсіздіктері, үміттері мен жетістіктері бар үлкен әрі тірі ағза. Бәрімізді өз елімізге қызмет ету идеясы және партияның негізгі қағидаттарын ілгерілету біріктіреді:

- мықты мемлекет және «Алаш» ұлттық идеясы;

- кәсіпкерлер мен нарықтық экономиканы қолдау;

- жемқорлық пен әділетсіздікке қарсы күрес;

- демократия мен парламентаризмді дамыту.

2025 жылы біздің серіктестеріміз атқарған бастамалар мен істердің көлемін – әрқайсысы өз орнында, өз кәсіпорнында немесе өңірінде, тіпті барлық мүшелерді емес, тек филиалдар мен мәслихат депутаттарын ғана алсақ та – толық қамтып, тізіп шығу мүмкін емес. Мысалы, негізінен Парламенттегі «Ақ жол» фракциясының қызметін ғана көрсететін менің Telegram-каналымда 2025 жылы шамамен 2,5 мыңға жуық жазба жарияланған, оны бір ғана шолуға сыйғызу мүмкін емес.

Сондықтан мен осы арнаға сүйене отырып, «Ақ жол» Демпартиясының бар жұмысы емес, тек Парламенттегі алты депутаттан тұратын фракциясының атқарған қызметін ең маңызды деректер аясында жинақтауға тырыстым.

Өткен жылғы күш-жігерімізді мынадай үлгі бойынша жүйелеп көрейін: алдымен – ең резонансты тақырыптар; одан кейін – не жүзеге асты, не жүзеге аспады және қандай мәселелер әлі де жұмыс процесінде.

Осы материалды дайындай отырып, «Ақ жолдың» стилі мынадай ерекшеліктерден тұрады деп ерекше атап өткім келеді:

- нақты басымдықтарға негізделген жүйелі жұмыс (жоғарыда аталған негізгі қағидаттарды қараңыз);

- көтерілетін тақырыптардың прогрессивтілігі;

- табандылық, қажет болған жағдайда көтерілген мәселелерге қайта-қайта оралу;

- нақты практикалық нәтижеге бағытталу. Сыртқы әсер де қажет, бірақ ол екінші орында. Ең бастысы – сөз бен істің алшақ кетпеуі.   

Сондықтан, егер сізді 2025 жылғы «Ақ жол» Демократиялық партиясының қызметі қызықтырса – бос уақыт тауып, оқып көріңіз. Іш пыстырмайды деп үміттенемін.

Ақпараттың бірінші блогы. Менің көзқарасым бойынша, қандай оқиғалар аса мазмұнды болып, «Ақ жол» Демпартиясының жұмысы мен ұстанымын айқын көрсете алды?
Бәлкім, олар мыналар болар:

- жаңа Салық кодексі төңірегіндегі пікірталас;

- кәсіпкерлерге ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) құрды деп айып тағуды жою бойынша «Ақ жол» фракциясының жұмысы;

- сирек жер металдарының бақылаусыз шығарылуына қатысты «Ақ жол» Демпартиясы депутаттарының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен дауы;

- мемлекеттік органдардың IT-жобаларға шамадан тыс әрі негізсіз шығындары жөніндегі Үкімет және әкімдіктермен пікірталас;

- цифрландыру мен жаңа технологияларды ілгерілетуге бағытталған «Ақ жол» Демпартиясының бастамалары;

- Президент Қ.Тоқаевтың парламенттік реформасына қатысты «Ақ жол» Демпартиясының ұстанымы;

- квазимемлекеттік компаниялардың жосықсыз бәсекесінен жеке кәсіпкерлерді қорғау мәселесі бойынша «Ақ жол» фракциясының Үкіметпен дауы;

- «Ақ жол» депутаттарының Үкіметтің 2024 жылға арналған бюджеттің орындалуы туралы есебіне қарсы шығуы;

- кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларының тиімділігі туралы есепке «Ақ жол» фракциясының сыны.

Ал, кеттік.

МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАР

***

● Сөзсіз, 2025 жылы «Ақ жол» Демократиялық партиясы ең үлкен жұмыс көлемін Үкіметпен жаңа Салық кодексі жөніндегі пікірталастарға арнады.

Мәселен, 22 қаңтарда «Ақ жол» фракциясы мәмілелерді жарамсыз деп тану мәселесі бойынша Үкіметке депутаттық сауал жолдады (https://t.me/peruash/12599).

23 қаңтарда партияның орталық кеңсесінде Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Салық альянсының өкілдерінің қатысуымен «Ақ жол» фракциясының жаңа Салық кодексіне енгізген түзетулері талқыланды (https://t.me/peruash/12613).

29 қаңтарда «Ақ жол» фракциясы Үкімет ұсынған ҚҚС-тың 20% мөлшерлемесін және ҚҚС бойынша жылдық шекті айналымды 15 млн теңге деңгейінде белгілеуді қатаң сынға алды (https://t.me/peruash/12708).

30 қаңтарда «Ақ жол» Демократиялық партиясы Премьер-Министр Олжас Бектеновке ҚҚС-тың 20% мөлшерлемесіне, сондай-ақ ҚҚС шегін жылына 15 млн теңгеге дейін төмендетуге қарсы; сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар және басым салалар үшін төмендетілген сараланған ҚҚС мөлшерлемелерін енгізу қажеттігі жөнінде ұсыныстарын жолдады (https://t.me/peruash/12677).

1 ақпанда «Ақ жол» Демпартиясының депутаттары салалардың әлеуметтік маңыздылығы мен басымдылығына қарай сараланған ҚҚС мөлшерлемелерін енгізу туралы ұсыныстарын жария етті (https://t.me/peruash/12676).

1 ақпанда Вице-Премьер Серік Жұманғарин ҚҚС-тың сараланған мөлшерлемелерін енгізуге дайын екенін растады (https://t.me/peruash/12679).

4 ақпанда «Ақ жол» Демпартиясының алаңында шағын бизнес өкілдерімен кеңес өтті. Онда шағын және орта бизнес өкілдері бірауыздан ҚҚС-тың 20% мөлшерлемесіне және шекті айналымды жылына 15 млн теңгеге дейін төмендетуге қарсы шығып, сондай-ақ бөлшек салықты сақтауды қолдайтындарын білдірді (https://t.me/peruash/12690).

7 ақпанда Президент Қ.Тоқаев Үкіметке ҚҚС бойынша сараланған мөлшерлемелерді енгізуді және жалпы белгіленген ҚҚС мөлшерлемесін шектен тыс көтермеуді тапсырды.

Еске сала кетейік, салықтардың сараланған мөлшерлемесіне қатысты алғашқы тапсырманы Қасым-Жомарт Кемелұлы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында беріп, жаңа Салық кодексін дайындауды тапсырған еді. Сол кезде «Чиновник» ТА журналистері бұл тапсырмаға «Ақ жол» депутаттарының ерекше позитивті реакциясына назар аударған болатын (https://t.me/chinovnik_kz/1216).

Президенттің осы тапсырмасына байланысты «Ақ жол» фракциясы ҚҚС мөлшерлемесін және бөлшек салықты сақтау мәселесін қайта талқылауға оралу жөнінде ұсыныс жасады (https://t.me/peruash/12710).

9 ақпанда «Ақ жол» Демпартиясының депутаттары Алматыда шағын бизнеспен бөлшек салықты сақтау және оның мөлшерлемесін төмендету мәселесі бойынша кездесу өткізіп (Алматы әкімдігі 2025 жылға бөлшек салықты төмендетуден бас тартқан), ҚҚС мөлшерлемесі мен оның шекті деңгейіне қатысты ШОБ-тың ұстанымын талқыладық (https://t.me/peruash/12737).

10 ақпанда Үкімет ҚҚС мөлшерлемесін 16% деңгейінде белгілеу, әлеуметтік тауарлар үшін 10% және 0% сараланған мөлшерлемелер енгізу, сондай-ақ Арнаулы салық режимі (АСР) арқылы 4% бөлшек салық режимін сақтау туралы жариялады (https://t.me/peruash/12740).

● Осыған байланысты «Ақ жол» фракциясы бұл тәсілдерді экономикалық есептермен негізделмеген деп сынға алып, неғұрлым оңтайлы көрсеткіштерді ұсынды (https://t.me/peruash/12743).

17 ақпанда Салық кодексі бойынша пікірталастар Мәжілістің жұмыс тобына өтті (https://t.me/peruash/12769).

27 ақпанда жаңа салық мөлшерлемелерінің таныстырылымында «Ақ жол» фракциясының депутаттары бюджет шығыстарын қысқарту мәселесін көтерді: шенеуніктер санын азайту, мемлекеттік аппаратқа, квазимемлекеттік сектор мен ұлттық компанияларға жұмсалатын шығындарды қысқарту; сыбайлас жемқорлықпен және «сұр» импортпен күрес; ҚҚС-тың жаңа мөлшерлемелерін жыл сайын 1%-дан кезең-кезеңімен енгізу; азық-түлік өнімдеріне ҚҚС-тың 0% мөлшерлемесін белгілеу және т.б. (t.me/tengrinews; https://t.me/peruash/12831).

Сол пікірталаста «Ақ жол» фракциясы бюджетті толықтырудың қосымша резервтері ретінде контрабандамен күресті, ірі мұнай-газ компанияларымен жасалған ӨБК (СРП) келісімшарттарын ашу және қайта қарауды, ұлттық компаниялар пайдасын бюджетке бағыттауды және т.б. атап өтті (https://t.me/peruash/12839).

Балтық елдерінде банктердің табысына 30% мөлшерінде қосымша салық енгізілгенін мысалға келтірдім (https://t.me/peruash/12731).

6 наурызда Мәжілістің жұмыс тобы «Ақ жол» фракциясы депутаттарының ҚҚС шегін 78 млн теңге немесе 20 мың АЕК деңгейінде сақтау туралы түзетуін Үкіметтің қорытындысына жолдады (https://t.me/peruash/12879).

9 сәуірде «Ақ жол» фракциясы жаңа Салық кодексіне бірінші оқылымда қарсы дауыс берді (https://akzhol.kz/kk/blog/a-zhol-frakciiasn-sal-kodeks-bojnsha-stanm-mzhlst-plenarl-otrsnda-sjlegen-sz).

Қарсы дауыс берудің себептері сөйлеген сөзімде келтірілді:

- «Ақ жол» ұсынған банктерге, ірі шикізат экспорттаушыларына салықты арттыру, ӨБК-ні қайта қарау мәселелері бойынша Үкіметтің нақты ұстанымының болмауы;

- ҚҚС шегінің жылына 40 млн теңгеге дейін төмендетілуі, бұл мәселені шешпейді. Біз 78 млн теңге шегін талап етеміз;

- АСР төлеушілерімен В2В мәмілелерін шегерімге жатқызуға тыйым салу;

- ҚҚС-тың жаңа мөлшерлемесін жыл сайын 1%-дан кезең-кезеңімен арттырудан бас тарту;

- азық-түлікке, киім мен аяқ киімге, балалар тауарларына, дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтерге, коммуналдық төлемдер мен әлеуметтік тұрғын үйге ҚҚС-тың 0% мөлшерлемесін енгізу жөніндегі біздің ұсынысымыздан Үкіметтің бас тартуы;

- экономиканың басым салалары – машина жасау, жабдық жасау, IT-технологиялар, өнеркәсіптік құрылыс үшін төмендетілген мөлшерлеме енгізуден бас тарту;

- салықтарды өзгерту мәселесін мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектор шығындарын қысқартумен, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтумен, олигархтарды толыққанды салық салумен қамту мәселелерімен қатар қарастырудан Үкіметтің бас тартуы және т.б. «Ақ жол» фракциясы осы мәселелер шешілмейінше, ұсынылып отырған салықтық модель теңгерімсіз және тиімсіз болады деп есептейді.

