45. Партияның қаржысы мыналардан құралады:
1) кіру және мүшелік жарналардан;
2) Республикасы азаматтары мен мемлекеттік емес ұйымдардың заңдық тәртіппен белгіленіп, жүзеге асырылатын демеушілік және қайырымдылық көмектерінен;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен рұқсат етілген бюджеттік түсімдерден;
3) кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстардан.
46. Партияның жеке меншігінде Партияның Жарғысы мен Бағдарламасында қарастырылған қызметін материалдық қамтамасыз ету үшін қажетті объектілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған объектілерден басқа өз қаржысына құрылатын ұйымдар болады.
47. Партияның мүліктерінің, соның ішінде құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдарының, өкілдіктерінің) мүліктерінің меншік иесі тұтастай алғанда Партия болып табылады. Партияның бірде-бір органы немесе құрылымдық бөлімшесі Партияның мүліктері немесе қаржысынан бөлек оқшау мүліктерге немесе қаржыларға ие бола алмайды.
48. Партия мүшелері төлеген мүшелік жарналарын қоса алғанда, партия мүлкіне қатысты құқықтарға иелігі жоқ.
49. Партияның мүліктері тек Партияның Жарғысы мен Бағдарламасында қарастырылған мақсаттарды жүзеге асыру және міндеттерді шешу үшін пайдаланылады.
50. Партияның ақшалары Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес тіркелген банктердің есепшоттарына салынады.
51. Партия өзінің қаржысын қайырымдылық мақсаттарға жұмсай алады.