59. Партия мен оның құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдарының, өкілдіктерінің) қызметі ерікті түрде қайта құру немесе тарату жолымен, сондай-ақ өзге де заңды негіздермен тоқтатылуы мүмкін.
60. Партия мен оның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары, өкілдіктері) мынадай жағдайларда таратылуы мүмкін:
- жоғары басшы органның шешімімен;
- аймақтардың жартысынан көбінен өкілдік алған, барлық партия мүшелерінің елу бір проценттен астамының ұсынысы бойынша;
- соттың шешімімен.
61. Партия мен оның құрылымдық бөлімшелерін (филиалдарын, өкілдіктерін) таратуды Партияның жоғары басшы органы немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қаралған тәртіппен сот тағайындаған тарату комиссиясы жүзеге асырады.
62. Партия мен оның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары, өкілдіктері) мынадай жағдайларда соттың шешімімен таратылуы мүмкін:
- заңнамалық актілерде қаралған талаптарды орындамаған жағдайда;
- Партия қызметін уақытша тоқтата тұруға негіз болған заң бұзушылықтарды сот белгілеген мерзімде жоймаса;
- Партияның Жарғысына қайшы келетін қызметпен жүйелі айналысқан жағдайда;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері тыйым салған қызметпен айналысқанда, не Қазақстан Республикасының заңнамаларын бірнеше мәрте (кем дегенде екі рет) немесе өрескел бұзған жағдайда;
- Партияны мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін тапсырылған құжаттарда дәйектемесіз мәліметтер анықталып, Партияның мемлекеттік тіркеуден өткендігі заңсыз деп танылғанда немесе Партияны мемлекеттік тіркеудің күші жойылғанда;
- Партия Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына қатарынан екі рет қатыспағанда;
- шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтар, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар қаржыландырғанда;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қаралған өзге де жағдайларда.
63. Партияның мемлекетпен, басқа да заңды және жеке тұлғалармен есептесіп болғаннан кейінгі Партияның және оның құрылымдық бөлімшелерінің мүлкі мен қаржысы оған қатысушыларға немесе қызметкерлерге бөлініп берілмейді, сондай-ақ мемлекеттік, не коммерциялық мекемелердің табысына айналдырылмайды, ол заң актілерінде қаралған жағдайлардан басқа ретте, тарату комиссиясының шешіміне сай, Партияның жарғылық мақсаттарын іске асыруға жіберіледі.
64. Заңды тұлғаларды біртұтас мемлекеттік тіркеу регистріне Партияның таратылғаны жөнінде жазылған сәттен бастап тарату аяқталған, ал Партия өз қызметін тоқтатқан болып есептеледі.
«Ақ жол» ҚДП Төрағасы А. Перуашев