17 сәуірде Мәжілістің жұмыс тобы жаңа Салық кодексі бойынша шағын және орта бизнесті (ШОБ) және отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған «Ақ жол» фракциясының ондаған ұсынысын Үкіметтің қорытындысына жолдады (https://t.me/peruash/13112).

25 сәуірде Үкіметтің теріс қорытындысына сүйене отырып, Мәжілістің жұмыс тобы «Ақ жол» фракциясы ұсынған 102 түзетудің дерлік барлығын кері қайтарды (https://t.me/peruash/13149).

30 сәуірде «Ақ жол» фракциясы жаңа Салық кодексіне екінші оқылымда қарсы дауыс берді (https://t.me/peruash/13165). Осы кодекс бойынша Сенаттың ұсыныстарына қатысты да фракция дәл осылай дауыс берді.

2 мамырда жаңа Салық кодексін ашық түрде сынға алғанымен, өзi соған «қолдап» дауыс берген және қарсы дауыс беруді «хайп қуалау» деп атаған әріптес-депутаттың ұстанымына түсініктеме беруге тура келді (https://t.me/peruash/13178).

Жаңа Салық кодексі қабылданғаннан кейін де «Ақ жол» депутаттарының жұмысы жалғасын тапты. Атап айтқанда, Президент Қ.Тоқаевтың 8 қыркүйектегі Жолдауында бизнесті тексеру мәселелері бойынша барлық кодекстер мен заңдарды Кәсіпкерлік кодекске сәйкестігі тұрғысынан ревизиялау жөніндегі тапсырмасына байланысты, 10 қыркүйекте «Ақ жол» фракциясы Үкіметке жаңа Салық кодексін де осындай тәртіппен қайта ревизиялау туралы депутаттық сауал жолдады (https://t.me/peruash/13952).

7 қазанда Үкімет біздің сауалымызға жауап беріп, жаңа Салық кодексін Кәсіпкерлік кодекске сәйкестігі тұрғысынан тексеруге келісетінін мәлімдеді (https://t.me/peruash/14090).

16 сәуірде «Ақ жол» Демпартиясының депутаттары салық реформасы және капиталды елге қайтару қажеттілігіне байланысты салық рақымшылығын жүргізу туралы ұсыныспен Үкіметке депутаттық сауал жолдады.

18 мамырда Үкімет тәуекелдерді жан-жақты талдау және заң талаптарын сақтау шартымен салықтық рақымшылық мәселесін қарастыруға дайын екенін білдірді (https://t.me/peruash/13234).

Алайда 22 қазанда Қаржы министрінің бірінші орынбасары Ержан Біржанов салықтық рақымшылық болмайтынын, бірақ бұрынғы кезеңдер бойынша салықтық тексерулердің тоқтатылатынын, сондай-ақ сол кезеңдер үшін салық берешегі өтелген жағдайда өсімпұл мен айыппұл өндірілмейтінін мәлімдеді (https://uchet.kz/news/nalogovoy-amnistii-ne-budet-no-nalogovye-proverki-s-1-yanvarya-2026-goda-otmenim-minfin/).

Сонымен қатар, 29 желтоқсанда Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге бағытталған қосымша жеңілдіктер тізбесін жариялады (https://www.zakon.kz/ekonomika-biznes/6502814-v-2026-god-s-chistogo-lista-khoroshuyu-novost-obyavili-predprinimatelyam-kazakhstana.html).

Шын мәнінде, бұл – қарыздарды кешірусіз жүзеге асырылған, толық емес болса да, салықтық рақымшылық. Толық болмаса даЖеңіс.

Келесі мәселе. Бөлшек салық енгізілген сәттен бастап «Ақ жол» Демократиялық партиясы оның мөлшерлемесін орталық деңгейде де, жергілікті деңгейде де 4%-дан 2%-ға дейін төмендетуді табандылықпен талап етіп келеді. 2023–2024 жылдары «Ақ жол» партиясының Мәжілістегі және барлық жергілікті мәслихаттардағы депутаттары (барлығы 200-ден астам депутат) осы мәселе бойынша ондаған депутаттық сауал жолдады. Нәтижесінде (Алматы қаласын қоспағанда) барлық дерлік өңірлерде мөлшерлемені 2–3%-ға дейін төмендетуге қол жеткізілді.

Осы тәжірибені ескере отырып, жаңа Салық кодексін талқылау барысында біз бөлшек салықтың (немесе жаңаша АСР) бірыңғай 2% мөлшерлемесін енгізуді ұсындық. Алайда бұл бастаманы Үкімет бұғаттады (https://t.me/peruash/13675).

Сондықтан 24 қыркүйекте Мәжілістегі «Ақ жол» фракциясы Үкіметке, барлық өңірлер мен қалалардың әкімдеріне және мәслихаттарына 2026 жылға АСР мөлшерлемесін 2%-ға дейін төмендету жөнінде депутаттық сауал жолдады (https://t.me/peruash/14028).

7 қазанға дейін жергілікті мәслихаттардағы «Ақ жол» Демпартиясының барлық депутаттары өз өңірлерінде АСР-ді төмендету жөнінде осындай сауалдар жолдады (https://t.me/peruash/14089).

31 қазанда Қостанай қаласында өткен «Ақ жол» Демпартиясының барлық деңгейдегі депутаттарының форумында депутаттық сауалдарға қосымша ретінде, АСР мөлшерлемесін төмендету мәселесін жергілікті мемлекеттік кірістер басқармаларының басшыларымен талқылау жөнінде келістік. Мұндай мәселелерде дәл осы органдардың пікірі шешуші болатыны белгілі.

1 желтоқсанға қарай мәслихаттардың басым көпшілігінде (республикалық маңызы бар 3 қала, облыстық маңызы бар 32 қала, 100-ден астам аудан) «Ақ жол» депутаттарының ұсыныстары қолдау тауып, АСР мөлшерлемесі 2–3%-ға дейін төмендетілді. Бұл – лайықты жеңіс.

Осы жұмыстың қорытындысын шығара отырып, Мәжілістегі «Ақ жол» фракциясы бұл мәселеде Үкіметтің шет қалуын тағы да сынға алды (https://akzhol.kz/kk/blog/a-zhol-frakciias-kmett-dempartiian-deputatt-saualdarna-bergen-zhauaptarn-sna-ald).

Арнаулы салық режимін (АСР) қолдануға рұқсат етілген кәсіпкерлік қызмет түрлерін (ЭҚЖК – ОКЭД) сақтау жолындағы «Ақ жол» Демократиялық партиясының күресі де сәтті аяқталды. 26 қыркүйекте Үкімет 795 ЭҚЖК түріне АСР қолдануға тыйым салынған тізімін жариялады.

2 қазанда «Ақ жол» Демпартиясы Үкіметке бұл шешіммен үзілді-кесілді келіспейтінін білдіріп, бұрынғыдай тек 44 ЭҚЖК түріне ғана тыйым салуды сақтау қажеттігін алға тартты (https://t.me/peruash/14081).

9 қазанда партияның орталық кеңсесінде Үкімет пен ШОБ өкілдерінің қатысуымен осы мәселе бойынша ауқымды талқылау өтті (https://t.me/peruash/14121).

16 қазанда Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет АСР қолдануға тыйым салынатын ЭҚЖК-нің 44 түрінен тұратын тізімді сақтайтынын мәлімдеді. Қалған 1067 кәсіпкерлік қызмет түріне АСР қолдануға рұқсат берілді. Жеңіс (https://t.me/peruash/14191).

Ал В2В мәмілелерін шегерімге жатқызуға тыйым салу мәселесіндегі дау онша сәтті бола қойған жоқ. Бұл – жалпы салық режимінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың АСР-дегі ШОБ-пен жасайтын мәмілелеріне қатысты.

2 қазанда «Ақ жол» Демпартиясының Премьер-Министр О.Бектеновке жолдаған өтінішінде бұл тәсілдің ШОБ-қа артық қысым түсіретінін көрсеттік (https://t.me/peruash/14081).

31 қазанда В2В мәселесі Қостанай қаласында өткен «Ақ жол» Демпартиясының барлық деңгейдегі депутаттарының форумында талқыланды. Оған облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардан 160-тан астам әріптесіміз қатысты (https://t.me/peruash/14296).

2 желтоқсанда келісімшарттардың бұзылуы, корпоративтік сатып алулар мен банктік кредиттерге қолжетімділіктің шектелуі туралы көптеген сигналдарға байланысты «Ақ жол» фракциясы Үкіметке В2В мәмілелеріне қойылған бұл шектеудің бизнесті «ұсақтауға» қарсы күресте тиімсіз екенін және нақты шағын бизнес үшін аса зиянды екенін жан-жақты негіздемесін жолдады (https://t.me/peruash/14551).

3 желтоқсанда Мәжілістің пленарлық отырысында «Ақ жол» депутаттары қатысып отырған Үкіметке АСР-дегі бизнес үшін В2В мәмілелеріне іс жүзінде тыйым салудың жол берілмейтінін мәлімдеді (https://akzhol.kz/kk/blog/a-zhol-frakciias-kmett-dempartiian-deputatt-saualdarna-bergen-zhauaptarn-sna-ald).

16 желтоқсанда Президент Қ.Тоқаевтың «Алтын сапа» сыйлығын тапсыру кезінде берген – бизнес өтініштерін мұқият талдап, Жаңа Салық кодексінің жекелеген нормалары бойынша ақылға қонымды теңгерім табу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында «Ақ жол» Демократиялық партиясы Үкіметке В2В мәмілелеріне тыйым салуды алып тастау, салық төлеушілерді мониторингтеудің құпия критерийлерін жою, мәмілелерді жарамсыз деп танудың қабылданған тәртібін жою, ҚҚС-ты аванстық төлемін тоқтату және өзге де мәселелер бойынша үндеу жолдады (https://t.me/peruash/14625).

22 желтоқсанда Құрылтайдың әлеуметтік-экономикалық секциясының отырысында «Ақ жол» фракциясының депутаттары Үкіметке, Қаржы министрлігіне және Ұлттық экономика министрлігіне жүгініп, АСР үшін В2В мәмілелері бойынша санкцияларды қолданудан бас тарту туралы Қаржы министрлігінің бұйрығын шығаруды және кейіннен бұл норманы Салық кодексінен алып тастауды талап етті (https://t.me/peruash/14696).

Біз Үкімет АСР үшін қызмет түрлеріне тыйым салу арқылы шамамен 300 мың шағын кәсіпорын жабылады деп күткенін еске салдық. Әрбір шағын кәсіпорында орта есеппен 3–5 адам, кем дегенде бір адам жұмыс істейді. В2В-ға тыйым салу кем дегенде дәл сонша ШОБ субъектісіне әсер етеді. Сондықтан Үкіметтің «жарты жыл қарап көрейік» деген ұсынысы – бұл адамдардың (жарты миллионға жуық?) алты ай бойы жұмыссыз әрі табыссыз қалуын білдіреді.

29 желтоқсанда «Ақ жол» фракциясы Үкіметтің 2 желтоқсандағы сауалымызға берген теріс жауабын сынға алып, осы норманың салдарынан көптеген шағын кәсіпорындардың жабылуын болжады (https://t.me/peruash/14735).

Үкімет бұл тәсілді өзгертуге бас тартқанымен, ал Вице-Премьер С.Жұманғарин салық реформасы үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алатынын мәлімдегенімен, біз алғашқы есепті кезеңде-ақ (наурыз–сәуір) көрсеткен кемшіліктеріміздің мемлекеттік органдардың өзіне де айқын болатынына сенеміз. Бұл норма сөзсіз қайта қаралады. Бірақ соның әсері қандай болмақ?

