VІ. Саяси партия мен оның құрылымдық бөлімшелерін құру тәртібі.

26. Партия Қазақстан Республикасының заңнамаларында қаралған тәртіппен құрылады, тіркеледі (қайта тіркеледі), қайта құрылады және таратылады.


27. Партия өз қызметін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында атқарады. Партияның құрылымдық бөлімшелері (филиалдар, өкілдіктер) Партия съезінде шешім қабылдау арқылы

Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіппен және Партияны мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін, заңнамаларда белгіленген мерзімде есептік тіркеуге тұрған соң құрылады.

Құрылымдық бөлімшелер (филиалдар, өкілдіктер) өз қызметін есепті тіркеу орыны бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде жүзеге асырады.