15. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес саяси партияларға мүше болуға тыйым салынған тұлғаларды қоспағанда, он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы Партия мүшесі бола алады.
16. Партияға шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың мүше болуына, сондай-ақ ұжымдық мүшелікке жол берілмейді.
17. Партияға мүше болу еріктілік, жекелік және тіркелген негізде жүргізіледі.
18. Партияға мүшелікке қабылдау
партияға кіруші адамның:
1) бастауыш Партия ұйымы арқылы
Партияның тиісті филиалының Кеңесіне немесе Партия өкілдігіне;
2) тікелей Партияның тиісті
филиалының Кеңесіне немесе өкілдігіне ;
3) Партияның Саяси кеңесі Президиумына.
19. Партия мүшелігіне қабылдау
туралы шешім қабылданады:
1) бастапқы партия ұйымы арқылы
Партия филиалының (өкілдігінің) Кеңесіне берілген өтініштер бойынша – филиал
(өкілдіктің) Кеңесімен;
2) Партияның Орталық органдарына берілген өтініштер бойынша – Партияның Саяси кеңесі немесе Партияның Саяси кеңесі Президиумымен.
20. Партия мүшелерінің есебі
Партия филиалының (өкілдігінің) Кеңесі немесе Партияның Саяси кеңесі
Президиумымен Партия филиалының (өкілдігінің) Кеңесіне немесе Партияның Саяси кеңесі
Президиумына берілген өтініштерді тіркеу, кейіннен Партия мүшелерінің деректер
базасын қалыптастыру және жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Партия мүшелерінің деректер базасын, сондай-ақ, Партияға мүшелікті
куәландыратын құжаттарды әзірлеу және жүргізу Партияның Саяси кеңесі Президиумы
бекітетін Партия мүшелерінің деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және
Партияға мүшелікті куәландыратын құжаттарды беру туралы Ережеге сәйкес жүзеге
асырылады.
21. Партия мүшелері мүшелік жарналарды ерікті негізде төлейді. Партия мүшесі оның құрамынан шыққан кезде оның партиядағы мүшелігі тоқтатылғанға дейін жасаған жарналары қайтарылмайды.
22. Партия мүшелігі мынадай
жағдайларда тоқтатылады:
1) Партия мүшесінің өз ұсынысы
бойынша – бастапқы партия ұйымдары арқылы Партия филиалының (өкілдігінің)
Кеңесіне немесе тікелей Партия филиалының (өкілдігінің) Кеңесіне, не Партияның
Саяси кеңесі Президиумына беру арқылы Партия мүшелігінен шығу туралы мүшенің
жазбаша өтініші негізінде және Партия филиалының (өкілдігінің) Кеңесі немесе
Партияның Саяси кеңесі Президиумының Партия қатарынан шығару туралы шығарылған
шешімі бойынша;
2) бастапқы партия ұйымының, Партия филиалының (өкілдігінің) ұсынысы
бойынша – Партияның бағдарламалық құжаттары мен Жарғысы талаптарын орындамағаны,
Партияның беделіне нұқсан келтіретін немесе оған зиян келтіретін әрекеттер
жасағаны, сондай-ақ, Партия мүшесінің қайтыс болуына немесе оның басқа саяси
партияға мүше болуына байланысты Партия филиалы (өкілдігінің) Кеңесінің,
Партияның Саяси кеңесі Президиумының, Партия филиалы (өкілдігінің)
конференциясының немесе Партияның Саяси кеңесінің Партия мүшелігінен шығару
туралы шешімі негізінде.
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қарастырылған өзге де жағдайларда.
23. Партия қатарынан шығару
туралы шешім, егер Партия мүшесінің жеке ісін қараған Партия филиалының
(өкілдігінің) Кеңесі немесе конференциясы отырысында оған қатысқан филиалдың
(өкілдіктің) Кеңесі мүшелерінің немесе конференциясы делегаттарының кемінде 2/3
шығару туралы дауыс берсе, немесе Партия мүшесінің жеке ісін қараған Партияның
Саяси кеңесі Президиумының немесе Партияның Саяси кеңесінің отырысында оған
қатысқан Партия Саяси кеңесінің Президиумы мүшелерінің немесе Партия Саяси
кеңесі мүшелерінің кемінде 2/3 шығару туралы дауыс берсе, заңды болып
есептеледі.
Партия мүшелігінен шығару туралы шешімге бір ай ішінде Партияның Саяси
кеңесі Президиумына немесе Партияның Саяси кеңесіне шағым жасалына алады.
23.1. Партия мүшелігінің
тоқтатылуы Партия атынан сайланған Құрылтай, мәслихаттар депутатының, сондай-ақ
мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы өзге
де сайланбалы лауазымдарды атқаратын тұлғаның өкілеттіктерінің тоқтатылуына
әкеп соғады.
24. Партия мүшесінің құқықтары:
- Партияның басқару және
бақылау-тексеру органдарын сайлау және оларға сайлану;
- Партияның сайланбалы
органдарының жұмысына қатысу және олардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар
жасау;
- Партия қызметі және оның
басқару органы туралы мәліметтер алу;
- барлық деңгейдегі сайланбалы
органдарға Партияның атынан кандидат ретінде ұсынылу;
- Партия жұмысына қатысу жолдарын
өзі таңдау;
- Партиядан шығу мәселесін өзі
шешу;
- Партия қатарына алу және одан
шығу жайлы өтінішін қарайтын Партияның тиісті филиалының Кеңесіне немесе
өкілдігінің мәжілісіне қатысу;
- Партияның бүкіл бағдарламалары
мен акцияларына қатысу;
- Партия қызметіне материалдық қолдау көрсету.
25. Партия мүшесінің міндеттері:
- Партияның Жарғысы мен
Бағдарламасында, басқа да бағдарламалық құжаттарындағы мақсаттар мен
міндеттеріне ортақтасу;
- Партияның қызметіне жеке
басының қатысуы;
- Партия мүшелігін басқа
партияларға да мүше болумен ұштастырмау;
- Партияның Жарғысы мен
бағдарламалық құжаттарын бұзбау;
- Партиялық тәртіпті бұзбай
ұстану;
- Партияның бағдарламалық
мақсаттарын түсіндіру және оларды қорғау;
- Партия органдарының шешімдерін
орындау;
- Партияның жарғылық мақсаттары
мен міндеттерін орындауға қол жеткізуіне септігін тигізу және ықпал ету;
- Партия қатарына жаңа мүшелер
тарту жөнінде жұмыс жүргізу;
- Партияның абыройы мен қызметіне нұқсан келтіруі мүмкін іс-әрекеттерге бармау.
25.1. Партия мүшесіне партиялық
іс-шараларда шешуші дауыс беру құқығы партияға мүшеліктің бірінші жылы өткеннен
кейін беріледі.
Партияның жаңа мүшесі кеңесші
дауыс беру құқығымен бір жылдық сынақ мерзіммен қабылданады.