***

«Ақ жол» Демократиялық партиясының маңызды әрі сәтті заңнамалық жаңалығының бірі – ресми кәсіпорын ішіндегі лауазымдық міндеттердің бөлінісін ұйымдасқан қылмыстық топтың (ҰҚТ) белгісі ретінде қарастыруға тыйым салу жөніндегі бастамасы болды. Біздің ұстанымымызша, ҰҚТ бар екені нақты қылмыс құрамдары арқылы дәлелденуі тиіс. Ал қазіргі тәжірибеде, өзге дәлелдер болмаған жағдайда, күштік құрылымдар көп жағдайда ҰҚТ құрды деген айып тағып, ресми лауазымдық міндеттердің бөлінісін соның «дәлелі» ретінде келтіреді. Бұл айып ауыр санатқа жататындықтан, кәсіпкер мен оның қызметкерлерін бірден қамауға алуға мүмкіндік береді. Ұзақ уақыт (кейде бір жылдан да аса) қамауда отырған адамдар кез келген айғақтарға қол қоюға мәжбүр болады. Адвокаттардың мәліметінше, мұндай айыптаулар табысты кәсіпкерлерге қарсы рейдерлік пен қарапайым бопсалау мақсатында жиі пайдаланылған.

Бұл мәселені Ресейде бұған дейін түсініп, РФ Қылмыстық кодексіне тиісті нақтылау енгізген. «Ақ жол» фракциясы 2023 жылы дәл осындай түзетуді еліміздің Қылмыстық кодексіне де ұсынған болатын. Ол ұзақ уақыт талқыланып, құқық қорғау органдары тарапынан қарсылыққа ұшырады. Тек 2024 жылы ғана Үкімет оң қорытынды беріп, түзету қабылданды. Алайда кейін Қаржылық мониторинг агенттігі (АФМ) мен соттар бұған қарсы шығып, бұл шешімді қайта қарауды талап етті. Осы пікірталастарды мына сілтемелерден көруге болады:

16 қаңтар 2025 ж. https://t.me/peruash/12576

18 ақпан https://t.me/peruash/12782

21 мамыр https://t.me/peruash/13242

Нәтижесінде, «Ақ жол» фракциясы депутаттарының үш жылдық күресінің арқасында бизнес үшін аса маңызды бұл норма маусым айында қабылданып, 2025 жылдың қыркүйегінен бастап заңды күшіне енді (https://t.me/peruash/13537).

Ал 1 шілдеде Конституциялық сот та ресми бизнестегі лауазымдық міндеттерді бөлуді ғана негізге ала отырып ҰҚТ құрды деп айып тағуды заңсыз деп таныды (https://t.me/peruash/13536). Жеңіс.

Бұл күрестің алдыңғы жылдардағы кезеңдерімен мына жерлерден танысуға болады:

15.08.23 https://t.me/peruash/9584

06.09.23 https://t.me/peruash/9782

16.02.24 https://t.me/peruash/10873

13.03.24 https://t.me/peruash/11030

10.04.24 https://t.me/peruash/11280 және т.б.

Сонымен бірге, өкінішке қарай, күштік құрылымдар мен соттар Қылмыстық кодекстегі жаңа норманы да, Конституциялық соттың қаулысын да елемей отыр. Осыған байланысты:

29 қазанда «Ақ жол» фракциясы Қылмыстық кодекс пен Конституциялық сот қаулысының құқық қорғау органдары мен соттар тарапынан орындалмауы жөнінде Бас прокуратура мен Жоғары сот кеңесіне депутаттық сауал жолдады (https://t.me/peruash/14242);

18 желтоқсанда партияда ҰҚТ құрды деген айыппен сотталған кәсіпкерлердің туыстарын қабылдадық (https://t.me/peruash/14686).

Біздің күрес жалғасуда.

***

● Мұнайдан түсетін кірістердің қысқаруы аясында экономикаға дамудың жаңа бағыттары қажет. Әлемде мұндай стратегиялық бағыттардың бірі сирек жер металдарын өндіру болып саналады. Ал олардың қоры бойынша Қазақстан әлемде 2-орынға шығып отыр (https://t.me/peruash/14411).

Осы орайда БАҚ-та «Қазақмыс» корпорациясының сирек жер металдарын бақылаусыз экспорттауы туралы ақпарат пайда болды (https://youtu.be/jF7tmjKD4Ac?si=JyODZLBoUy_nfbiP). Осыған байланысты 5 наурызда «Ақ жол» фракциясы Үкіметке тиісті депутаттық сауал жолдады (https://t.me/peruash/12848).

19 наурызда осы сауалды толықтыра отырып, «Ақ жол» депутаттары Антикор басшысына және прокуратура органдарына да осындай сауал жолдады (https://t.me/peruash/12988).

3 қыркүйекте Өнеркәсіп министрлігінің жауабына сәйкес, «Ақ жол» фракциясы экспортталатын кендер мен концентраттарға айқаспалы бақылау енгізу және Геология комитеті жанынан мемлекеттік зертхана құру қажеттігі туралы қайта депутаттық сауал жолдады (https://t.me/peruash/13903).

19 қыркүйекте Өнеркәсіп министрлігі мұндай зертхананы құру туралы шешім қабылданғанын хабарлады (https://t.me/peruash/14000). Жеңіс.

12 қарашада мемлекеттік химиялық зертхананы құрудың ұзақ мерзіміне (2030 жылға дейін) байланысты «Ақ жол» фракциясы кендер мен концентраттарға өзара байланыспаған жеке зертханалар арқылы айқаспалы бақылау енгізуді ұсынды. Сондай-ақ кеден қызметі басқа кендер мен концентраттар құрамында сирек жер және бағалы металдардың декларацияланбай (контрабандалық) шығарылу фактілерін анықтағанына байланысты, «Ақ жол» депутаттары мұндай істердің көлемі мен фигуранттары туралы деректерді ұсынуды талап етті (https://t.me/peruash/14365).

3 желтоқсанда Өнеркәсіп министрлігінен жауап болмауына байланысты Мәжілістің пленарлық отырысында «Ақ жол» фракциясы сирек жер металдарының экспортына бақылауды күшейту және олардың контрабандасы фактілері туралы мәселені қайта көтерді («Ақ жол» фракциясы Үкіметтің Демпартияның депутаттық сауалдарына берген жауаптарын сынға алды).

24 желтоқсанда бұқаралық ақпарат құралдарының қызығушылығына байланысты «Ақ жол» фракциясының депутаттары сирек жер металдарының экспортын бақылау тақырыбын БАҚ-қа берген сұхбаттарында кеңінен қозғады (https://t.me/peruash/14716).

Бұл бағыттағы жұмысымыз жалғасын табады.

***

Бюджет қаражатын үнемдеу және сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында «Ақ жол» фракциясы қызметтердің бағасы бірыңғай өлшемдерге келтірілмеген әрі еркін түрде есептелетін мемлекеттік органдардың шығындарына назар аударып келеді.

Осылайша, 5 наурызда «Ақ жол» Демпартиясының депутаттары жергілікті бюджеттердің әртүрлі IT-жобаларға миллиардтаған мөлшерде қаржы жұмсауы аясында жолдаған депутаттық сауалында мұндай IT-бағдарламалар үшін баға дәлізін белгілеуді, бірыңғай цифрлық платформаны құруды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың IT-жобаларына салалық министрліктер мен тәуелсіз сарапшылар тарапынан міндетті техникалық және қаржылық аудит енгізуді ұсынды (https://t.me/peruash/12851).

Мемлекеттік органдардың қанағаттанарлықсыз жауаптарына байланысты осы мәселе бойынша «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалдары 14 мамырда (https://t.me/peruash/13218), 25 маусымда (https://t.me/peruash/13477), 17 қыркүйекте (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/cifrl-zhobalara-timsz-shndar-tural-deputatt-saual) қайта жолданды.

Ақырында, 12 қарашада Цифрлық даму министрлігі орталықта да, өңірлерде де мемлекеттік органдар тарапынан бюджеттің миллиардтаған қаржысына іске асырылатын IT-бағдарламалардың шығындары мен сапасын бақылауға алуға дайын екенін мәлімдеді (https://t.me/peruash/14364).

Алайда нақты іс-қимылдардың созбалаңға салынуына байланысты 26 қарашада «Ақ жол» фракциясының депутаттары мемлекеттік органдардың IT-жобалары бойынша баға белгілеуді ретке келтіруді, сондай-ақ депутаттардың өтініштеріне жауап беруден жалтаратын лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды талап еткен кезекті сауалды жолдады (https://t.me/peruash/14513).

10 желтоқсанда Президент Қ.Тоқаев мемлекеттік органдардағы барлық жаңа IT-жобаларды QazTech бірыңғай платформасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік органдар үшін жаңа жүйелерді осы платформадан тыс жерде құруға болмайды. Жеңіс. (https://t.me/peruash/14601).

***

● 2025 жылы Демократиялық «Ақ жол» партиясы мен оның Мәжілістегі фракциясының тағы бір негізгі бағыты – инновациялық технологиялар мен цифрландыруды белсенді ілгерілету болды.

Фракция депутаттары 2018 жылдан бастап криптовалюта секілді цифрлық құралдарды тәжірибеде енгізуге шақырды – мысалы, 2018 жылғы 30 мамырдағы депутаттық сауалды қараңыз (https://akzhol.kz/ru/initiated-bills/migrated_6079). Алайда сол кезде Ұлттық банк басшылығы керісінше цифрлық активтерді қолдануға тыйым салып, олардың Қазақстанда дамуын 7 жылға тежеді.

2025 жылғы 26 наурызда «Ақ жол» фракциясы осы тақырыпқа қайта оралып, Үкімет пен Ұлттық банкіне Криптобанк құру туралы депутаттық сауал жолдады (https://t.me/peruash/13009).

26 сәуірде Үкімет криптобанктердің пайда болуына келісім беріп, криптаны қоса алғанда цифрлық құралдардың реттеуші базасын қалыптастыру бойынша шаралар пакетін әзірлеуді жариялады (https://t.me/peruash/13159).

Ал, 29 мамыр және 6 маусымда Демпартияның орталық кеңсесінде саланың проблемалары мен перспективаларын талқылау өтті, оған жеке компаниялар, мемлекеттік органдар және әлемдік ірі блокчейн платформасы Solana басшылығы қатысты (https://t.me/peruash/13296; https://t.me/peruash/13393).

30 мамырда Ұлттық банк 2026 жылға дейін криптовалюталарды айналымға енгізу үшін заңнамалық негіз жасалады деп уәде берді (https://t.me/peruash/13308).

Бүгінде бұл мәселе шешімін табу сатысында, соның ішінде 29 желтоқсанда қабылданған Банктер туралы Заңда «Ақ жол» депутаттарының цифрлық активтер бойынша ұсыныстары қолдау тапты. Осылайша, бұл бастаманы ілгерілетуге де бірнеше жыл жұмсалды.

14 қазан күні «Ақ жол» партиясының орталық кеңсесінде Алатау-сити базасында ұшқышсыз ұшу жүйелерін дамыту талқыланды (https://t.me/peruash/14132).

6 желтоқсанда әртүрлі экономикалық салаларда пилотсыз жүйелерді дамыту бойынша уәкілетті органдар мен бизнестің қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті (https://t.me/peruash/14581).

Инновациялық бизнесті дамытуға және реттеуші базаны қалыптастыруға қолдау көрсету туралы уағдаластық.

9 желтоқсанда Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев ведомство пилотсыз кемелерді заңнамалық реттеу бойынша жұмыс жасап жатқанын хабарлады (https://ulysmedia.kz/news/63889-aerotaksi-mozhet-poiavitsia-v-kazakhstane-uzhe-v-2027-godu/).

26 желтоқсанда Үкімет жасанды интеллект негізіндегі пилотсыз технологияларды тестілеу жобасын іске қосатынын мәлімдеді (https://t.me/kaztag_tg/28169).

