№1 қосымша

«Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы»

Қоғамдық бірлестігінің Жарғысына

№1 қосымша

«Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы»

Қоғамдық бірлестігінің символикасы туралы

ЕРЕЖЕ

1. Осы Ереже «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі Жарғысының ажырамас бөлігі болып табылады және Партия Жарғысының ережелеріне негізделеді. Осы Ережеде қолданылған сөздермен терминдер Партия Жарғысындағы мағынаға сәйкес келеді. 

2. «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің (бұдан әрі – Партия) өз эмблемасы мен туы бар.

2.1. Партияның эмблемасында Партияның атауы ірі әріптермен  «AQ JOL» сөздерімен жазылған, «AQ» сөзі – ақ, «JOL» сөзі – көк түсте. «AQ JOL» сөздерінен төмен, көк түсте «Democratialyq Partiasy» сөздері орналасқан. Бастапқы «А» әріпінің алдыңғы жағына тұлпардың басы және мойны бейнеленген. Бас пен мойынның түсі көк. 

2.2. Партияның туы жоғарғы және төменгі жағы көк жолақты, ортасындағы ақ жолақта оң жақтан сол жаққа тұла бойы шауып бара жатқан тұлпар бейнеленген матадан тұрады. Тұлпардың денесі бойында ақ түсті «AQ JOL» сөздері жазылған.

Тудың пішіні тіктөртбұрышты, ені мен ұзындығының қатынасы – 1:2. Көк түстегі жолақтар тудың жалпы енінің 1/10 бөлігін, ортаңғы ақ бөлігі тудың жалпы енінің 4/5 бөлігін құрайды.

Ақ және көк түстердің үйлесімі, Партияның «Ақ жол» деген атауының мейірімді, жарқын жолының мәнін ашады. Ақ түс, тазалықты, таңдалған жолдың ашықтығын, көк түс ізгілікті, адалдықты, мақсаттармен ой армандардың игіліктілігін білдіреді.

Белгіленген сәйкестіктерді сақтай отырып, ту мен эмблеманы үлкен және шағын өлшемде жасай беруге болады.

3. Партияның символикасы (ту, эмблема) мынадай мақсаттар мен жағдайларда пайдаланылады:

- партия өткізетін немесе партия атынан өкілдік ететін делегация қатысатын ресми және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де іс-шаралар кезінде өкілдік мақсатта;

- Партияның кеңселерінде, сондай-ақ құрылыс объектілерінде, ұйымдары мен кәсіпорындарында;

- Партияның фирмалық бланктерінде және өнімдерінде.

Партияның символикасы спортшылардың, жаттықтырушылардың және спорттық делегациялардың киімдерінде пайдаланылуы мүмкін. Мұндай мақсаттарға пайдаланғанда ту мен эмблема бейнесі осы Ережеде белгіленген сәйкестеме қатынастар және үйлесімде рең-бояулар сақтала отырып, қажетті өлшемде (киім дизайны талаптарына сай) жасалуы мүмкін.

4. Қазақстанның заңнамаларына сәйкес, Партияның символикасы дизайнерлік және сыйлық бұйымдар жасау мақсатына да пайдаланылуы мүмкін.

5. Партияның символикасы тек Партияның органдарының тапсырмасы (тапсырысы) бойынша ғана жасалады.