Бұл бизнесті дамытуға және технологиялық серпілістерге үлкен мүмкіндіктер ашылуда. «Ақ жол» Демократиялық партиясы соған жан-жақты қолдау көрсетуге ниетті.

***

8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қ.Тоқаев толықтай партиялық тізімдер бойынша сайланатын бір палаталы Парламентке көшуді ұсынды. Демократиялық «Ақ жол» партиясының Ұлттық Кеңесі бұл бастаманы дереу қолдады (https://t.me/peruash/13915), бірақ бұл «конъюнктуралық көзқарас» үшін емес, «Ақ жол» партиясының өз позициясынан туындаған шешім еді, ол позицияны біз бұған дейін бірнеше рет жариялағанбыз.

Бір палаталы парламентке көшу және Сенатты жою ұсынысын «Ақ жол» Демократиялық партиясы 2017 жылғы конституциялық реформаның барысында ресми түрде жолдаған болатын (мысалы: https://t.me/peruash/13919; https://t.me/peruash/13916 және т.б.).

Пропорционалдық сайлау жүйесін қолдауға қатысты пікірді де «Ақ жол» партиясының басшылығы бірнеше рет көтерген:

2019 жылы – https://time.kz/articles/reporter/2019/08/14/azat-peruashev-peremeny-nuzhny-i-dazhe-neizbezhny;

2022 жылы – https://time.kz/articles/ugol/2022/02/09/azat-peruashev-politika-komandnyj-vid-sporta;

2024 жылы – Пульс перемен, https://t.me/peruash/13944.

***

● «Ақ жол» фракциясының Үкіметпен арадағы ең айқын даулы мәселелерінің бірі – жеке кәсіпорындарды квазимемлекеттік құрылымдардың, ұлттық компаниялардың «еншілес ұйымдарының» және т.б. тарапынан әділетсіз бәсекесінен қорғау болды.

Қазақстан Президентінің «Экономиканы либерализациялау» туралы Жарлығына сәйкес, «Ақ жол» фракциясының депутаттары 2024 жылы Бюджет кодексіне түзету енгізіп, мемлекеттік қатысы бар компанияларға мемлекеттік және квазимемлекеттік (корпоративтік) сатып алулардағы тендерлерге, егер онда екі немесе одан да көп жеке кәсіпорын қатысса, қатысуға тыйым салуды ұсынды. Заң жобасы Парламентте қабылданып, Президент қол қойғанымен, кейінірек Қаржы министрлігі өз бұйрығымен бұл норманың «Самұрық-Қазына» қоры мен оған кіретін ұлттық компанияларға, олардың «еншілес» және т.б. мекемелеріне қатысты емес екендігін «нақтылап» шықты (квазимемлекеттік сектордың 6 басқару деңгейі бар).

Нәтижесінде Бюджет кодексіндегі баптың мазмұны мен Президент Жарлығындағы талап бұрмаланды. Жеке кәсіпкерлер қайтадан тендерлерден ығыстырылып, өсу потенциалынан айрылмақ, себебі олар мемлекеттік кәсіпорындардың әкімшілік және қаржылық мүмкіндіктерімен бәсекелесе алмайды.

28 мамырда «Ақ жол» фракциясының депутаттары Үкіметке депутаттық сауал жолдап, жеке кәсіпкерлердің тиімді қызмет етіп жатқан салаларында квазимемлекеттік компаниялардың қатысуына тыйым салуды талап етті.

Содан кейін, 1 қазанда партия депутаттары Қаржы министрлігінің бұйрығының антинарықтық сипатын әшкерелейтін депутаттық сауал жолдап, Бюджет кодексі мен Президент Жарлығын толық орындауды талап етті (https://t.me/peruash/14071).

15 қазанда «Ақ жол» фракциясы Үкіметке «Экономиканы либерализациялау» бойынша Президент Жарлығын мүлтіксіз орындауды талап етіп, қайта сауал жолдады. Өкінішке қарай, Үкімет құрастырылған желеулермен біздің талаптардан бас тартты.

3 желтоқсандағы Мәжілістің пленарлық отырысында «Ақ жол» фракциясының депутаттары бұл жауапты оқып берді: «Қордың еншілес компанияларының сатып алуларға қатысуын шектеу компанияның қаржылық тұрақтылығын төмендетуі мүмкін, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің дивидендтерін қысқартуы ықтимал» (https://akzhol.kz/kk/blog/a-zhol-frakciias-kmett-dempartiian-deputatt-saualdarna-bergen-zhauaptarn-sna-ald).

Алайда, 22 қазанда бекітілген үш жылдық бюджетте Үкімет депутаттардың талаптарына қарамастан «Самұрық-Қазына» қорынан бюджетке дивиденд бөлуден бас тартты (https://akzhol.kz/kk/blog/2026-28-zhldara-arnalan-biudzhet-zhobas-bojnsha-a-zhol-dempartiiasn-stanm). Демек, фракцияның сауалына берілген жауап негізсіз ғана емес, сонымен бірге жалған болды.

Сондықтан «Ақ жол» фракциясы «Экономиканы либерализациялау» туралы Президент Жарлығын және мемлекеттік компаниялардың жеке бизнесте бәсекелесуіне тыйым салатын Бюджет кодексінің нормаларын орындауды талап етуді жалғастыра береді.

***

18 маусымда «Ақ жол» фракциясы 2024 жылғы бюджетті орындау бойынша Үкіметтің есебіне қарсы дауыс берді.

Оның негізгі себептері:

- Үкімет «Самұрық-Қазына» қоры мен ұлттық компаниялардың, олардың «еншілес» ұйымдарына тиесілі пайдаларды бюджетке бағыттаудан бас тартты. Айта кетейік, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік холдингтердің барлық пайдасын бюджетке бағыттау туралы талапты «Ақ жол» фракциясы бірнеше жыл бойы белсенді түрде алға тартқан болатын (мысалы:

2 ақпан 2022 ж. - https://t.me/peruash/4264;

7 маусым 2023 ж. - https://akzhol.kz/kk/blog/kmett-2022-zhl-biudzhett-atarlu-tural-esebne-atst-a-zhol-demokratiial-partiias-frakciiasn-stanm;

21 мамыр 2025 ж. - https://t.me/peruash/13239;

18 маусым 2025 ж. - https://t.me/peruash/13435 және т.б.).

2024 жылғы бюджет жобасын талқылау кезінде «Ақ жол» фракциясы Бюджет кодексіне квазимемлекеттік кәсіпорындардың барлық пайдасын бюджет кірісіне алу туралы талап енгізді. Алайда орнына «Самұрық-Қазына» қорының жүйелі компанияларының 50%-дық пайдасын тек қоры өзі анықтайды деген норма қабылданды.

Тіпті қабылданған талап та орындалмай жатыр. Мысалы, ЖАП анықтағандай, «Самұрық-Қазына» қорындағы 11 компаниядан түскен пайда (347 млрд теңге) бюджетке есепке алынбаған және бағытталмаған. Сонымен қатар, қордың барлық басқа да пайда түрлері – қаржылық кірістер, банктік пайыздар және т.б., 1 трлн 250 млрд теңгеден астам қаржы, бюджетке бағытталмаған.

Сонымен қатар, бір көзден сатып алудың үлесі 60%-ға дейін өскен және 2 трлн 200 млрд теңгені құрады, бұл бәсекелестік талаптарына қайшы. Мысалы, «КЕГОК» АҚ – жабдықтарды нақты бағасынан 3 есе қымбат сатып алған.
Ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдардың көптеген еншілес құрылымдары белсенді түрде бизнеске араласып, жеке кәсіпорындарды әкімшілік ресурстар мен мемлекеттік қаржылық мүмкіндіктерді пайдаланып «басып алады».

«Ақ жол» фракциясы бұл процестерді қоғам мен парламент бақылауына қайта алу қажеттігін есептейді.

Мұндай құрылымдар мен олардың қызмет көрсету шығыстарын қысқарту қажет, жалпы бюджет шығыстарын да азайту керек, бірақ Үкіметтің Есебінде бұл туралы бір сөз жоқ.

Осының барлығы бюджет тапшылығы мен кәсіпкерлерге салықтардың өсуі жағдайында орын алып отыр.

Парламент бюджетті игеру бойынша Үкіметтің жұмысын бағалайды. Бірақ қоғамға тек қаржылық емес, сонымен қатар бағдарламалық құжат қажет, халық Үкімет бюджетті және күш-жігерін қандай міндеттерге бағыттап жатқанын көру керек.

Иә, жақында ұлттық даму жоспарына жету үшін Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасы жарияланды. Бірақ бұл бағдарламаны парламент талқыламаған және бекітпеген, оны тек өзі орындауға тиісті шенеуніктер қабылдаған. Бұл айқын мүдделер қақтығысы. Сонымен қатар, 2025 жылға арналған бағдарлама жылдың ортасында, яғни жылдың жартысы өткеннен кейін қабылданған. Яғни, Үкімет бағдарлама бойынша жұмыс істемей, бағдарлама Үкімет үшін жазылады.

 

Тоқаевтың «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» атты формуласына сәйкес, Үкімет бағдарламасын Парламент бекітуі керек және бюджет орындалуын бақылаумен қатар, оның да орындалуын бақылауы тиіс (https://t.me/peruash/13436).

***

● 24 желтоқсанда Мәжілістегі жалпы отырыста «Ақ жол» фракциясының депутаттары шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау бағдарламаларының орындалуын қатаң сынға алды. Негізгі тезистер:

- Мемлекеттік қолдау шаралары кез келген кәсіп бастағысы келетін адамға түсінікті болуы тиіс. Алайда әртүрлі мемлекеттік органдарда жүзеге асырылатын 100-ден астам шара бар, оларды әзірлегендердің өздері де онда шатасып қалуы мүмкін.

- Соңғы 10 жылда 205 мың шағын және орта бизнес субъектісі жабылған, жаңа Салық кодексі күшіне енгеннен кейін тағы бірнеше мың кәсіпорынның жабылуы күтілуде.

- Мемлекеттік қолдаудың мақсаты – бизнесті шағыннан ортаға, ортадан іріге «өсіру» болуы керек. Алайда соңғы онжылдықта орта кәсіпкерліктің үлесі 0,2%-да қалып отыр. Орта бизнесті өсіру міндеті толық сәтсіз аяқталған.

Кеше Үкімет шағын бизнесті қолдаудың жаңа бағдарламасын жариялады. Бірақ бұрынғы тәжірибені ескеру қажет:

- «Даму» қоры арқылы несиелік мөлшерлемелерді субсидиялау тек шағын және орта бизнес субъектілерінің 3%-ын қамтыған.

Субсидия алғандардың орташа кірісі артудың орнына 33%-ға төмендеген (2020 ж. – 385 млн теңге, 2024 ж. – 258 млн теңге).

15% жағдайда (яғни, әр алтыншы жағдайда) несие субсидиясы бағдарлама талаптарына сай келмейтін жобаларға берілген, яғни операторлар қажетті адамдарға емес, қалағандарға көмек көрсеткен. Президент Қ.Тоқаев айтқандай – «достарға бәрі, қалғанына заң бойынша».

- 2023 жылы отандық өнімді ілгерілетуге бюджеттен шамамен 2 млрд теңге бөлінген, оның тек 3%-ы игерілген.
Қалған 1 млрд 930 млн теңге ААҚ «QazIndustry» банк есепшотында қалған. Міне, шенеуніктер отандық өндірушілерді осылай қолдайды. Мемлекет бөлген қаражатты
ң өзін кәсіпорындарға жеткізгісі келмейді, бәлкім өздеріне премия жазып алатын да шығар.

ӘКК жұмысынан 138 млрд теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар анықталған.

- «Ақ жол» фракциясы ӘКК қызметін нәтиже бермеуі және сыбайлас жемқорлық тәуекелдердің шоғырлануына байланысты үнемі сынға алады. ӘКК қызметі арнайы заңмен реттелмеген, бұл олардың қаржылық және әкімшілік мүмкіндіктерін басшылықтың қалауы бойынша пайдалануға жол береді.

Қазіргі уақытта ӘКК бюджет қаражатын бөлу кезінде делдал ретінде жұмыс істейді, бірақ соның өзінде адал емес: даму бағдарламалары қаражаттарын банктерде орналастырып, тәуекелге бармай, қосымша кіріс алады, премиялар мен бонустар үшін.
ӘКК бәсекеге қабілетсіз және үлкен қарыз міндеттемелерімен жүктелген, Тобыл ӘКК және Ертіс ӘКК-лардан басқа.

«Бәйтерек» холдингіне қатысты сұрақтар бар – ол бюджеттен жоспарланғандай әр 1 трлн мемлекеттік теңгеге кемінде 7 трлн теңге жеке инвестиция тартуды қамтамасыз ете ала ма? Бюджет қарастырылған кезде холдинг бұл сандарды дәлелдей алмады, бұл талапты тіпті жою ұсынылған болатын.

Кейбір депутаттардың осы қаражатты шартты бірлескен қаржыландыруға жеке банктерге беру тиімді деген пікірі прагматикалық болуы мүмкін.

Ірі металлургиялық компаниялар акционерлерінің ауысуы талқыланып жатқанда инвестициялық белсенділіктің күрт артуы күтіледі, оған триллиондаған қаражат тарту қажет болуы мүмкін.

Біз стратегиялық салаларға ұлттық инвесторлардың келуін қолдаймыз.

Алайда бірнеше ірі компанияны қолдау өнеркәсіпті ынталандырудың барлық көлемін «шайып жіберуге» жол бермеуі керек, өйткені мемлекеттің басты мақсаты алдымен бүкіл экономиканы әртараптандыруға және шикізатқа тәуелділіктен шығуға бағытталуы тиіс.

Сондықтан осы саладағы саясат нарықтық, яғни ашық және бәсекеге қабілетті принциптерге негізделуі керек.

Біздің ойымызша, барлығын қолдауға қаражат шашудың орнына – адал жағдай жасауға және мемлекеттік араласуды азайтуға назар аудару керек. Кейде ақшаны оңды-солды тиімсіз шаша берудің орнына, өз табысын өзі тапқандарға көбірек қалдырған дұрыс сияқты, олар өз кірістерін шенеуніктерден жақсы басқара алады.

«Ақ жол» фракциясы Үкіметтің шағын және орта бизнесті қолдау жұмысын жеткіліксіз деп есептейді. Біз Үкіметке кәсіпкерлерді қолдау бағдарламаларын тек билік партиясымен емес, барлық көппартиялық парламентпен бірге жүзеге асыруды ұсынамыз. (https://akzhol.kz/kk/blog/kspkerlerlkt-memlekettk-oldau-sharalarn-timdlg-tural-zhap-esebn-tallauda-sjlegen-sz)

***

Екінші блок: Нені жасай алдық

● 2025 жылғы 2 қаңтарда Президент Қ.Тоқаев есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы заңға қол қойды (https://t.me/peruash/12506).

Осы заң аясында «Ақ жол» фракциясының түзетулері қабылданып, алғаш рет жасалған осындай қылмыстар орташа ауырлықтағы қылмыс санатына ауыстырылып, бас бостандығынан айыру мерзімі қысқартылды.

Президент Қ.Тоқаев 2024 жылғы 15 наурызда Атыраудағы Құрылтайда осы салада гуманизация бағытында шаралар қолдануды тапсырғанына қарамастан, құқық қорғау органдары бастапқыда «Ақ жол» фракциясының депутаттық түзетулеріне қарсы тұрды. Сондықтан оларды жыл бойы өткір талқылаулар арқылы ілгерілетуге тура келді (мысалы: https://t.me/peruash/11584).

Әрине, қылмыскерлер заң бойынша жауап беруі тиіс. Бірақ жазаның қаталдығы құқық бұзушылық ауырлығына сай болуы керек, ал қателік жасаған азаматтарға өз қателіктерін түсініп, қарақшының ойлай қабілеті қалыптасқан қылмыскерлер емес, түзеліп шыққан адамдар болып қоғам өміріне қайта орала алуы керек. Президенттің алғашқы қылмыстары үшін жауапкершілікті жеңілдету тапсырмалары осыған байланысты берілген.

2025 жылғы 3 желтоқсанға Бас прокуратура хабарлағандай, қабылданған түзетулер арқасында 1 231 адам бостандыққа шығарылды, 3 268 қамалаған адамның жазасы қысқартылды. Бұл – жеңіс.

● Өздеріңізге белгілі, Парламентке келген алғашқы күндерден бастап «Ақ жол» фракциясы «Алаш» қозғалысының мұрасы мен ұлттық идеясы, олардың қазіргі Қазақстандағы өзектілігі мәселелерін көтеріп келеді. Бұл тақырыпты «Ақ жол» фракциясының депутаттары 2012 жылдан бері парламенттік мінберден ресми түрде елу реттен астам көтеріп, оны тұрақты түрде зерттеп, насихаттап келеді. Соның аясында біз Алаш қайраткерлерінің мемлекет құру, ұлтты жаңғырту, экономикалық даму және өзге де салалардағы идеяларын зерделеуге арналған студенттер мен жас мамандардың арасында «Алаштың XXI ғасырдағы Ақ жолы» жыл сайынғы Ұлттық байқауын ұйымдастырып келеміз (мысалы:

8 желтоқсан 2023 ж. https://t.me/peruash/10487

11 желтоқсан 2024 ж. https://t.me/peruash/12383

13 желтоқсан 2025 ж. https://t.me/peruash/14618 және т.б.).

Сондай-ақ жыл сайын Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні «Ақ жол» Демпартиясы бостандық пен тәуелсіздік жолында құрбан болған Алаш арыстарына тағзым етеді (қараңыз:

31 мамыр 2023 ж. https://t.me/peruash/9102

31 мамыр 2024 ж. https://t.me/peruash/11555

31 мамыр 2025 ж. https://t.me/peruash/13339).

Сондықтан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Кариннің редакциясымен жарық көрген Алаш қайраткерлерін ақтауға арналған «Алашорда ісі. 1920–1940» атты 12 томдық құжаттар жинағының 2025 жылғы 21 қаңтарда «Ақ жол» Демпартиясына табысталғаны біз үшін айрықша маңызды (https://t.me/peruash/12591).

● «Ақ жол» Демократиялық партиясының Парламенттегі жұмысының маңызды бағыттарының бірі – қазақстандық бизнес пен өнеркәсіпті қолдау.

23 қаңтарда Мәжілістің Жер қойнауы туралы кодекс бойынша жұмыс тобы «Ақ жол» фракциясы депутаттарының ірі шетелдік жер қойнауын пайдаланушыларды өз қызметінде қазақстандық үлесті арттыруға, яғни қазақстандық кәсіпкерлердің тауарлары мен қызметтерін сатып алуға міндеттеуге бағытталған ұсыныстар пакетін (14 түзету) бірауыздан қабылдады. Бұл нормалар ірі жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық үлесті ұлғайту бағдарламаларын қабылдауын, жер қойнауын пайдаланушылар сұранысындағы өнімдерді игеруде отандық өнеркәсіпке жәрдем көрсетуді, сондай-ақ осы міндеттемелердің орындалуын бақылау және орындамағаны үшін жауапкершілік шараларын қамтиды (https://t.me/peruash/12615). Жеңіс.

29 қаңтарда біз Үкіметке депутаттық сауал жолдап, арнайы экономикалық аймақтарда (АЭА) іріктелетін, салықтық және инвестициялық жеңілдіктер түріндегі мемлекеттік преференциялар алатын жобаларды таңдауда олардың технологиялық күрделілігі мен жаңашылдығын, сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындарда жаңа технологиялық операцияларды игеру жөніндегі міндеттемелерін ескеруді ұсындық (https://t.me/peruash/12669).

Біздің ұсынысымыз Үкімет тарапынан қолдау тапты (Выступление Азата Перуашева на обсуждении отчета Правительства о работе с депутатскими запросами по наказам избирателей).

● «Ақ жол» Демпартиясы депутаттарының жұмысында монополистердің негізсіз әрекеттері мен мемлекеттің экономикаға шамадан тыс араласуынан нарықтық еркіндікті қорғау айрықша орын алады. 12 ақпанда «Ақ жол» фракциясы астық компанияларының өтініші бойынша астықты экспортқа жөнелту науқаны қызған кезеңде теміржол доңғалақтары қырының (гребень) жаңа қалыңдығына көшу туралы «ҚТЖ»-ның уақтылы қабылданбаған бұйрығына байланысты тасымалдаушылардың мүдделерінің бұзылуы жөнінде депутаттық сауал жолдады (https://t.me/peruash/12752).

18 ақпанда аталған «ҚТЖ» бұйрығының күші тоқтатылды (https://t.me/peruash/12780). Жеңіс.

● Бизнестің табысты өсуі мен өмір сапасының лайықты деңгейі үшін заманауи инфрақұрылымды, ең алдымен – байланыс желілерін дамыту қажет. Осыған байланысты 2021 жылдан бастап «Ақ жол» фракциясы шалғай елді мекендер мен нысандарды интернетпен қамтамасыз ету үшін Starlink желісін пайдалануға рұқсат беруді талап етіп келді. Біз бұл бағытта бірнеше рет депутаттық сауал жолдадық:

15 қараша 2021 ж. – https://t.me/peruash/3388;

22 қыркүйек 2022 ж. – https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/a-zhol-sputniktk-internetke-atst-kederglerd-zhojp-azastand-starlink-zhjesne-osud-talap-ett;

30 қараша 2023 ж. – https://t.me/peruash/10411 және т.б., алайда мемлекеттік органдар бас тартумен жауап беріп келді.

2025 жылғы 26 ақпанда «Ақ жол» фракциясының кезекті сауалы жария етіліп (https://t.me/peruash/12824), Үкімет ақыры келісім берді, ал 12 маусымда Цифрлық даму министрлігі (МЦРИАП) Starlink-пен интернетпен қамтамасыз ету жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілгенін хабарлады (https://t.me/peruash/13406). Жеңіс.

● 19 наурызда «Ақ жол» Демпартиясы филиалының төрайымы Мейраш Шынасилова мен Мәжілістегі фракция депутаттарының араласуынан кейін Алматы облысы Қараой ауылдық округінің 1200 тұрғынының үйлері заңсыз сүрілу қаупінен қорғалды (https://akzhol.kz/kk/blog/a-zhol-dempartiias-almat-oblsnda-1200-trnn-jlern-zasz-sruden-orap-ald). Жеңіс.

● 13 мамырда «Ақ жол» Демпартиясынан Астана қалалық мәслихатының депутаты Асқар Смағұлов қала орталығындағы, «Керуен» сауда орталығы маңындағы жер учаскесі бойынша шенеуніктердің заңсыз әрекеттерін әшкереледі (https://t.me/peruash/13213). Әкімдік жерді мемлекеттік меншікке қайтарды. Жеңіс.

● 21 мамырда «Ақ жол» фракциясы құрылыс компаниялары мен салалық бірлестіктердің (Құрылыс салушылар қауымдастығы, Құрылысшылар одағы, Жобалық басқарушылар одағы және т.б.) өтініші бойынша Қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін біліктілікті бағалау кезінде кәсіпорындардың жеке жобалар мен МЖӘ (мемлекеттік-жекешелік әріптестік) аясындағы бүкіл тәжірибесін есепке алмауды көздеген бұйрығына қатысты депутаттық сауал жолдады.

Біз мұндай тәсілді дискриминация, мемлекеттік сатып алуға қолжетімділікті жасанды түрде шектеу және әділетсіз бәсекелестікке жағдай жасау деп бағаладық. Құрылыс салушылар қауымдастығының деректеріне сәйкес, егер бұл талаптар қабылданғанда, мемлекеттік сатып алу нарығынан жеке меншік құрылыс-монтаж кәсіпорындарының 80%-ы және инжинирингтік компаниялардың 60%-ына дейіні шеттетілер еді (https://t.me/peruash/13254).

24 маусымда Үкімет мемлекеттік сатып алуда құрылыс компанияларының жеке тәжірибесін есепке алу қажеттігін талқылауға дайын екенін хабарлады (https://t.me/peruash/13464).

25 маусымда «Ақ жол» Демпартиясының орталық кеңсесінде мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен осы мәселе бойынша кеңейтілген талқылау өтті (https://t.me/peruash/13493).

8 тамызда техникалық тұрғыдан күрделі нысандарды салудағы жеке тәжірибені есепке алу жөнінде теңгерімді шешім қабылданып, Қаржы министрлігі №425 бұйрыққа тиісті өзгерістер енгізді. Құрылыс салушылар қауымдастығы сала кәсіпкерлерінің мүддесін қорғап, жағдайға араласқаны үшін «Ақ жол» фракциясы депутаттарына алғыс хат жолдады (https://t.me/peruash/13721). Жеңіс.

● 21 шілдеде «Ақ жол» Демпартиясы 18 шілдеде Астанадағы «Big Шанхай» базарында болған алапат өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қажеттігі туралы Премьер-Министрге және ҚНРДА төрағасына үндеу жолдады. Атап айтқанда, төлем қабілеттілігі қалпына келгенге дейін кредиттер мен салықтар бойынша пайызсыз шегерімдер мүмкіндігін қарастыру ұсынылды (https://t.me/peruash/13683).

19 тамызда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) 205 кәсіпкерге қолдау көрсету бойынша қабылданған шаралар туралы хабарлады. Оның ішінде 78 қарыз алушыға 1 млрд 837,8 млн теңге сомасына 6 ай мерзімге сыйақы есептелмей шегерімдер берілді (https://t.me/peruash/13798).

● 8 қазанда адал инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында «Ақ жол» Демпартиясының депутаттары Бас прокуратураға депутаттық сауал жолдап, бұған дейін жолданған, адал инвесторларға қатысты рейдерлік фактілер жөніндегі сауалдар бойынша қайта жүгінді. Екі жылға созылған даулардан кейін (2023 жылғы 13 желтоқсандағы депутаттық сауал) «Ақ жол» Демпартиясы Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы адал инвестор — «СТС» ЖШС-ін қорғау үшін Бас прокуратураның Жоғарғы сотқа наразылық енгізуіне қол жеткізді. Бұған дейін осындай тәртіппен Жамбыл облысындағы «Жеміс-Жидек» ЖШС, Алматы қаласындағы «Евразкабель» ЖШС және басқа да кәсіпорындар қорғалған болатын (https://t.me/peruash/14098).

● 2025 жылы мемлекет қабылдаған кейбір шешімдер Демократиялық «Ақ жол» партиясы мен оның парламенттік фракциясы тарапынан бірнеше жыл бұрын көтеріліп, алға тартылған болатын. Бірнеше мысал:

15 сәуірде қазақстандық спортта легионерлерге бюджет қаражатын жұмсауға тыйым салатын заң қабылданды (https://t.me/peruash/13100).

Бұл – аса маңызды әрі қажетті шешім, әсіресе тегін спорт секцияларындағы орын тапшылығы, балалар-жасөспірімдер спорт мектептері мен жаттықтырушылардың жеткіліксіз қаржыландырылуы және шетелдік «варягтардың» ондаған мың долларлық гонорарлары (және одан жергілікті спорт шенеуніктеріне берілетін «откаттар») төңірегіндегі тұрақты жанжалдар аясында.

«Ақ жол» Демпартиясы бұл мәселені Парламентке келген сәттен бастап депутаттық сауалдар мен сөз сөйлерде жүйелі түрде көтеріп келеді:

2014 ж. – https://akzhol.kz/ru/blog/azat-peruashev-kto-to-betsia-za-stranu-a-kto-to-za-dengi-vot-v-chm-raznica-mezhdu-svoimi-sportsmenami-i-legionerami;
2015 ж. – https://akzhol.kz/ru/blog/biudzhetne-sredstva-dolzhn-idti-na-podderzhku-massovogo-detsko-iunosheskogo-sporta-a-ne-na-finansirovanie-professionalnh-legionerov-azat-peruashev;
2018 ж. – https://akzhol.kz/ru/blog/azat-peruashev-predlozhil-v-sootvetstvie-s-poslaniem-prezidenta-sdelat-besplatnmi-detskie-sekcii-v-novh-sportkompleksah;
2020 ж. – https://akzhol.kz/ru/blog/za-5-millionov-evro-podpisali-v-kazah;
2021 ж. – https://akzhol.kz/ru/blog/eti-medali-chestnee-chetyryoh-zolotyh-v-londone-azat-perwashev-ob-olimpijskih-medalyah-tokio;
2022 ж. –
https://akzhol.kz/kk/blog/parlament-esep-qisap-emes-sayasi-organ-aq-zhol-dempartiyasy-parlamentting-byudzhetti-ghana-emes-uekimetting-is-qimyl-baghdarlamasyn-bekitwin-talap-etedi;
2024 ж. – https://t.me/peruash/5337;
2025 ж. – https://t.me/peruash/13147 және т.б.

● Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін тестілеу енгізілді, оған мыналар кіреді:

– мемлекеттік тілді білу;

– ҚР Конституциясын білу;

– Қазақстанның тарихы мен мәдениетін білу (https://t.me/peruash/13103).

Осындай емтихан енгізу туралы талаппен депутаттық сауалды «Ақ жол» Демпартиясы бұдан бұрын, 2017 жылғы 29 наурызда жолдаған болатын:
https://akzhol.kz/ru/initiated-bills/migrated_4086.

***

Үшінші блок: Нені жасай алмадық

● Шенеуніктер сыбайлас жемқорлықпен күресуге және заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға бағытталған «Ақ жол» фракциясының түзетулерін бұғаттай алды.
Атап айтқанда, 2024–2025 жылдары «Ақ жол» Демпартиясы депутаттарының сотталған жемқорларға ұрлаған миллиардтарын Қазақстанға толық қайтарғанға дейін елден шығуға тыйым салу жөніндегі ұсыныстары екі жыл бойы талқыланды. Бұл түзетулерге Үкіметтің оң қорытындылары алынып, олар жұмыс тобы деңгейінде қабылданғанымен, соңында салалық комитет тарапынан қабылданбай қалды. Талқылауларды қараңыз:

14 қаңтар – https://t.me/peruash/12544

15 қаңтар – https://t.me/peruash/12553

16 қаңтар – https://t.me/peruash/12574 және т.б.

● Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әділ фискалдық саясат аясында «Ақ жол» фракциясы Қаржы министрлігі ұсынған мобильді аударымдарды бақылауға алуға бірнеше рет қарсы шықты.

Атап айтқанда, осы мәселе бойынша «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалы 2025 жылғы 15 қаңтарда жолданды (https://t.me/peruash/12552), сондай-ақ біздің мәлімдемелеріміз 10 ақпанда (https://t.me/peruash/12739), 25 маусымда (https://t.me/peruash/13491; https://t.me/peruash/13492) және т.б. жарияланды.
Белгілі болғандай, резонансты «жұмсарту» үшін Қаржы министрлігі бақылау 1 млн теңгеден бастап енгізілетінін мәлімдеді (мұны «Ақ жол» фракциясы да талап еткен), алайда ай сайынғы айналымның орнына бұл сома 3 айлық кезең бойынша есептелетін болды, яғни айына шамамен 333 мың теңгеден. Осылайша, фискалдық органдар біздің талаптарымыздан жалтарды. Мобильді аударымдарды бақылау, біздің пайымдауымызша, шамадан тыс форматта күшіне енді.

● «Ақ жол» фракциясының «ҚТЖ» тарапынан теміржол тасымалдары нарығын монополияландырудың алдын алу әрекеттері де нәтижесіз қалды (депутаттық сауалдар: 2024 жылғы 20 наурыз – https://t.me/peruash/11088; 2024 жылғы 6 қараша – https://t.me/peruash/12246; 2025 жылғы 5 наурыз – https://t.me/peruash/12857; 2025 жылғы 12 наурыз – https://t.me/peruash/12912).

23 сәуірде «Ақ жол» фракциясы жанар-жағармай нарығын қанықтыру мақсатында Үкіметке шағын мұнай өңдеу зауыттарына қолдау көрсету жөнінде ұсыныспен жүгінді (https://t.me/peruash/13130), алайда мемлекеттік органдар бұл тәсілді қабылдамады.

14 мамырда «Ақ жол» Демпартиясының депутаттары Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметіндегі жеке клиникалардың заңды мүдделерінің бұзылуы туралы депутаттық сауал жолдады (https://t.me/peruash/13221). Мәселенің созылып кетуіне байланысты біз 25 маусымда бұл өтінішті қайта жолдауға мәжбүр болдық (https://t.me/peruash/13485). Мәселе әлі де шешілмей отыр.

● Әлеуметтік әділеттілік қағидатын басшылыққа ала отырып, 26 қыркүйекте «Банктер және банк қызметі туралы» заң бойынша жұмыс тобының отырысында «Ақ жол» фракциясының депутаттары мынадай ұсыныстар енгізді:

– Балалардың білім алуына арналған жинақ салымдары бойынша мемлекеттен бөлінетін сыйақыны ұстап қалмай, керісінше, депозит пайыздарына қосу, әрі бұл пайыздық мөлшерлемені Ұлттық Банктің ресми базалық мөлшерлемесі деңгейінде белгілеу. Осылайша, балалардың білім алуына арналған депозиттер бойынша салымшылардың кірісі жылдық 14% емес, 23,5% болуы тиіс (https://www.instagram.com/reel/DPCYgNigD9m/?igsh=aDhqdm0xdWtwdHNs).

– Банктердегі халық салымдарын кепілдендіру сомасын қазіргі экономикалық жағдайға сәйкес ұлғайту. Қолданыстағы шектер (5 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін) 2022 жылы белгіленген. Ал осы кезеңдегі жинақталған ресми инфляция шамамен 50%-ды құрайды, осыған байланысты халық салымдарын кепілдендіру көлемдері көрсетілген пропорцияда арттырылуы тиіс (https://t.me/peruash/14034).

Өкінішке қарай, бұл түзетулер мемлекеттік органдар тарапынан бұғатталды.

● 1 қазанда «Ақ жол» Демпартиясының депутаттары азаматтардың банк салымдары туралы ақпаратқа мемлекеттік кіріс органдарының банк құпиясы қағидатын және Конституцияда кепілдендірілген салымдар құпиясының қол сұғылмаушылығын бұза отырып қол жеткізуін көздейтін Қаржы министрлігінің бұйрығына қатысты Үкіметке депутаттық сауал жолдады.

Банктер туралы заңға сәйкес, салымдар құпиясы тек сот шешімімен немесе тергеу аясында ғана ашылуы мүмкін. Сонымен қатар, ведомстволық бағынысты нормативтік акт (министрдің бұйрығы) заңнан, тіпті Конституциядан жоғары тұра алмайды.

Осыған байланысты «Ақ жол» фракциясы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды және банк құпиясының қол сұғылмаушылығын қамтамасыз етуді талап етті (https://t.me/peruash/14062).

Үкімет бұл талаптарға бас тартумен жауап берді. Ендігі жерде фракция Конституциялық сотқа жүгінуге мәжбүр болуы ықтимал.

● 8 қазанда «Ақ жол» фракциясы Құрылыс кодексінің жобасына бірінші оқылымда қарсы дауыс берді. Біз келесі қарсылықтарды алға тарттық:

– Ескірген тұрғын үй қорын жүйелі түрде жаңғырту және инфрақұрылымды жаңарту тұжырымдамасының болмауы;

– Құжатта әкімшілендіру мен шамадан тыс бюрократияландыруға айқын ауытқу бар: бірін-бірі қайталайтын жаңа қадағалау мен бақылау нысандары енгізілуде;

– Жеке мәселе – құрылыс нысандары үшін бірыңғай кепілдік мерзімді енгізу. Бұл техникалық регламенттерге, салалық жөндеуаралық мерзімдер жөніндегі ұсынымдарға, сондай-ақ әртүрлі жабдықтар мен материалдар түрлері бойынша жеке-жеке кепілдік мерзімдерін белгілейтін өндірушілердің кепілдіктеріне қайшы келеді және т.б. (https://t.me/peruash/14106).

● 26 қарашада «Ақ жол» фракциясы Құрылыс кодексіне екінші оқылымда да қарсы дауыс берді (https://t.me/peruash/14495). Жұмыс тобы бірінші оқылымнан кейін біздің ескертулерімізді ішінара ескергенімен, «Ақ жол» депутаттары бизнеске жаңа тексеру түрін (т.н. «ерікті» тексерулерді) енгізуге келіспеді. Бұл тексерулер аталған заң жобасы арқылы мемлекеттік органдар тарапынан Кәсіпкерлік кодекске енгізілді. Мұндай айла Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың 8 қыркүйектегі Жолдауына тікелей қайшы келеді, онда Мемлекет басшысы керісінше, барлық кодекстер мен заңдарды Кәсіпкерлік кодекс нормаларына сәйкестігін тексеруді тапсырған болатын.

***

Жұмыс барысында

● «Ақ жол» Демократиялық партиясы көтерген резонансты тақырыптардың бірі – ӘҚБтК-дегі айыппұлдардың құқықбұзушылықтардың нақты ауырлығына сай келмеуі және олардың алдын алу (профилактикалық) мәнін жоғалтуы болды.

Президент Қ.Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында бұл жөнінде: «Маған мемлекеттік органдардың бизнеске қатысты ескерту шараларының орнына әлі де барынша қатаң әкімшілік шешімдер қабылдап жатқаны туралы сигналдар келіп түсуде. Бұған жол берілмейді», – деп атап өтті.

Сонымен қатар, 2024 жылдан бастап әлеуметтік желілерде полицейлерге азаматтардан айыппұл жинау бойынша «жоспар» берілгені туралы бейнежазбалар тарады. Осыған байланысты 15 қаңтарда «Ақ жол» фракциясы Ішкі істер министрлігіне «жоспар бойынша» салынатын айыппұлдар мен бопсалау фактілері жөнінде депутаттық сауал жолдады (https://t.me/peruash/12556), ал 22 қаңтарда біз айыппұл санкцияларын қайта қарау қажеттігі жөніндегі ұстанымымызды растап, «Ақ жол» Демократиялық партиясының тиісті заң жобасын әзірлеуге ниетті екенін мәлімдедік (https://t.me/peruash/12610).

Президенттің тапсырмасын орындау аясында «Ақ жол» Демпартиясының заң қызметі 92 позициядан тұратын, жедел әкімшілік шешімдер (айыппұлдар) орнына ескерту шараларын енгізуді көздейтін заң жобасын әзірледі. Белгіленген рәсімге сәйкес, бұл заң жобасы 2025 жылғы 7 қарашада Үкіметтің қорытындысына жолданды.

● Ұлттық мүдделерді ілгерілету аясында «Ақ жол» Демократиялық партиясы 2022 жылғы 15 маусымнан бастап (жер мен жер қойнауының Қазақстан халқына тиесілі екенін бекіткен Конституциялық референдумнан кейін бірден) ең ірі мұнай-газ жобалары бойынша (Қашаған, Қарашығанақ, Теңіз) өнімді бөлу туралы келісімдердің (ӨБК) шарттарын ашу және қайта қарау мәселесі жөнінде Конституциялық сотқа ондаған депутаттық сауалдар мен өтініштер жолдады (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/a-zhol-dempartiias-kmetten-r-sheteldk-investorlarmen-mnaj-gaz-zhne-metall-resurstarn-ndru-tural-kelsmn-sharttarn-hal-aldnda-ashud-talap-ett).

Алдыңғы жылдары Үкімет бұл талаптарға бас тартумен жауап берген болса, 28 қаңтарда Президент Қ.Тоқаев келісімшарттарды ұзарту кезінде инвесторлармен ӨБК шарттарын қайта қарау және оларды еліміздің пайдасына қарай жақсарту жөнінде келіссөздер жүргізуді тапсырды (https://akzhol.kz/kk/blog/-toaevt-bgng-sjlegen-szne-atst-aperuashevt-pkr).

17 сәуірде инвесторлармен неғұрлым әділ қатынастар орнату аясында Қазақстан Қашаған жобасынан түсетін кірістегі ҚР үлесінің мардымсыздығын негізге ала отырып, Халықаралық арбитражға 160 млрд доллар сомасына талап арыз берді (https://t.me/peruash/13110).

15 шілдеде Премьер-Министр О.Бектенов Қазақстанның ұлттық мүддесі үшін ӨБК-ні қайта жасасу жөніндегі келіссөздердің басталғанын растады және бұл мәселенің өте күрделі екенін атап өтті (https://t.me/peruash/13660).

17 қарашада инвесторлардың ықтимал сыбайлас жемқорлық схемалары мен келісімшарт құнын жасанды түрде өсіру күдігіне байланысты Қазақстан Қашаған бойынша жаңа талап арыз берді (https://t.me/peruash/14403).

Сонымен бірге, 20 қарашада саланың шетелдік кеңесшісі берген сұхбатында олар бұл пікірталасты бақылап отырғанын және «Ақ жол» Демпартиясының ұстанымын кәсіби әрі дәлелді деп бағалайтынын айтты (https://t.me/peruash/14427).

17 желтоқсанда «Ақ жол» фракциясының депутаттары Үкіметке Қазақстанның талап арыздары бойынша Халықаралық арбитраждың барысы туралы сауал жолдап, ӨБК бойынша келіссөздерді жеделдетуді сұрады, сондай-ақ даулардың ұзаққа созылуына байланысты қазақстандық мұнай экспорттаушыларына қойылатын талаптар мен айыппұл санкцияларын теңгемен емес, доллармен белгілеуді ұсынды (https://t.me/peruash/14679).

25 желтоқсанда сот NCOC-қа (Қашаған) 2,3 трлн теңге көлемінде айыппұл салды (https://t.me/peruash/14723). Бұл – шағын болса да, маңызды қадам.

● «Ақ жол» фракциясының депутаттары экономикалық үдерістерді, соның ішінде мемлекеттік органдардың инфляцияға қарсы қабылдап жатқан шараларын тұрақты түрде бақылап отырады.

17 қаңтарда Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемені 15,25% деңгейінде сақтап қалуына байланысты «Ақ жол» Демпартиясының басшылығы бұл шешімді сынға алып, инфляцияның өсуін теңгенің «артықтығымен» емес, ішкі тауар өндірісінің жеткіліксіздігімен және ресейлік рубльдің ағымымен байланыстырды (https://t.me/peruash/12578).

Ұлттық Банктің «Экономикалардың өзара байланысын Ұлттық банк қамтамасыз етпейді… біз ресейлік тауарларды импорттамаймыз және Ресейге экспорттамаймыз – бұл біздің жауапкершілігіміз емес» деген жауабынан кейін, 22 қаңтарда «Ақ жол» фракциясы инфляцияға қарсы іс-қимылды Үкіметтің экономикалық саясатымен үйлестіру қажеттігі туралы Ұлттық Банкке депутаттық сауал жолдады (https://t.me/peruash/12608).

24 қаңтарда Ұлттық Банкке осындай мазмұндағы тапсырманы Президент те берді (https://t.me/peruash/12622).

● Отандық тұтыну тауарларын өндірушілерді қорғау және бюджетке түсетін түсімдердің жеткілікті болуын қамтамасыз ету мақсатында 26 ақпанда «Ақ жол» фракциясы шетелдік маркетплейстер тарапынан жасалатын жосықсыз бәсекелестік пен салықтың төмендетіліп төленуі мәселесі бойынша депутаттық сауал жолдады (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/sal-zhnndeg-pkrtalastar-keznde-biudzhet-pen-otand-biznest-dletsz-importtan-orau-azhet).

26 наурызда Үкімет бұл мәселе жаңа Салық кодексі арқылы шешілетінін хабарлады (https://t.me/peruash/13023).

2 сәуірде «Ақ жол» Демпартиясының депутаттары Үкіметтің жауабын сынға алып, шетелдік маркетплейстерді толыққанды салық салумен қамтуды (алынбаған салық көлемі 36 млрд теңге), сондай-ақ оларды қазақстандық өндірушілермен ынтымақтасуға міндеттеуді талап етіп, қайта депутаттық сауал жолдады (https://t.me/peruash/13031).

● Қазақстандық жүк автотасымалдаушыларының мүдделерінің бұзылуы мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Олар ресейлік және беларусьтік компаниялар тарапынан жосықсыз бәсекеге тап болуда. Бұл халықаралық тасымалдарға рұқсат бланкілерін беру, кедендік өткелдердегі электронды кезек, РФ мен Беларусь аумағымен жүрудің тең емес шарттары және т.б. мәселелерге қатысты.

Нәтижесінде нарық ЕАЭО-ға көршілес елдердің ірі компанияларының қолына өтіп, негізінен шағын және орта бизнестен тұратын отандық кәсіпкерлер ығыстырылып, жұмыссыз қалуда. Сөйтіп, Қазақстанның транзиттік әлеуеті мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистраліне салынған миллиардтаған инвестициялардан қазақстандық тасымалдаушылар ғана емес, кім көрінгеннің барлығы пайда көріп жатыр.

«Ақ жол» фракциясы бұл проблеманы депутаттық сауалдарында тұрақты түрде көтеріп келеді:

2024 жылғы 21 ақпан – https://t.me/peruash/10886

2024 жылғы 20 қараша – https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/a-zhol-halaral-tasmaldaua-arnalan-rsat-blankter-talapaja-tse-bere-me

2024 жылғы 18 желтоқсан – https://t.me/peruash/12331

2025 жылғы 12 наурыз – https://akzhol.kz/kk/blog/azat-peruashevt-kmett-sajlaushlar-mndettemes-bojnsha-zhasalan-deputatt-saualdarmen-zhms-zhnndeg-esebn-tallauda-sjlegen-sz

2025 жылғы 30 сәуір – https://t.me/peruash/13166

2025 жылғы 21 мамыр – https://t.me/peruash/13257

12 қараша – мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен «Ақ жол» Демпартиясының орталық кеңсесінде өткен кездесу – https://t.me/peruash/14375

10 желтоқсан – депутаттық сауал – https://t.me/peruash/14596 және т.б.

Сонымен қатар кедендік өткелдердегі проблемалардың, жол құрылысы сапасының, ауыр жүк самосвалдарының жүрісіне қойылатын шектеулердің және басқа да мәселелердің өзектілігі төмендер емес.

12 қыркүйекте «Ақ жол» Демпартиясынан Парламент депутаттары Абай облысындағы Бақты кеден бекетінде фракцияның көшпелі отырысын өткізіп, өткелдегі проблемалармен және Бақты – Аягөз тас жолының жай-күйімен танысты (https://t.me/peruash/13962).

1 қазанда «Ақ жол» фракциясы Үкіметке шекаралық өткелдердегі проблемалар бойынша депутаттық сауал жолдады (https://t.me/peruash/14066).

● Парламенттік оппозиция туралы заңға сүйене отырып, «Ақ жол» фракциясы Үкіметтің алдына шенеуніктер үшін ыңғайсыз сұрақтарды да қояды. 26 наурызда фракцияның кедендік статистика деректерінің Қытай Халық Республикасымен 14 млрд доллар көлеміндегі алшақтығының себептері және контрабандамен күрес шаралары туралы депутаттық сауалы жария етілді (https://t.me/peruash/13013).

Мемлекеттік органдардың бұл айырмашылықты Қытай тарапының сыртқы сауданы есептеу әдістемесінің ерекшеліктерімен байланыстырып ақталды.

● 4 маусымда «СК-Фармация» қызметіндегі миллиардтаған заңбұзушылықтар туралы Жоғары аудиторлық палатаның есебі қаралған кезде «Ақ жол» фракциясы Үкіметке мынадай ұсыныстар енгізді:

– «СК-Фармацияны» тарату мәселесін қарастыру;

– мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдар үшін адал бәсекені және тең жағдайды қамтамасыз ету;

– алдағы уақытта азаматтар мен бизнес түсініксіз алымдар төлеуге мәжбүр болатын мемлекеттік органдар жанындағы түрлі операторлардан бас тарту.

Сондай-ақ «Ақ жол» Демпартиясының депутаттары ЖАП төрағасы А.Смайыловты:

– анықталған 134 фактінің барлығын (тек 5 жағдайды ғана емес) қылмыстық іс қозғау үшін құқық қорғау органдарына беруге;

– Парламент тарапынан қолдау көрсете отырып, өзге де ведомстволар мен квазимемлекеттік құрылымдардың қызметіне осындай жан-жақты тексерулерді жалғастыруға шақырды (https://t.me/peruash/13378).

● 29 қыркүйекте «Ақ жол» Демпартиясының орталық кеңсесінде отандық тауар өндірушілер тізілімін (ОТӨ) енгізудің әзір еместігі және аталған тізілім толық іске қосылғанға дейін өнеркәсіп кәсіпорындарына өтпелі кезең беру қажеттігі мәселесі бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындармен кеңес өтті (https://t.me/peruash/14053).

1 қазанда «Ақ жол» фракциясының депутаттары Үкіметке тиісті депутаттық сауал жолдап, өтпелі кезеңде бұрын берілген индустриялық сертификаттар мен СТ-KZ сертификаттарының қолданылу мерзімін ұзартуды ұсынды (https://t.me/peruash/14059).

Үкімет біздің көзқарасымызбен келіспей, Тізілімнің техникалық тұрғыдан осы жылдың желтоқсанында дайын болатынына сендірді (https://t.me/peruash/14267).

Алайда зауыттардан түсетін өтініштердің жиілеуіне және желтоқсан айының жартысы өтіп кеткеніне байланысты, 17 желтоқсанда «Ақ жол» фракциясы Үкімет жауабында келтірілген ақпараттың шынайылығына күмән келтіріп, өтпелі кезеңнің қажеттілігі және кәсіпорындарды корпоративтік сатып алулардан шеттетіліп қалу тәуекелінен қорғау жөнінде қайта депутаттық сауал жолдады (https://t.me/peruash/14660).

● 15 қазанда «Ақ жол» Демпартиясында бизнес пен реттеуші органдардың қатысуымен исламдық қаржыландыруды дамыту перспективалары талқыланғаннан кейін «Банктер және банк қызметі туралы» заңға бірқатар бастамалар әзірленіп, жолданды (https://t.me/peruash/14175).

Негізгі ұсыныстар (ұғымдар мен қағидаттар) қабылданды, ал бірқатар мәселелерді осы сектор дамуына қарай пысықтау жөнінде келісімге қол жеткізілді.

● 15 қазанда «Ақ жол» фракциясы әкімдіктердің қоқыс жағатын зауыттар салу үшін аукцион өткізбестен инвесторлардың мүддесін лоббилеуіне жол бермеу туралы депутаттық сауал жариялады (https://t.me/peruash/14184). Бұл салада ашықтық пен бәсекелестік қағидаттары ерекше маңызды, өйткені мұндай зауыттардан өндірілетін электр энергиясының тарифі көмір генерациясымен салыстырғанда әлдеқайда қымбат және ол жергілікті тұтынушылардың мойнына түседі. Жағдайды бақылап, жауапты мемлекеттік органдардың осы мәселені ұмытпауын қадағалаймыз.

● 29 қазанда «Ақ жол» фракциясының депутаттары өскелең ұрпақ үшін заманауи әлем жағдайында жаңа ұлттық құндылықтарды қалыптастыра алатын қаламгерлерді даярлау мақсатында Қазақ әдебиеті институтын құруды ұсынды (https://t.me/peruash/14252). Үкіметтің жауабы формалды болды, пікірталасты жалғастырамыз.

● Сондай-ақ 29 қазанда «Ақ жол» фракциясы депутаттық сауалда жекеменшік мектептер мен балабақшаларды қаржыландыруды қалпына келтіруді талап етті (https://t.me/peruash/14256). Үкіметтің жауабына қанағаттанбадық.

● 19 қарашада «Ақ жол» Демпартиясының депутаттары азаматтарды көшіру және бейімдеу бағдарламаларының тиімсіздігі туралы депутаттық сауал көтерді (https://t.me/peruash/14413).

Мемлекеттік органдардың жауабын формалды деп санаймыз.

● Сол сияқты 19 қарашада «Ақ жол» фракциясы депутаттық сауалда ақылы автотұрақтардың мәселелерін, олардың ашық еместігін және қалалар бюджетіне келтіретін зиянын көтерді (https://t.me/peruash/14419).

Үкіметтің жауабы нанымды емес және автотұрақ схемаларынан нақты кімдердің пайда көріп отырғаны жөнінде одан да көп сұрақ туындайды (https://t.me/peruash/14727).

● 30 қазанда «Ақ жол» Демократиялық партиясы Парламенттік реформа бойынша ұсыныстар топтамасын (54 тармақ) әзірлеуді аяқтап, оларды Мемлекеттік кеңесші Е.Кариннің жетекшілігіндегі жұмыс тобына жолдады (https://t.me/peruash/14259).

● Сонымен қатар 26 қарашада «Ақ жол» Демпартиясының депутаттары Қаржы министрлігінің ЖШС-тердің салық міндеттемелері бойынша құрылтайшыларға субсидиарлық жауапкершілік енгізу туралы бұйрығына қарсы депутаттық сауал жолдады. Мұндай тәсіл «шектеулі жауапкершілік» институтының өзіне қайшы келеді және кәсіпкерлікті жаппай әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде әлсірету қаупін тудырады. Бұдан бөлек, бұйрықтағы норма Азаматтық кодекске де, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заңға да қайшы (https://t.me/peruash/14504).

Шенеуніктер мен банкроттық басқарушылар тарапынан теріске шығарулар көбейгеннен кейін, 2 желтоқсанда партия басшылығы өз ұстанымын дәлелдеп бейнеүндеу жариялады (https://t.me/peruash/14550).

Қаржы бірінші вице-министрі Е.Биржанов даулы деп есептеген норманы бірлесіп пысықтауды ұсынғандықтан, 5 желтоқсанда «Ақ жол» Демпартиясы өзінің редакциясын ресми түрде жолдады (https://t.me/peruash/14564).

Қазіргі уақытта жағдай жұмыс барысында.

● Сонымен қатар, 26 қарашада «Ақ жол» фракциясы аудит нарығындағы бәсекені жасанды түрде шектеу мәселесі бойынша депутаттық сауал жолдады. Қаржы министрлігінің №687 бұйрығы аудиторлық қызметтер саласындағы мемлекеттік сатып алуларға тек KASE қор биржасының қатысушысы болып табылатын компанияларды ғана жіберуге мүмкіндік береді, ал биржаның өзі мұндай талаппен келіспейді. Нәтижесінде нарықтағы 500-ге жуық әлеуетті субъектінің ішінен мемлекеттік сатып алуларға небәрі 27 компания ғана қатыса алады және олардың барлығы Алматы қаласында орналасқан.

Фракция аталған норманы қайта қарау мәселесін көтеріп отыр (https://t.me/peruash/14509).

● 10 желтоқсанда «Ақ жол» Демпартиясының депутаттары Үкіметке жұмыс күші тапшы салаларда еңбек мигранттарын тартуға арналған квоталарды ұлғайтуды, сондай-ақ еңбек мигранттарын тартуға салынатын салықты арттыруды ұсынды. Бұл ұсыныс бірқатар салалардағы (ең алдымен құрылыс, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету саласы) нақты жағдайды бағалауға негізделген. Бұл салаларда мигранттарды тарту қандай жағдайда да орын алуда, ал одан жемқор шенеуніктер мен көлеңкелі экономика ұтып отыр. Кәсіпкерлер бұл үдерісті заңдастырып, төлемдерді мемлекеттік бюджетке бағыттауды ұсынады (https://t.me/peruash/14591).

● 12 желтоқсанда «Ақ жол» Демпартиясының орталық кеңсесінде салық органдарының тапсырыспен мал союға қатысты талаптары жөнінде ет комбинаттарының басшыларымен кездесу өтті. Анықталғандай, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеушілерге арналған ҚҚС бойынша 70% жеңілдік қызмет түрлеріне қолданылмайды. Ал фермерлер мен қарапайым ауыл тұрғындары малды тек арнайы жабдықталған сою қасапханаларда ғана союға міндетті, мұндай қасапханалар өте аз. Сондықтан олар малды жақын маңдағы ет комбинаттарына апарып, сою қызметі үшін ақы төлейді. ҚҚС-тың жеңілдетілген мөлшерлемесін қолданудан бас тарту қызмет құнының, сәйкесінше ет бағасының өсуіне әкеледі. Бұл мәселенің ауқымы мен экономикасын Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп талқылайтын боламыз (https://t.me/peruash/14606).

● 17 желтоқсанда «Ақ жол» фракциясы бұрынғы «Азия-авто» автожинау кәсіпорнының ауқымды өндірістік базасын экономикалық айналымға қайта енгізу және оны жаңа индустриялық жобалар үшін пайдалану мәселесі бойынша депутаттық сауал жолдады (https://t.me/peruash/14667).

● Сондай-ақ 17 желтоқсанда «Ақ жол» фракциясының депутаттары өз сауалында ең жоғары рұқсат етілген баға белгіленетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) тізімін кеңейтуді сынға алды. ШОБ өкілдерінің пікірінше, көтерме бағалар шектелмейінше, бөлшек сауданы реттеу пайдасыз. Мұндай жағдайда бөлшек сауда (әсіресе «үй жанындағы дүкендер») тиімсіз болып қалады, себебі олардың ассортиментінде күнделікті сұраныстағы дәл сол тауарлар бар, ал жалдау ақысы, коммуналдық тарифтер, бухгалтерлік қызметтер, тауар жеткізу шығындары үнемі өсіп келеді.

Осыған байланысты «Ақ жол» фракциясы нарықтық тетіктерді ұсынады: бағаны баршаға ұстап тұруға тырысқаннан гөрі, табысы төмен, нақты мұқтаж азаматтарды атаулы түрде субсидиялау. Немесе «үй жанындағы дүкендерді» тұрақтандыру қорларынан қолайлы бағамен тауар қорларымен қамтамасыз ету (https://t.me/peruash/14675).

Міне, «Ақ жол» Демократиялық партиясы мен оның Республика Парламентіндегі фракциясы үшін 2025 жыл осылай өтті, бұл тек көзге көрінетін, орталықтағы жағдай. Мақтануға да тұрарлық жайттар бар, өкініш білдіретін тұстар да бар, алдағы уақытта жұмыс істейтін бағыттар да жеткілікті. Барша қазақстандықтарға және жақтастарымызға жаңа 2026 жылда мықты денсаулық, табандылық пен толағай табыс тілеймін.